| Об Aube | ||
| ||
| Жалпы мағлұмат | ||
|---|---|---|
| Номері | 10 | |
| Аймағы | Шампань — Арденне | |
| Префектура | Труа | |
| Супрефектура | Бар-сюр-Об | |
| Тұрғыны (2009) | 303298 (51 ад./км², 75 орын) | |
| Жер аумағы | 6004 км² | |
| Округтері | 3 | |
| Кантондары | 33 | |
| Коммуналары | 433 | |
| Бас кеңестің төрағасы | Филипп Адно | |
| Орналасуы | ||
|
| ||
Об (фр. Aube) — Францияның солтүстік-шығысындағы департамент, Шампань-Арденне аймағындағы департаменттердің бірі. Департаментке Сенаның негізгі тармағы Об өзенінің атауы берілген. Реттік нөмірі 10. Әкімшілік орталығы — Труа. Халық саны 303298 адам (департаменттер арасында 75-ші орын, 2009 ж.).
Географиясы
Жер аумағы 6004 км². Аумағының әктасқа бай топырағы шарап өнеркәсібінің дамуына зор ықпал етуде.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Департамент 3 округ, 33 кантон және 433 коммунаны қосады.
Тарихы
Ерте периоды
Алғашында департамент аумағында трикастар мен лингон тайпалары мекен еткен. Біздің заманымыздан бұрын 400 жылға таман халық тығыздығы өте жоғары болған деген мәліметтер кездеседі.
XII ғасыр

Департамент аумағында Мемлекет тарихындағы маңызды орын алатын екі монастырь құрылған. Клерволық Бернард 1115 жылы Клерво аббатствосының негізін қалады. Ал Параклет аббатствосын философ Пьер Абеляр құрған.
Клерволық Бернард 1129 жылы Труа шіркеу соборында сөз сөйлеуіннен бастап танымал бола бастады. Онда ол нәтижесі ауыр болған Екінші крест жорығына халықты шақырды.
Сілтемелер
- Об департаментінің туризмі бойынша сайты
- Об департаментінің Бас кеңесі
- Об префектурасының ресми сайты 9 қыркүйектің 2018 жылы.
Тағы қараңыз
- Об департаментінің коммуналары
| Бұл — Франция географиясы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
| ||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
- Франция департаменттері
- Об