Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

{{lang-fa|اﺳﺘﻘﻼﻝ، ﺁﺯﺍﺩﻯ، جمهوری اسلامی}}«''Эстекляль, азади, джомхурийе эслами''"},"Әнұранның аты":{"wt":"Иран Ислам Республикасының Мемлекеттік Әнұраны"},"Ауди

Парсы елі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Координаттар: 35°41′00″ с. е. 51°25′00″ ш. б. / 35.68333° с. е. 51.41667° ш. б. / 35.68333; 51.41667 (G) (O) (Я)

Иран Ислам Республикасы
парсы: جمهوری اسلامی ایران
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Тәуелсіздік, Бостандық, Ислам республикасы»
парсы: اﺳﺘﻘﻼﻝ، ﺁﺯﺍﺩﻯ، جمهوری اسلامی
«
Эстекляль, азади, джомхурийе эслами»
Әнұран: «Иран Ислам Республикасының Мемлекеттік Әнұраны» (тыңдау )
Тарихы
Құрылды 1 сәуір 1979 жыл
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі парсы тілі
Елорда Тегеран
Ірі қалалары Тегеран, Машһад, Кередж, Тебриз, Шираз, Исфаһан, Ахваз
Үкімет түрі Унитарлы Хомейнистік президенттік Ислам Республикасы
Жоғарғы көсем
Президенті
Вице-президенті
Моджтаба Хаменеи
Масуд Пезешкиан
Мұхаммед-Реза Ареф
Мемлекеттік діні Ислам дінінің Шиит бағыты
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
 % су беті
Әлем бойынша 17-орын
1 648 195 км²
7,07
Жұрты
• Сарап (2018)
Тығыздығы

82 531 700 адам (18-орын)
48 адам/км² (162-орын)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

1,540 трлн. $ (18-орын)
18,504 $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

484 млрд. $ (27-орын)
5,820 $
АДИ (2017) 0,798 (жоғары) (60-орын)
Этнохороним ирандықтар
Валютасы риал
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .ir
ISO коды IRR
ХОК коды IRI
Телефон коды +98
Уақыт белдеулері +3:30 (жазда — UTC+4:30)

Иран (парсы: ایران [ʔiˈɾɒn]), 1979 жылдан бастап Иран Ислам Республикасы (парсы: جمهوری اسلامی ایران; Джомхури-йе Эслами-йе Иран) — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Астанасы — Тегеран қаласы.

Батысында Иракпен, солтүстік-батысында Әзербайжан, Армения, Түркиямен, солтүстігінде Түрікменстанмен, шығысында Ауғанстан және Пәкістанмен шектеседі. Иран солтүстіктен Каспий теңізімен, оңтүстіктен Үнді мұхитының Парсы және Оман шығанақтарымен қоршалған.

Ғасырлар бойы бұл ел Шығыста шешуші рөл атқарды, ал қазіргі Иран ислам әлемінде ЖІӨ (АҚТ) экономикасы бойынша төртінші, Батыс Азияда екінші орында (Түркиядан кейін). Иран — аймақтағы технология жағынан ең дамыған мемлекеттердің бірі. Иран Еуразияның стратегиялық маңызды аймағында орналасқан және мұнай мен табиғи газдың үлкен қорына ие.

Жер көлемі 1,648 миллион шаршы километр. Халқы 83,1 миллион адам. Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белудждер, армяндар, еврейлер, т.б. Ірі қалалары: Тегеран (айналасын қосқанда 14 миллионнан астам тұрғыны бар), Машһад (2,5 миллион), Исфаһан (1,6 миллион), Тебриз (1,4 миллион), Кередж (1,3 миллион), Шираз (1,2 миллион). Ресми тілі — парсы тілі. Бұл діни мемлекеттің мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Елдегі саяси және діни билік аятолла Моджтаба Хаменеидің қолында. Президент 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган — Исламдық ақылдастық кеңес (Меджлис) атты бірпалаталы парламенті, 4 жыл сайын сайланып отыратын 290 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан — Төңкеріс күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал.

Этимологиясы

I Ардашир (224–242) бейнеленген барельеф, Накше-Рустам, жазуы: «Бұл — Иран патшасы Ардашир мырза Маздақұлдың бейнесі»

«Арилер елі» деген мағынасы бар Иран термині III ғасырдағы Накше-Рустам жазбасында алғаш рет, ирандықтарға бағытталған Aryān парфия сөзімен қатар жүрген орта парсы тілінің Ērān сөзінен шыққан.Ērān және Aryān — прото-иран тілінен *arya- («ари» дегенді білдіреді, яғни ирандықтардың) шыққан ēr- (орта парсы) және ary- (парфян) текті этнохоронимдердің көпше түрі. Бұл сөз көне иран тіліне атаүндіеуропа тіліндегі *ar-yo- сөзінен шыққан және ол тілде бұл сөз '(шеберлікпен) жинайтын'ды білдіреді деген түсінік бар. Иран мифологиясына сүйенсек, бұл атау аты аңызға айналған патша Ирадждан (парсы) шыққан.

Грек тарихшылары бүкіл Иранды Persis деп атағандықтан, Батыстық өркениет де, қазақ халқы да Иранды Парсы елі (Persia, Персия) деп атап жүрген еді. Персия — Иранның оңтүстік-батысындағы, елдегі ауданы бойынша төртінші облыс, Фарс облысының басқа атауы, ол сонымен қатар Pârs деп аталады.Парсының Fârs (فارس) сөзі бұрынғы Pârs (پارس) сөзінен келген еді және ол көне парсының Pârsâ (𐎱𐎠𐎼𐎿) сөзінен шыққан. Фарс аумағы тарихи маңызының себебінен бұл бүкіл аумақты гректер шамамен б.з.д. 550 жылдан бастап атап жатты да, батыстықтар бұл елді Persia деп атап кетті. Бұл атау 1935 жылға дейін қолданыста болды, бұл кезде Реза Шаһ халықаралық қауымдастықтан елдің түпнұсқа атауымен аталғанын сұраған еді; ирандықтар өз елін б.з.д. 1000 жылдан бері атап келгені белгілі.

Географиясы

Табиғаты

Иран Армян таулы үстіртінің оңтүстік-шығысы мен Иран таулы қыратының батыс бөлігінде орналасқан. Шет жақтарында Солтүстік Иран (Эльбурс), Оңтүстік Иран (Загрос, Мекран), Шығыс Иран (Серхед, Пеленган, Келат, Баран) таулары, ортасында Кухруд жотасы, Деште-Кевир, Деште-Лух шөлдері орналасқан. Солтүстік-батысын Оңтүстік Каспий және Кура-Аракс ойпаттары, солтүстік-шығысын Горган жазығы алып жатыр. Жері, негізінен, таулы. Климаты субтропиктік, континенттік, жазы ыстық, қысы солтүстігінде салқын, оңтүстігінде жылы. Парсы және Оман шығанақтары жағалауларының климаты тропиктік.

Қаңтардағы орташа температура 2°С-тан 19,4°С-қа дейін, шілде айында 29,4–32,5°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 500 мм. Эльбурс тауы беткейінде 2000 мм, Систан ойысында 50–60 мм. Жер беті суы аз. Ірі өзендері — Карун, Сефид-Руд, Гильменд, Қиыр солтүстігінде Атрек, Аракс өзендері бар. Таулы аудандарда көптеген көлдер кездеседі. Жері сары, қоңыр және қызғылт топырақты. Тау беткейлері орманды, өзендер бойы шалғын, ішкі аудандары шөл, шөлейт. Иран жерінде сүтқоректілердің 100-ге тарта, құстардың 400-ге жуық, бауырымен жорғалаушылардың 80-ге жуық түрі бар. Шектес теңіздері балыққа бай. Пайдалы қазындылары: мұнай, газ, тас көмір, темір, хромит, т.б..[дереккөзі?]

Климаты

Иранның климаты құрғақ бастап арид, елдің басым аумағына тән, Каспий теңізінің жағалауы бойындағы субтропикалық және солтүстік орман алқаптарында. Қыс мезгілінде температура сирек 0 °C-тан төмен түседі, жазғы сирек 29°С артық Каспий маңындағы батыста орташа жылдық жауын-шашын 1700 мм және шығысында 680 мм. Иранның батысында, қыста Загрос тауларында температура әрдайым 0 °C төмен, қатты қармен және күшті желмен сипатталады. Елдің орталық және шығыс аймақтарында климат орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 200 миллиметрден кем, орташа жазғы температура 38 °C жоғары болады. Оман Парсы шығанағы бойымен жазық және қысқы негізінен жұмсақ, бойынша, және жазда — ыстық және ылғалды. Орташа жылдық жауын-шашын — 135–355 мм.

Тарихы

Толық мақаласы: Иран тарихы

Алғышарттары

Дур-Унташ, б.з.д. 14 ғасыр, Әлемдік мұра; зиккурат, ең жақсы сақталған сатылы пирамидалық ескерткіш.

Археологиялық артефактілер адамның Иранда төменгі палеолит дәуірінен бері болғанын растайды.Загрос тауларының аймағында неандерталдық артефактілер де табылды. Біздің заманымызға дейінгі 10–7-мыңжылдықтарда Загрос аймағының төңірегінде түрлі ауылшаруашылық қауымдастықтары өркендеді. Иран үстіртінде біздің дәуірімізге дейінгі 4-мыңжылдықтағы көне мәдениеттерден қалған орындар да бар.

Қола дәуірі кезінде бұл аймақ Иран өркениетінің мекені болды, соның ішінде Элам, Джирофт және т.б. мәдениеттер де болған. Ең көрнектісі, Элам атты мәдениет Иран империяларына дейін жалғасты. Эламда жазудың пайда болуы Шумермен параллель болды; эламдық сына жазуы б.з.б. үшінші мыңжылдықта дамыды. Элам энеолит дәуіріндегі Таяу Шығыстың ерте урбанизациясына үлкен әсер етті. Біздің заманымызға дейінгі XXXIV–XX ғасырлар аралығында солтүстік-батыс Иран көрші Кавказ мен Кіші Азияға дейін созылып жатқан Кура-Аракс мәдениетінің бір бөлігі болды.

Ежелгі Иран

Толық мақалалары: Мидиялықтар, Ахемен әулеті, Селевки мемлекеті, Парфия патшалығы, және Сасани әулеті
Экбатана (Хамадан) б.з.д. 678 жылы Мидия империясы негізін салушысы Дейок таңдаған Иранның тұңғыш астанасы болған еді.
Ахемен империясының (б.з.д. 550–330) салтанатты астанасы Персеполис — Әлемдік мұра.
Ахемен империясының ең үлкен тарихи көлеміндегі түрі, Ұлы Дарий мен I Ксеркс тұсындағы жылдары.

Б.з.д. II мыңжылдыққа қарай ежелгі иран тайпалары Еуразия даласынан жергілікті халықтармен бәсекелесе келген.Ирандықтар Үлкен Иранға тарап кеткенде, аумақты мидиялық, парсы және парфиялық тайпалар басқарып жатқан еді. Біздің заманымызға дейінгі X–VII ғасырларда ирандық халықтар Иранға дейінгі патшалықтармен бірге Месопотамияда орналасқан Ассирия империясының қол астына өтті. Мидиялықтар мен парсылар вавилониялық басшы Набопаласармен бірге одақтасып, ассириялықтарға шабуыл жасады. Б.з.д. 616–605 жылдары Ассирия азамат соғысы себебінен қатты зардап шекті де, халқы ассириялықтардың үшғасырлық билігінен бос болды. Ассириялықтардың Загросқа араласуы б.з.д. 728 жылы мидиялықтардың Дейок айналасында бірігуіне әкелді де, Мидиялық Корольдіктің және оның астанасы Экбатана негізінің салынуына әкелді, осы жол арқылы Иран б.з.д. 625 жылы тұңғыш рет бірыңғай мемлекет болды. Б.з.д. 612 жылға қарай мидиялықтар, вавилондықтармен бірігіп, Ассириялық империяға қарсы төңкеріс жасады. Осылайша Урарту патшалығы жоқ болды.

Б.з.д. 550 жылы Ұлы Кир мидиялықтардың соңғы патшасы Астиагқа қарсы жеңеді да, мидиялық жерді жаулап, Ахемен империясының негізін салды. Кир мен оның ізбасарлары тұсында бұл империяны Лидия, Вавилон, Мысыр, Шығыс Еуропаның бірнеше бөлігі және Үнді мен Әмудария өзендерінің батысына жатқан жеріне дейін созылды. Б.з.б. 539 жылы парсының күштері Упи қаласында вавилондықтарға қарсы жеңді де, Жаңававилон патшалығы арқылы жүрген месопотамиялықтардың төртғасырлық билігін аяқтады. Б.з.б. 518 жылы I Дарий сол заманда әлемдегі ең ірі империя болған, әлемдегі халықтың 40% билік еткен Ахемен империясының салтанатты астанасы ретінде Персеполис қаласының негізін салды. Империяда орталықтандырылған бюрократия, көпмәдениеттілік, өзінің жол, пошта жүйесі, ресми тілдердің қолданысы, мемлекеттік қызмет пен ірі, кәсіби армияның сәтті үлгісі болды. Ол кейінгі империялардың ұқсас басқаруына үлгі болды. Б.з.д. 334 жылы Ескендір Зұлқарнайын ахеменнің соңғы патшасы III Дарийге қарсы жеңді де, Персеполисті өрттеп жіберді. Б.з.д. 323 жылғы Ескендірдің өлімінен кейін Иран Селевки мемлекетінің құрамына кіріп, бірнеше эллинистік мемлекетке бөлініп қалды.

Иран Селевки басқаруында б.з.д. 250–247 жылдарға дейін болды да, Парфияның жергілікті халқы Парфияны солтүстік-шығыста азат етті де, селевкилерге қарсы көтеріліп, Парфия патшалығының негізін салды.

Бес ғасырға созылған парфиялық биліктен кейін азамат соғысы басқыншылықтан гөрі тұрақтылық үшін қауіптірек болды. Парфия билеушісі I Ардашир, V Артабанды өлтіріп, 224 жылы Сасани империясының негізін қалаған кезде Парфия билігі буланып кетті. Сасанидтер мен олардың бақталасы римдік-византиялықтар төрт ғасыр бойы әлемде үстемдік етті. Кейінгі ежелгі дәуір Иранның ең ықпалды кезеңдерінің бірі болып шықты, оның әсері ежелгі Римге,Африкаға,Қытай мен Үндістанға жетіп, Еуропа мен Азиядағы ортағасырлық өнерінде үлкен рөл атқарды. Сасанилердің билігі күрделі бюрократиямен ерекшеленетін биік нүктеде болды және зороастризмді заңдастырушы және біріктіруші күш ретінде жандандырды.

Ортағасырлық тарихы және Ирандық интермеццо

Толық мақалалары: Араб басқыншылығы және Ирандық интермеццо

Мұсылмандардың ертедегі жаулап алуларынан кейін Сасани өнерінің, сәулетінің, музыкасының, әдебиеті мен философиясының ислам мәдениетіне әсері ирандық мәдениетті, білім мен идеяларды Ислам әлеміне таратты. Византия–Сасани соғыстары мен Сасани империясының ішіндегі қақтығыстардан шыққан бытыраңқылық VII ғасырда арабтардың шапқыншылығына жол берді. Империяны Тақуа халифат талқандады да, орнына Омейяд халифаты, одан кейін Аббаси халифаты келді. Одан кейін Иранның зороастриттік көпшілігін нысанаға алған исламдандыру басталды; ол діни қудалауды, кітапханалардың және храмдардың бұзылуын, салық салынуын ("джизья") және тіл өзгерісін қамтитын.

750 жылы аббасилер омейядтарды биліктен құлатты. Араб мұсылмандары мен парсылар көтерілісшілер әскерін құрады, оны парсы Әбу Муслим біріктірді. Олардың билік үшін күресінде қоғам космополиттік сипатқа ие болды. Арабтардың орнын парсылар мен түріктер басты. Шенеуніктердің иерархиясы пайда болды, бірінші парсы, кейін түрік бюрократиясы аббасидтердің беделі мен билігін біржола төмендетті. Екіғасырлық араб билігінен кейін құлдырай бастаған Аббаси халифатының шетіндегі үстіртте ирандық мұсылман әулеттері пайда болды.Ирандық интермеццо деп арабтар билігі мен "Сунниттік қайта жаңғыру" делінетін селжүктер билігінің басы арасындағы уақытты атайды. Интермеццо исламдық формада Иранның ұлттық рухы мен мәдениетін және парсы тілін жаңғыртты. Осы заманғы әдебиеттің ең маңыздысы — ұлттық эпос, Әбілқасым Фирдаусидің Шахнамасы.

Гүлденген әдебиет, философия, математика, медицина, астрономия және өнер Ислам алтын ғасырының негізгі элементтеріне айналды. Бұл алтын ғасыр X–XI ғасырларда, Иран ғылыми қызметтің «басты сахнасы» болған кезде шарықтау шегіне жетті. X ғасырда Орталық Азиядан Иранға түркі тайпаларының жаппай қоныс аударуы болды. Түркі тайпалары бастапқыда Аббасилер әскерінде мәмлүктер (құл-жауынгерлер) ретінде пайдаланылды және айтарлықтай саяси билікке ие болды. Иранның бөліктерін Селжүк және Хорезм империялары басып алды. Түркі билеушілерінің Иран мәдениетін қабылдауы нәтижесінде ерекше түрік-парсы дәстүрі (ағыл.) пайда болды.

1219–1221 жылдар аралығында Хорезм империясы тұсында Иран Моңғолдардың Хорезм империясына шапқыншылығынан зардап шекті. Стивен Уордтың айтуынша, «Моңғол жаулауы... Иран үстіртіндегі халықтың төрттен үш бөлігін, мүмкін, 10–15 миллион адамды өлтірді.... Иран халқы... моңғолға дейінгі деңгейге халық санына... тек XX ғасырдың ортасында жетті». Басқалары мұны мұсылман шежірешілерінің асыра айтқаны деп есептейді. 1256 жылы Моңғол империясы ыдырағаннан кейін Құлағу хан Иранда Елхан мемлекетін құрды. 1357 жылы астана Тебризді Алтын Орда басып алып, орталықтандырылған билік ыдырады да, нәтижесінде бір-бірімен бәсекелес әулеттер пайда болды. 1370 жылы түркі тектес Әмір Темір Иранды басып алып, Тимуридтер империясын құрды. 1387 жылы Әмір Темір Исфаһанды толығымен қырып, 70,000 адамды өлтіруге бұйрық берді.

Заманауи тарихының ерте кезеңі

Толық мақаласы: Сефевид мемлекеті
I Ысмайыл, Сафавид мемлекеті негізін қалаушысы мен Шаһ мешіті (Исфаһан), Ұлы Аббас тұсында жасалған Иран архитектурасының жауһары

1500 жылдары I Ысмайыл Сефевидтер империясын құрып, астанасы ретінде Тебризді таңдады.Әзербайжаннан бастап, ол Иран территорияларына өз билігін кеңейтіп, Үлкен Иранға Иранның гегемониясын орнатты.Сефевидтер Османдықтар мен Моғолдармен бірге XVI ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың басына дейін гүлденген «Мылтық империяларын (ағыл.)» құрушылар болды. Иран негізінен суннит болды, бірақ Ысмайыл шиит бағытын қабылдауға мәжбүр болды да, бұл ислам тарихындағы бетбұрыс болды; Иран — бүгінгі күндегі жалғыз ресми шиит мемлекеті.

Сефевидтер мен Батыс арасындағы қарым-қатынастар XVI ғасырдан бастап Парсы шығанағындағы португалдардан басталып, XVIII ғасырға дейін одақтар мен соғыстар арасында ауытқиды. Сефевидтер дәуірі кавказдық халықтардың интеграциясын және олардың Иранның орталық жерлеріне қоныстануын көрді. 1588 жылы Ұлы Аббас қиын кезеңде көтерілді. Иран мыңдаған черкес, грузин және армян құл сарбаздары әкімшілік пен әскерге қосылатын гилман жүйесін дамытты. Христиандық иран-армян қауымы бүгінгі таңда Ирандағы ең үлкен азшылық болып табылады.

Аббас қызылбастардың азаматтық басқарудағы, патша сарайындағы және әскердегі билігін басып қалды. Ол астананы Казвиннен Исфаһанға көшірді. Тебриз Османлыдан Иранға оралды. Сот интригасынан кейін Аббас ұлдарынан күдіктеніп, оларды өлтірді, не соқыр қылды. 1600 жылдардың соңы мен 1700 жылдардың басында ішкі қақтығыстар, османдармен соғыстар және шетелдік араласу салдарынан туындаған бірте-бірте құлдыраудан кейін Сефевид билігін Исфаһанды қоршауға алған пуштун көтерілісшілері тоқтатты және 1722 жылы Солтан Хосейнді жеңді. Сефевидтердің мұрасы Иранды Шығыс пен Батыс арасындағы экономикалық бекініс, «тепе-теңдікке» негізделген тиімді бюрократия, олардың архитектуралық жаңалықтары және бейнелеу өнеріне қамқорлық ретінде қайта жаңғырту болды. Олар он екі шиизмді мемлекеттік дін ретінде бекітіп, шиіттік исламды Таяу Шығысқа, Орталық Азияға, Кавказға, Кіші Азияға, Парсы шығанағы мен Месопотамияға таратты.

