Мұнайшы — Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы ауыл (2013 ж. дейін - кент), Мұнайшы ауылдық округі орталығы.

Ауыл
Мұнайшы
Әкімшілігі
Ел

 ҚазақстанҚазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Маңғыстау

Ауданы

Қарақия

Ауылдық округі

Мұнайшы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°29′57″ с. е. 52°05′35″ ш. б. / 43.49917° с. е. 52.09306° ш. б. / 43.49917; 52.09306 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°29′57″ с. е. 52°05′35″ ш. б. / 43.49917° с. е. 52.09306° ш. б. / 43.49917; 52.09306 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1975

Бұрынғы атаулары

Жаңа Жетібай

Ауыл статусы

2013

Климаты

Континентті

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

▲5209 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

12

Мұнайшы картадаБайқоңырБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көлі
Мұнайшы картада
Мұнайшы
Мұнайшы
Мұнайшы картада
Мұнайшы
Мұнайшы
Мұнайшы шекарасы
Map
 Басқа мағыналар үшін Мұнайшы деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орналасуы

Аудан орталық Құрық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 65 км, Жетібай ауылынан оңтүстікке қарай 15 км, Қарақия ойысынан шығысқа қарай 13 км жерде орналасқан.

Тарихы

Іргесі 1975 жылы осы өңірде ашылған мұнай кен орнын игеруге байланысты қаланды. Мұнайшы ауылының әкімдігі 1 қараша 1991 жылы Қарақия ауданы әкімінің шешімі негізінде құрылды. Маңғыстау облысы әкімдігінің 09.12.2014 жылғы №308 бірлескен қаулысы мен облыстық мәслихаттың 11.12.2014 жылғы №21/331 санды шешімі негізінде Мұнайшы селосы "ауыл" болып өзгертілді.

Халқы

19791989199920092021
4184▼3754▼3065▲4647▲5209

Экономикасы

Мұнда мұнай-газ өндіру кәсіпшілігі, байланыс бөлімшесі, т.б. мекемелер орналасқан.

Инфрақұрылымы

Жетібай стансасында заманауи 624 орындық жаңа мектеп салынып, 2016 жылдың 1 – ші қыркүйек күні халық игілігіне пайдалануға берілген болады. 2014 жылы заманауи 140 орындық «Еркемай» балабақшасы пайдаланылуға берілді. Осы балабақшаға көлік қатынасын жақсарту мақсатында 700 метр қатқыл табанды көлік жолы салынды. 2015 жылдың тамыз айында аусымына 40 науқасты қабылдауға арналған заманауи құралдармен жабдықталған жаңадан дәрігерлік амбулатория ғимараты салынды. Қазіргі таңда амбулатория жоғарғы білімді дәрігер мамандармен толықтырылды. Мәдениет үйі тарапынан жоспарланған мәдени шаралар уақытылы өткізілде. Қазіргі таңда, мәдениет үйінде би үйрмесі жұмыс жасауда, оған 30 оқушы қатысады. Бейнелеу үйірмесі ашылып, оған 16 оқушы қатысады. 2016 жылы қосымша қолөнер үйірмесін ашу жоспарланды.

html error wiki