| Шаттауық (орман жаңғағы) | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Кәдімгі шаттауық (Corylus avellana) | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||||
| Lopima Dochnahl |
Шаттауық немесе орман жаңғағы (лат. Corylus) – қайың тұқымдасына жататын бұта.
Еуропаның орман белдеуінде, Азияда және Солтүстік Америкада өсетін 20-ға тарта түрі бар. Қазақстанда Жайық өзенінің жағалауларында өсетін бір ғана түрі – кәдімгі шаттауық немесе кәдімгі орман жаңғағы (С. avellana) бар. Биіктігі 2 – 5 м, кейде 8 м-дей болады. Жапырақтары үлкен сопақша немесе домалақ, шеті тілімденген. Тұқымынан, шыбығынан, тамыр атпалары және сұлама бұтақтары арқылы көбейеді. Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс береді. Бір бұтадан 8 кг-ға дейін жаңғақ алынады. Жаңғақ құрамында 60 – 70% май болады. Жемісі 2 – 5-тен топталып, кейде дараланып өседі; сопақша, қоңырқай түсті, жеуге жарамды. Көлеңкеге төзімді орман жаңғағы ылғал топырақтарда, әсіресе орманның сұр топырағында және қара топырақты жерлерде жақсы өседі. 80 жылдай өмір сүреді.
- Қайың тұқымдасы