Афшаридтер мен зендтер

Толық мақалалары: Афшаридтік Иран, Зендтік Иран, және Түрік-парсы соғысы (1775—1776)
Кәрім ханның бекінісі — Ширазда Зенд патшалығының негізін қалаушы Кәрім-хан Зендтің тұрғын үйі.

1729 жылы Нәдір шаһ Афшар пуштун басқыншыларын қуып, басып алды. Ол Османлы және Ресей билігі арасында бөлінген Кавказ аумақтарын қайтарып алды. Иран Кавказ, Батыс және Орталық Азияда гегемонияны қалпына келтіре отырып, Сасани империясынан бергі ең үлкен деңгейге жетті, сол кездегі ең қуатты империя болды. Нәдір қазіргі Үндістанға басып кіріп, 1730 жылдары Делиді жаулап алды. Оның әскері Карнал шайқасында моғолдарды жеңіп, астанасын басып алды. Тарихшылар оны «Иранның Наполеоны» және «Екінші Ескендір» деп сипаттайды.Солтүстік Кавказдағы көтерілісші лезгиндерге қарсы жорықтардан кейін Нәдірдің территорияны кеңейтуі мен әскери жетістіктері төмендеді. Нәдір аурудан және жорықтарға төлеу үшін көбірек салық талап етудің нәтижесінде қатыгез көрінді. Нәдір өзінің батыры Әмір Темірге еліктеп, құрбандардың бас сүйектерінен мұнаралар тұрғызып, көтерілістерді басып тастады. 1747 жылы ол өлтірілгеннен кейін Нәдір империясының көп бөлігі Зендтер, Дуррани, Грузин және Кавказ хандықтары арасында бөлінді, ал Афшаридтер билігі Хорасандағы шағын мемлекетпен шектелді. Оның өлімі азамат соғысын тудырды, содан кейін 1750 жылы билікке Кәрім-хан Зенд келді.

Алдыңғы әулеттермен салыстырғанда, Зендтердің геосаяси мүмкіндіктері шектеулі болды. Кавказдағы көптеген Иран территориялары автономия алып, оларға Кавказ хандықтары арқылы билік жүргізді. Алайда олар Зенд патшалығына бағынышты және вассалдар болып қала берді. Ол Иранның көп бөлігін, сондай-ақ қазіргі Ирактың бөліктерін қамтыды. Қазіргі Армения, Әзербайжан және Грузия жерлері хандықтардың бақылауында болды — заңды түрде Зенд билігінің бөлігі, бірақ іс жүзінде автономды. Оның ең маңызды билеушісі, Кәрім ханның билігі береке мен бейбітшілікпен сипатталды. Астанасы Ширазда өнер мен сәулет өнері өркендеді. 1779 жылы хан қайтыс болғаннан кейін Иран Зенд әулетіндегі азамат соғысына байланысты құлдырауға ұшырады. Оның соңғы билеушісі Лотф Әли-шаһды 1794 жылы Аға Мұхаммед Шаһ Қажар өлтірді.

Қажарлар

Толық мақалалары: Қажарлық Иран және Қажарлар әулеті
Гүлстан сарайы (Тегеран) 1789–1925 жылдары Қажар корольдерінің резиденциясы болған. Әлемдік мұра.

Қажарлар 1794 жылы билікті басып алып, Қажар империясының негізін қалады. 1795 жылы грузиндер мен олардың орыс одағына мойынсұнбағандықтан, кажарлар Крцаниси шайқасында Тбилисиді басып алып, орыстарды Кавказдан қуып жіберіп, Иранның сюзерендігін қалпына келтірді. 1796 жылы Аға Мұхаммед Шаһ Қажар Машһадты оңай басып алып, Афшаридтер билігін тоқтатты. Ол патша тәжін киіп, астана ретінде Тегеранды таңдады; қала бүгінгі күнге дейін де ел астанасы болып келген. Оның билігі орталықтандырылған және біртұтас Иранға қайта оралды. Ол қатыгез болды, сонымен бірге прагматикалық, есепші және ақылды әскери және саяси көшбасшы ретінде бағаланды.

