| Шошқалы | |
![]() | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 311,9 м |
| Өлшемі | 6,9 × 4,1 км |
| Ауданы | 22,08 км² |
| Тереңдігі | 2,2 м |
| Орташа тереңдігі | 1,5 м |
| Су алабы | |
| Суды жинау ауданы | 352 км² |
| Орналасуы | |
| 52°23′03″ с. е. 70°51′10″ ш. б. / 52.38417° с. е. 70.85278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°23′03″ с. е. 70°51′10″ ш. б. / 52.38417° с. е. 70.85278° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақмола облысы |
| Аудандар | Ақкөл ауданы, Біржан сал ауданы |
| Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). | |
Шошқалы – Ақмола облысының Ақкөл, Біржан сал аудандары аумағындағы ағынсыз көл. Баймырза ауылынан оңтүстік-шығыста 6 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 311,9 м.
Гидрографикасы
Ауданы 22,08 км2, ұзындығы 6,9 км, енді жері 4,1 км, орта тереңдігі 1,5 м, ең терең жері 2,2 м, су жиналатын алабы 352,0 км2. Түбі жайпақ, лайлы, қалыңдығы 0,6 – 0,8 м. Жағасы солтүстік, солтүстік-батыс бөліктерінде жатық, қалған бөліктері тік жарлы, биіктігі 4,5 – 8 м. Көктемде тасып, жазда сабасына түседі, қыста түбіне дейін қатады. Суының минералдылығы көктемде 800 – 1000 мг/л-ден, жазда 1,5 – 2,0 г/л-ге, қыста қатпаған кезде 3 – 5 г/л-ге дейін өзгереді.
Жер бедері
Алабы белесті жазық, батыс, оңтүстік-батысында ұсақ төбелі. Орталық бөлігі өсімдіктерден таза, ені 0,2 – 0,5 км жағалаулық бөлігін қамыс жайлаған. Суын шаруашылықта пайдаланады.
- Алфавит бойынша көлдер
- Ақкөл ауданы көлдері
- Біржан сал ауданы көлдері

