| Жұмыр бозтүк | ||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||||
| Anaphalis racemifera Franch., 1883 |
Жұмыр бозтүк (лат. Anaphalis racemifera) – астралылар тұқымдасы, бозтүк туысына жататын шала бұта. Қазақстанда Батыс Тянь-Шаньның Қаратау, Қырғыз Алатауыныңтастақты беткейлерінде кездеседі. Биікт. 30 – 60 см, сыртын ақ киіз түкті немесе тықыр, қос үйлі өсімдік жапқан. Сабақтары көп. Жапырақтары ұзынша, отырыңқы, ұзындығы 4,5 см, ені 4 мм-дей. Гүлдері қос жынысты, аналық гүлдері өте көп, жіңішке түтік тәрізді күлтелі; аталық гүлдері қоңырау түтікше тәрізді күлтелі болады. Олар себет гүлшоғырына топталған. Гүлсебеттері сабағының ұшында жетіледі. Тұқымынан сирек вегетативті жолмен де көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Тұқымы ұзынша, тықыр, бұдырмақ қылтанды айдаршасы бар. Жұмыр бозтүк өте сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
- Күрделігүлділер
- Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер