Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Индер, Дендер, Індер – Каспий маңы ойпатында, Жайық өзенінің сол жағында Индер көлінің солтүстігінде орналасқан аласа тау.

Индер (тау)

  • Басты бет
  • Индер (тау)

Индер, Дендер, Індер – Каспий маңы ойпатында, Жайық өзенінің сол жағында Индер көлінің солтүстігінде орналасқан аласа тау.

Индер
Сипаттамасы
Пайда болған кезеңі

Пермь

Ұзындығы

25-27 км

Ені

10 км

Биіктігі

52 м

Орналасуы

48°28′50″ с. е. 52°01′57″ ш. б. / 48.48056° с. е. 52.03250° ш. б. / 48.48056; 52.03250 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°28′50″ с. е. 52°01′57″ ш. б. / 48.48056° с. е. 52.03250° ш. б. / 48.48056; 52.03250 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Атырау облысының Индер ауданы аумағында, солтүстік жазық бөлігі Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданы

Индер (Атырау облысы)Жылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Индер (Атырау облысы)
Индер
Индер (Батыс Қазақстан облысы)
Индер
 Басқа мағыналар үшін Индер деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Геологиялық орны

Атырау облысының Индер ауданы аумағында, солтүстік жазық бөлігі Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданына қарайды. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 25 – 27 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км-дей. Абсолюттік биіктігі 52 м.

Геологиялық құрылымы

Таудың негізі пермь кезеңінің тұзынан, гипсінен, гипсті-мергельді тақтатасынан түзілген.

Жер бедері

Көлге қарайтын оңтүстік беткейі жарқабақты, тілімденіп келген. Солтүстік жазық бөлігінде үйінді көне тас қорымдары кездеседі. Етегінде көлге құятын көптеген минералды бұлақ көздері, ал қиыр шығысында тұщы сулы құдық (Алтықұлаш) орналасқан.

Өсімдігі

Тау беткейлерінде, негізінен, боз, жусан, т.б. шөлдің сораң шөптері өскен. Бұл өңірде кезінде тұз қабаттарының мыңдаған жылдар бойы кебуінен пайда болған өте бағалы борат кені бар.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Ұлыбритания әнұраны

  • Сәуір 03, 2026

    Жауын құрты

  • Сәуір 05, 2026

    Қобда (ауыл)

  • Сәуір 04, 2026

    Арал (қала)

  • Сәуір 05, 2026

    Жай сөйлем

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары