Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ло (фр. Lot, айтылуы «лот»; окс. Òlt, Òut) — Францияның оңтүстік-батысындағы департамент, Миди-Пиреней аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 46. Әк

Ло (департамент)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ло (фр. Lot, айтылуы «лот»; окс. Òlt, Òut) — Францияның оңтүстік-батысындағы департамент, Миди-Пиреней аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі — 46. Әкімшілік орталығы — Каор. Халық саны 160,2 мың адам (департаменттер арасында 90-ші орын, 1999 ж.).

Географиясы

Жер аумағы 5217 км². Департамент арқылы Лот және Селе өзендері ағып өтеді.

Аймақ шарап шаруашылығымен танымал (кагор шарабының атауы Каор-Cahors тауынан шықса керек).

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Департамент 3 округ, 31 кантон және 340 коммунаны қосады.

Тарихы

Лот — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Лангедок провинциясының аймағында пайда болған. Атауы Лот өзенінен шыққан. 1808 жылы Ло жерінің бір бөлігі Тарн және Гаронна департаментіне қосылған болатын.

Тағы қараңыз

  • Ло департаментінің коммуналары

Сілтемелер


Жоғары