| Зохран Мамдани Zohran Mamdani | ||||
Мамдани, 2025 жыл | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 1 қаңтар 2026 жылдан бастап | ||||
| Ізашары | Эрик Адамс | |||
| ||||
| 1 қаңтар 2021 жылдан бастап | ||||
| Ізашары | Аравелла Симотас | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | Демократиялық партия | |||
| Білімі | Боудин-колледж | |||
| Азаматтығы |
| |||
| Дүниеге келуі | 18 қазан 1991 (34 жас) Кампала, Уганда | |||
| Әкесі | Махмұд Мамдани | |||
| Анасы | Мира Наир | |||
| Жұбайы | Рама Дуваджи (үйл. 2025) | |||
| Сайты | zohranfornyc.com | |||
| Қолтаңбасы | ![]() | |||
| Зохран Мамдани Ортаққорда | ||||
| өңдеу | ||||
Зохран Кваме Мамдани (18 қазан 1991 жыл, Кампала, Уганда) — америкалық саясаткер, 2026 жылғы қаңтардан бергі Нью-Йорк мэрі. Мамдани — Нью-Йорктің тұңғыш мұсылман, тұңғыш миллениал, тұңғыш оңтүстік азиялық мэрі.
Демократиялық партия мен Демократиялық социалистер мүшесі ретінде ол 2021 жылдан бері Нью-Йорк штаты ассамблеясында депутат қызметін атқарған болатын. Ол ассамблеяда қаланың 36-округінің, яғни Куинстегі Астория көршілестігінің өкілі болды. 2025 жылы ол Нью-Йорк мэрлігіне Демократиялық партияның үміткері болды да, 5 қарашада жеңіске жетті.
Мамдани Кампала, Угандада туған. Әкесі-шешесі — академик Махмұд Мамдани мен кинематограф Мира Наир. Жанұясы Мамдани бес жаста болғанда Оңтүстік Африка Республикасына көшсе, екі жылдан кейін Америка Құрама Штаттарында тұратын болды. Мамдани Бронкста бакалавриатын алды да, 2014 жылы Боудин-колледжден африкатанушы атанды.
Мамдани баспана мәселелері жөніндегі кеңесші мен хип-хоп музыкант болып жүріп, сайлауалды науқандарда кеңесші болып жұмыс істеді. 2020 жылы ол Нью-Йорк штаты ассамблеясының депутаты атанды. 2022 және 2024 жылдары ол еш бақталастықсыз сол қызметіне қайта сайланды.
2024 жылғы қазанда өзін 2025 жылы Нью-Йорк мэрлігіне үміткерлігін ұсынатынын жария қылды. Мамданинің сайлауалды науқаны байлық теңсіздігіне, жоғары бағаға көп назар аударады. Демократиялық партия праймеризіндегі жеңісінен кейін ол Эндрю Куомоға қарсы бәсекелесті де, соңында 5 қарашада Нью-Йорктің келесі мэрі болып ресми түрде сайланды.
Өмірінің ертерек кездері
Мамдани 1991 жылғы 18 қазанда Кампала, Угандада туған. Ол — академик Махмұд Мамдани мен кинематограф Мира Наирдің жалғыз баласы. Оның екінші есімі, Кваме, Гананың тұңғыш президенті Кваме Нкруманың құрметіне берілген болатын. Мамдани әке-шешесінің екеуінің де шығу тегі — үндістандықтар. Анасы — пенджабтық индуист, әкесі — Мумбаида туып, Угандада тәрбиеленген гуджараттық мұсылман. Өз ата-әжесі қазіргі Танзанияда туған үндістандық диаспора болды, нағашы әжесі әлеуметтік жұмыспен айналысты.
Мамдани бес жасына дейін Уганданың Кампала қаласында тұрды да, отбасымен бірге Оңтүстік Африкадағы Кейптаунға көшіп келді. Әкесі Кейптаун университетінде африкатану оқытушысы болды, ал Мамдани жергілікті мектепте білім алды. Кейін Мамданилер отбасы Америка Құрама Штаттарына көшті де, Мамдани жеті жаста болғанда Нью-Йорк қаласында орналасты. Тәрбиеленуін «артықшылықты» деді, «ешнәрсені аңсамай өстім, бірақ сонда да әр нью-йорктіктің бұндайды көре бермейтінін білгенмін» деген.
2010 жылы Мамдани Бронкс ғылым жоғарғы мектебін бітірді. Ол сол колледждің тұңғыш крикет командасын құрған, тағы футбол ойнайтын. Мамдани кейін Брансуик қаласы, Мэн штатындағы Боудин-колледжде оқитын болды, сол жерде колледждің тұңғыш «Палестинадағы әділет үшін студенттер» тобының тең құрылтайшысы атанды. 2014 жылы ол осы оқуын бітіріп, африкатанудан бакалавр атанды.
Саясатқа дейін Мамдани баспана мәселелері жөнінде кеңесші болды. Осы кездері ол Куинстен эвикцияланған ауқатсыз мигрант тұрғындарға да көмек беретін.
Музыка
Мамдани — рэп әндерін жасап көрген хип-хоп жанкүйері. «Young Cardamom» лақап атымен жүрген ол угандалық рэпер HAP-пен бірге луганда тілді рэп әндерін де жазып көрген.
2019 жылы «Mr. Cardamom» лақап аты бар Мамдани нағашы әжесіне арнаған «Nani» синглын жариялады.
Ерте саяси әрекеттері
Мамдани Нью-Йорк саясатындағы мансабын Әли Нәжмидің 2015 жылғы сайлауалды кампаниясының кеңесшісі ретінде бастады. Нәжми Нью-Йорк қалалық ассамблеясына 23-округтен сайланбақ болатын. 2017 жылы Мамдани Америка демократиялық социалистері (АДС) Нью-Йорк филиалына қосылып, депутаттыққа үміткер, палестиналық социал-демократ Қадыр әл-Ятим сайлауалды кампаниясына көмектесетін болды. 2018 ол, оған қоса, Росс Баркан кампаниясында да жұмыс істеді.
Нью-Йорк штатының ассамблеясы (2020–2026)

2019 жылғы қазанда Мамдани Нью-Йорк штатының ассамблеясында Нью-Йорктің 36-округінің өкілі болуға ниетін жария қылды. Округқа Куинстегі Астория мен Лонг-Айленд-Сити кіреді. Оны АДС қолдады. Мамдани кампаниясы баспана, полиция мен түрме реформасын, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің мемлекеттік меншік болғанын мақсат қылды. Мамданидің қызметтегі депутат Аравелла Симотасқа қарсы праймериздегі жеңісін жариялауға бір ай кеткен болатын. Жалпы сайлауда Мамдани республикашылдардан еш бәсеке көрмеді де, ақыр-аяғында қиындықсыз депутат болып сайланды.
Нью-Йорк мэрі (2026–)
Мамданидің мэрлік қызметі 2026 жылғы 1 қаңтарда, қаланың қараусыз қалған метро стансасында ант беруімен басталды. Мамдани Құранға ант берген болатын. 1 қаңтарда түстен кейін мэрдің көпшілік алдындағы инаугурациясы өтті; Мамдани Берни Сандерс көмегімен тағы бір ант берді. Инаугурацияда сөйлеушілер мен өнерпаздардың арасында Сандерс, Алексадрия Окасио-Кортес, Хавьер Муньос, Люси Дакус және Мэнди Патинкин болды.
Мамданидің мэр ретіндегі алғашқы әрекеті оның ізашары Эрик Адамстың парақорлық айыптары бойынша айыпталғаннан кейін берген барлық атқарушы бұйрықтарының күшін жою болды.
Өз өмірі
Мамдани — Уганда мен Америка Құрама Штаттарының қос азаматы; екінші елде ол 2018 жылы натурализацияланды. Ол — шиит мұсылман.
Ескертпелер
- 18 қазанда туғандар
- 1991 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Кампалада туғандар
- АҚШ саясаткерлері
- Уганда тұлғалары
- Нью-Йорк мэрлері