| Нора Густавқызы Пфеффер | |
| Nora Pfeffer | |
| | |
| Туған күні | 31 желтоқсан 1919 |
|---|---|
| Туған жері | Тифлис, Грузин Демократикалық Республикасы |
| Қайтыс болған күні | 15 мамыр 2012 (92 жас) |
| Қайтыс болған жері | Кёльн, Солтүстік Рейн-Вестфалия, Германия |
| Азаматтығы |
|
| Мансабы | ақын, эссеист, аудармашы |
| Шығармалардың тілі | |
| Сыйлықтары | М. Дулатов атындағы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы (1990) |
Нора Пфеффер (31 желтоқсан 1919, Тифлис — 15 мамыр 2012, Кёльн) — неміс әрі кеңес ақыны, аудармашы және эссеист.
Өмірбаяны
А.С.Пушкин атындағы Тбилиси педагогикалық институтында (ағылшын және неміс тілдері факультеттерінде) оқыған. Оқуды Мәскеу, Алматы шет тілдер институтында жалғастырған. Тбилиси медицина техникумында, Алматы шет тілдір институтында ұстаздық етіп, Қазақ мемлекеттік университетінде шет тілдер кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарған. Әдеби қызметі 1959 жылдан басталады. Алғашқы туындылары «Нойес Лебен», «Фройнд шафт» газеттерінің беттерінде басылған. Содан бері бірнеше өлеңдер жинағы «Қазақстан» баспасынан шықты. Балаларға арнап жазды. Бірқатар жырлары КСРО және ГДР мектеп оқулықтарына енген. Кейбір қазақ, орыс, грузин, латыш ақындарының өлеңдерін неміс тіліне аударған. «Приключение Отара», «Обезьянка Мик» және «У синего Черного моря» атты жинақтары орыс және латыш тілдеріне аударылған.
- 31 желтоқсанда туғандар
- 1919 жылы туғандар
- 15 мамырда қайтыс болғандар
- 2012 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Қазақстан жазушылары
- Неміс ақындары
- Тбилисиде туғандар