| Рубен Диаш | |||||||||||||||||||
| | |||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Рубен Сантуш Гато Алвеш Диаш | ||||||||||||||||||
| Туған күні | 14 шілде 1997 (29 жас) | ||||||||||||||||||
| Туған жері | Амадора, Португалия | ||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||
| Бойы | 187 см | ||||||||||||||||||
| Салмағы | 83 кг | ||||||||||||||||||
| Позиция | орталық қорғаушы | ||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||
| Клуб | |||||||||||||||||||
| Номері | 3 | ||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||
| Марапаттары мен медальдары | |||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||
Рубен Сантуш Гато Алвеш Диаш (порт. Rúben Santos Gato Alves Dias, Рубен Диаш (порт. Rúben Dias) есіміміен де белгілі; 14 мамыр 1997 жыл, Амадора, Португалия) — португалиялық футболшы, Португалия Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Сити" клубының қорғаушысы.
Мансабы
Клубтық
"Бенфика" клубының түлегі. Негізі балалық шағында тұңғыш барған клубы — "Эштрела Амадора" клубының академиясы.
2016/17 жылғы маусымда "Бенфиканың" негізгі құрамына ілінді.
Рубен Диаш 2020 жылдың 29 қыркүйегінде Ағылшын Премьер-лигасының Манчестер Сити клубымен алты жылдық келісімшартқа қол қойды. Оның бастапқы трансфер құны 68 миллион еуроны (61,64 миллион фунт) құрады, бірақ ойын көрсеткіштеріне байланысты 71,6 миллион еуроға дейін өсуі мүмкін еді. Сонымен қатар, бұл келісім аясында Николас Отаменди 15 миллион еуроға Бенфикаға ауысып, жалпы трансфер құны 56,6 миллион еуроға (51 миллион фунт) түсті.
2020 жылдың 3 қазанында Диаш Манчестер Сити сапындағы алғашқы ойынын өткізді. Ол Лидс Юнайтед клубына қарсы сырт алаңдағы ойында (1:1) негізгі құрамда алаңға шықты.
Ұлттық құрама
Португалияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнап, бірнеше халықаралық турнирлерге қатысты. Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 2018 жылы 28 мамырда Туниске қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.
2018 жылы әлем чемпионатына, 2018/19 жылдары УЕФА Ұлттары лигасына қатысқан.
Сілтемелер
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
| ||||||
| ||||||
- 14 шілдеде туғандар
- 1997 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Португалия футболшылары
- Португалия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Бенфика ФК ойыншылары
- Манчестер Сити ФК ойыншылары