Тоқашев Сатша (1934, Маңғыстау ауданы Оңды ауылы – 1967) – әнші, домбырашы, жыршы. Тоқашев ұжымшарда комсомол ұйымының хатшысы, кітапхана меңгерушісі, т.б. жұмыстарды атқарған. Ол Махамбет термелерін, Досат пен Ғ.Құрманғалиевтің әндерін нақышына келтіре орындаған. Облыстық және республикалық байқаулардың жүлдегері атанған. Қазақ КСР-і Мәдениет министірлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Санаттар:
- Тұлғалар
- Домбырашылар
- Қазақ жыраулары
- Әншілер