Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Олдувай (Олдувэй) мәдениеті – төменгі палеолиттің ерте кезеңіне жататын археологиялық дәуір. Шамамен б.з.б. 2,5 млн. жылдардан б.з.б. 800 мың жылдарға дейін соз

Олдувэй мәдениеті

  • Басты бет
  • Олдувэй мәдениеті

Олдувай (Олдувэй) мәдениеті – төменгі палеолиттің ерте кезеңіне жататын археологиялық дәуір. Шамамен б.з.б. 2,5 млн. жылдардан б.з.б. 800 мың жылдарға дейін созылды. 1959 – 63 жылы ағылшын антропологі Л.Лики Танзаниядағы Олдувэй шатқалынан (Шығыс Африка) ежелгі гоминид сүйек қалдықтары мен долбарлап жасалған тас құралдарын тапқаннан кейін ғылымда ол Олдувэй мәдениеті деп атала бастады. Оны еңбек етуге қабілеті болған ең әуелгі өмір сүрген тіршілік иесі Homa habіlіs қалдырған. Олдувэй мәдениеті сипаттайтын ең ерте кездегі ескерткіштер Африкадан табылған. Олар – Эфиопиядағы Вест-Гона (2,8 – 2,4 млн. жыл бұрын), Кениядағы Кооби-Фора (2 млн. жыл бұрын), т.б. Бұл дәуірде алғашқы адамдар тобыр болып өмір сүрген. Олар бірлесіп қорғанды, шабуыл жасады, аң аулаумен және терімшілікпен айналысты. Мамандардың топшылауынша, бұл дәуірде тастан жасалған негізгі құралдар сфероид, түзетілген тас жаңқа, чоппер (қол шапқы), чоппинг (екі жағы өңделген қол шапқы) болған. Адам баласы табиғатқа тікелей тәуелді еді. Ол әлі от жағуды білмеді. Қазақстанда Олдувэй мәдениетіне жататын адамдардың сүйек қалдықтары әзірге табылмаған. Тұрақтары, құралдары Қаратау, Маңғыстау өңірлерінен табылып, зерттелді.

A.
Олдувэй 2011.
A.
Олдувэй мәдениетінен табылған үшкір тастар.

Ішкі сілтемелер

  • Архантроптар
  • Австралопитек
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Қара қаңлы

  • Сәуір 03, 2026

    Жалпы есім

  • Сәуір 04, 2026

    XVIII ғасыр

  • Наурыз 22, 2026

    Біржан Қожағұлұлы

  • Наурыз 12, 2026

    Қожа

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары