Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Келді Мұхаммед, Сұлтан Мұхаммед (шағат.: كيلدي محمد‎; 1480–1532) — Бұхара хандығындағы өзбек Шайбанилер әулетінен шыққан Ташкент иелігінің үлестік билеушісі.

Келді Мұхаммед

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Келді Мұхаммед
шағат.: كيلدي محمد‎
Лауазымы
Ту
Ту
Ташкент уәлаятының сұлтаны
1525 — 1532
Ізашары Сүйінішқожа хан
Ізбасары Наурыз Ахмет хан
Ту
Ту
Бенакент уәлаятының сұлтаны
1517 — 1525
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 1480 (1480)
Қайтыс болуы 1532 (1532)
Ташкент, Бұхара хандығы
Әкесі Сүйінішқожа хан

Келді Мұхаммед, Сұлтан Мұхаммед (шағат.: كيلدي محمد‎; 1480–1532) — Бұхара хандығындағы өзбек Шайбанилер әулетінен шыққан Ташкент иелігінің үлестік билеушісі.

Өмірбаяны

​Келді Мұхаммед — Сүйінішқожа ханның ұлы, Мырза Ұлықбектің қызы Рәбия сұлтан бегім мен Әбілқайыр ханның немересі.

Саясаты

​Бастапқыда Келді Мұхаммед өзінің немере ағасы Шайбани ханның Мәуереннахр мен Хорасанға жасаған жорықтарына қатысушылардың қатарында болды. 1517 жылы Шахрухия билеушісі болып тағайындалды.

Сүйінішқожа хан қайтыс болғаннан кейін ол Шайбанилердің Ташкент иелігінің билеушісі болды. 1520-жылдары Келді Мұхаммед Түркістан қаласының түбінде қазақ ханы Тахир ханның әскерін талқандады. Нәтижесінде Сырдария бойындағы елді мекендердің бір бөлігі Ташкент иелігіне өтті.

Мәдениет саласындағы саясаты

​Келді Мұхаммед ағартушы билеуші болған. Оның ордасында әйгілі ақын Уасифи тұрған. Оның билігі кезінде Ташкентте медреселер, мешіттер мен кесенелер секілді сәулетті ғимараттар бой көтерді. Келді Мұхаммедтің бұйрығымен Абдулла Насруллахи ескі өзбек тілінде «Зубдат әл-асар» атты тарихи еңбегін жазды.

Қайтыс болуы

​Келді Мұхаммед 1532 жылы Ташкентте дүниеден өтті.

​Одан кейін Ташкент үлесіндегі билік оның інісі Наурыз Ахмет ханға көшті.

Әдебиет

  • История Узбекистана. Т.3. Т.,1993.
  • История Узбекистана в источниках. Составитель Б.В. Лунин. Ташкент, 1990
Жоғары