| Эрлинг Холанд | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Эрлинг Браут Холанд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған күні | 21 шілде 2000 (26 жас) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Лидс, Англия | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 194 см | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Салмағы | 88 кг | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | шабуылшы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Номері | 9 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Эрлинг Браут Холанд (норв. Erling Braut Håland; 2000 жылы 21 шілдеде туған, Лидс, Англия) — норвегиялық футболшы, "Манчестер Сити" клубы мен Норвегия құрамасының шабуылшысы.
Карьерасы
Клубтық
2016 жылы 12 мамырда тұңғыш рет Норвегия чемпионатының бірінші лигасында "Брюне" сапында алаңға шықты.
2017 жылы ақпан айында "Молде" клубымен келісім шарт жасасты. 4 маусымда "Сарпсборгқа" қарсы ойында жаңа клубы сапында Норвегия жоғары лигасында дебют ойынын өткізді.
2018 жылы 19 тамызда "Ред Булл Зальцбург" клубымен келісім шарт жасасып, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап осы команда сапында ойнайтын болды. 2019 жылы 19 шілдеде Аустрия кубогында "Парндорф" қақпасына хет-трик жасады. 10 тамызда Аустрия чемпионатындағы тұңғыш хет-тригін "Хартберг" (7:2) қақпасына соқты.
2019 жылы желтоқсанда "Боруссияға" ауысты. 2020 жылы 18 қаңтарда тұңғыш ойынын "Аугсбургке" қарсы өткізіп, хет-трик жасады.
2022 жылы "Манчестер Сити" клубына ауысты. 30 шілдеде Эрлинг "Ливерпульге" қарсы Англия суперкубогында дебютін жасады. 7 тамызда Премьер-лигадағы дебюті "Вест Хэм Юнайтедке" қарсы ойында алаңға шықты, екі гол соқты. 27 тамызда Англия чемпионатында "Кристал Пэласке" қарсы матчта екінші таймда алғашқы хет-тригін 19 минуттың ішінде жасады.
Ұлттық құрама
Норвегияның барлық жастағы құрамаларында ойнады. 2019 жылы 5 қыркүйекте алғаш рет Норвегия ұлттық құрамасында алаңға шықты. Тұңғыш голдарын 2020/21 жылғы Ұлттар Лигасында соқты.
Жетістіктері
Командалық
«Ред Булл Зальцбург»
- Аустрия чемпионы: 2018/19
- Аустрия кубогы: 2018/19
Жеке
- Жастар арасындағы әлем чемпионатының үздік мергені: 2019
Сілтемелер
- Футболшының профилі «Манчестер Сити» ФК ресми сайтында (ағыл.)
| Бұл — футболшы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
| ||||||||||||||||||
| ||||||
- 21 шілдеде туғандар
- 2000 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Норвегия футболшылары
- Норвегия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Брюне ФК ойыншылары
- Мольде ФК ойыншылары
- Ред Булл Зальцбург ФК ойыншылары
- Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары
- Манчестер Сити ФК ойыншылары