1804–1813 және 1826–1828 жылдардағы орыс-парсы соғыстары Иранның Кавказдағы: Оңтүстік Кавказдағы және Дағыстандағы аумақтық шығындарына әкелді. Орыстар Иранның аймақтағы біртұтас аумақтарын басып алды, бұл Гүлістан және Түркманчай келісімдерінде бекітілді. Иранның әлсіреуі оны «Үлкен ойын» деп аталатын Ресей мен Ұлыбритания арасындағы күрестің құрбанына айналдырды. Әсіресе Түркманчай келісімінен кейін Ресей Ирандағы үстем күш болды және қажарлар 1837 және 1856 жылдардағы Гератты қоршау сияқты «Ұлы ойын» шайқастарында рөл атқарды. Иран кішірейген сайын көптеген Оңтүстік Кавказ және Солтүстік Кавказ мұсылмандары Иранға, әсіресе черкестердің геноцидіне дейін және одан кейін ондаған жылдар бойы көшті, ал Иран армяндары жаңадан қосылған Ресей территорияларына қоныстануға шақырылды да, осылайша біраз демографиялық өзгеріс орын алды. 1870–1872 жылдардағы парсы ашаршылығының нәтижесінде 1,5 миллионға жуық адам, яғни халықтың 20–25% қайтыс болды.

Конституциялық төңкерісі және Пехлевилер

Толық мақалалары: Иран конституциялық революциясы, Иран шаһаншаһ мемлекеті, және Пехлеви
Иранның тұңғыш парламенті 1906 жылы, Иран конституциялық революциясының нәтижесінде құрылған еді.

1872–1905 жылдар аралығында наразылық білдірушілер Қажар монархтарының шетелдіктерге жеңілдіктер сатуына қарсылық білдіріп, 1905 жылы бұл наразылық Иран конституциялық революциясына әкелді. 1906 жылы Иранның бірінші конституциясы мен ұлттық парламенті құрылды; Конституция христиандарды, еврейлерді және зороастристерді мойындады. Осыдан кейін 1909 жылы Мұхаммед Әли тақтан бас тартуға мәжбүр болған. Оқиға ислам әлеміндегі осындай тұңғыш төңкеріс болды.

Бұрынғы тәртіпті жаңа мекемелермен ауыстырды. 1907 жылы ағылшын-орыс конвенциясы Иранды ықпал ету аймақтарына бөлді. Орыстар солтүстік Иран мен Тебризді басып алып, жылдар бойы әскери қатысуын сақтап қалды. Бұл, алайда, азаматтық көтерілістерді тоқтата алмай қалды және Мырза Кучек-ханның Қажар монархиясы мен шетелдік басқыншыларға қарсы Джунгли қозғалысы басталды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Иранның бейтараптығына қарамастан, Османлы, Ресей және Британ империялары Батыс Иранды басып алды және парсы жорығында соғысты, бірақ 1921 жылы шегініп кетті. Шайқастарда, Османлылар жасаған христиандықтарға қарсы геноцидтерде, не соғыстардан шыққан 1917–1919 жылдардағы ашаршылықта кемінде 2 миллион бейбіт тұрғын қаза тапты. Ирандық ассириялық және ирандық армян христиандары, сондай-ақ оларды қорғауға тырысқан мұсылмандар басқыншы Осман әскерлері жасаған жаппай өлтірудің құрбаны болды.

Аға Мұхаммед хан тұсындағы жылдарды санамағанда, Қажар билігі дәрменсіз болды.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін бірден оккупацияны болдырмау мүмкін еместігі 1921 жылы британдық басқарған парсы төңкерісіне әкелді. Әскери офицер Реза Пехлеви 1925 жылы билікке келді, премьер-министр, монарх болды және Пехлеви әулетінің негізін қалады. 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде британдықтар Ираннан барлық немістерді шығаруды талап етті. Пехлеви одан бас тартты да, сондықтан британдықтар мен кеңестер аяқ астынан сәтті түрде басып кірді де, ол КСРО-ға жеткізу желісін қамтамасыз етті және елдегі неміс ықпалын шектеді. Пехлеви қуғынға жіберілді де, оның ізбасары Мұхаммед Реза Пехлеви есімді ұлы болды. Иран Кеңес Одағына британдық және америкалық көмек көрсетудің негізгі арнасына айналды және ол арқылы 120,000-нан астам поляк босқындары мен поляк қарулы күштері жүрген еді. 1943 жылғы Тегеран конференциясында антигитлерлік коалиция Иранның тәуелсіздігі мен шекараларына кепілдік беру үшін Тегеран декларациясын шығарды. Алайда Кеңес Одағы Иранның солтүстік-батысында қуыршақ мемлекеттер: Әзербайжан халық үкіметі мен Мехабад Республикасын құрды. Бұл 1946 жылы шығып кеткен КСРО-ға мұнай концессиялары уәде етілгеннен кейін аяқталған қырғи-қабақ соғысының алғашқы қақтығыстарының бірі, 1946 жылғы Иран дағдарысына әкелді. Қуыршақ мемлекеттер құлатылып, концессиялар күшін жойды.

