Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Лаки (Пантелей) Константинович Кесоглу (22 шілде 1939, Батуми, Грузин КСР) - кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор. Қазақ КСРнің

Лаки Кесоглу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Лаки Константинович Кесоглу
Туған күні

22 шілде 1939 (1939-07-22)(87 жас)

Туған жері

ГрузияГрузин КСР
Батуми

Белсенділік жылдары

1964 жылдан бастап

Мемлекет

 КСРО
 Қазақстан

Мамандықтары

әнші
музыка педагогы, профессор

Дауыс түрі

баритон

Аспаптары

Фортепиано

Жанрлары

поп-музыка, эстрада

Ұжымдары

Эстрадалық-симфония оркестрі
Гүлдер ансамбльі

Марапаттары

Лаки (Пантелей) Константинович Кесоглу (22 шілде 1939, Батуми, Грузин КСР) - кеңестік және қазақстандық эстрада әншісі, музыка педагогы, профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1989). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2014). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Достық және Құрмет ордендерінің иегері.

Толығырақ

  • Лаки Константинович 1939 жылы 22 шілдеде Грузин КСР Батумиде дүниеге келген.
  • туылған кездегі есімі Пантелей. Ұлты - Грек.
  • 1958 - 1962 жылдары Шымкент музыкалық училищесін үздік бітірген.
  • 1962 - 1967 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
  • 1964 - 1972 жылдары Қазақ теледидары мен радиосының эстрадалық-симфониялық оркестрінің штаттағы солисті.
  • 1972 жылы бірінші рет Одақтар Үйінің Колонналы залында өнер көрсетті (Мәскеу қ.).
  • Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжінің құрметті профессоры.
  • 2000 жылдан Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.

Шығармашылығы

  • Оның репертуарында келесідей танымал әндер бар: «Өтінемін, айтшы маған», «Сәттілік тілеймін», «Трики-трики», «Бүгінгі түн», «Ұлым менің», «Музыка сабағы», «Жылама, Мария», «Өтінемін, кет», «Мені сүй», «Барлық жағынан», «Сеніменен сөйлесемін», «Махаббат жолымен».
  • Грек әндері жазылған бірнеше алып грампластинканы, «Капризная погода» құйтабағын жазған, онда танымал қазақ авторлары Т. Қажығалиевтің, А. Серкебаевтың, Э. Богушевскийдің және т.б. әндерін орындайды.

Марапаттары

  • Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген артисі құрметті атағы
  • 1989 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен Қазақ КСРнің Халық артисі құрметті атағымен марапатталды.
  • 2003 жылы "Платинды Тарлан" тәуелсіз сыйлығының иегері.
  • 2004 жылы Президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі Достық ордені мен марапатталды.
  • Құрмет орденінің иегері.
  • 2008 жылы CAE перифериясы медалі.
  • 2014 жылы ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолынан "Қазақстан Республикасының Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығынның лауреаты" деген құрметті атақты алды. (Астана 13 желтоқсан 2014 жыл).
  • Қазақстан халқы ассамблеясының "Бірлік" алтын медалінің иегері.
  • 2016 жылы "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен ҚР Мәдениет министрі марапаттады.
  • Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі.
  • Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері.

Шәкірттері

Жоғары