1951–1978: Мосаддық, Пехлеви мен Хаменеи

Толық мақаласы: Ирандағы төңкеріс (1953)
Мұхаммед Реза Пехлеви
Рухолла Хомейни

1951 жылы Мұхаммед Мосаддық демократиялық жолмен Иран премьер-министрі болып сайланды. Мосаддық шетелдік мүдделердің бақылауында болған мұнай өнеркәсібін ұлттандырғаннан кейін танымал болды. Ол монархияны әлсірету үшін жұмыс істеді де, 1953 жылғы Иран төңкерісі — ағылшын-америкалық жасырын операциясы кезінде монархия жоқ болды. Таратылғанына дейін, Мосаддық әкімшілігі әлеуметтік қамсыздандыру, жер реформасы және жоғары салықтар сияқты әлеуметтік және саяси шараларды, соның ішінде жерді жалға алу салығын жасауды енгізді. Мосаддық түрмеге жабылды, содан кейін қайтыс болғанға дейін үй қамауына алынды және саяси дүрбелеңнің алдын алу үшін үйінде жерленді. 2013 жылы АҚШ үкіметі төңкерістегі өзінің рөлін, оның ішінде наразылық білдірушілерге ақша төлегенін және шенеуніктерге пара бергенін мойындады. Төңкерістен кейін Пехлеви Иранды Батыс блокпен үйлестірді және қырғи-қабақ соғысы кезінде америкалық қолдауға қатты сүйеніп, авторитарлық билеуші ретінде өз билігін нығайту үшін Америка Құрама Штаттарымен тығыз қарым-қатынас орнатты.

Ұлы Аятолла Рухолла Хомейни саяси беделге алғаш рет 1963 жылы Мұхаммед Реза Пехлевиге және оның Ақ революциясына қарсы оппозицияны басқарған кезде келді. Хомейни Резаны «Ирандағы исламды... жоюға кіріскен» «бейшара» деп атағаннан кейін тұтқындалды. Ірі тәртіпсіздіктер орын алды да, полицияның қолынан 15,000 адам қаза тапты. Хомейни сегіз айлық үй қамауында болған соң босатылды және Иранның Израиль мемлекетімен ынтымақтастығына және АҚШ үкіметінің қызметкерлеріне дипломатиялық иммунитеттің ұзартылуына қарсы шығып, үгіт-насихатын жалғастырды. 1964 жылы қарашада Хомейни қайта тұтқындалып, қуғынға жіберілді, ел сыртында ол 15 жыл бойы болды.

Мұхаммед Реза Пехлевидің билігі жыл өте келе автократиялық және сұлтанист болып кетті де, Иран АҚШ-пен онжылдық даулы жақын қарым-қатынасқа енді. Мұхаммед Реза Иранды модернизациялап, оны зайырлы мемлекет ретінде сақтап қалдым деп мәлімдесе де, оның САВАК делінетін құпия полициясы негізсіз тұтқындаулар мен азаптаулар жүргізіп, оппозицияны басып-жаншуын жалғастыра берді.1973 жылғы мұнай дағдарысына байланысты экономиканы шетел валютасы басып, инфляцияны тудырды. 1974 жылға қарай Иран екітаңбалы инфляцияны бастан кешірді және ірі модернизациялау жобаларына қарамастан, сыбайлас жемқорлық кең етек алды. 1976 жылға қарай рецессия жұмыссыздықты, әсіресе 1970 жылдардың басындағы өрлеу жылдарында құрылыс жұмыстарына қалаларға қоныс аударған жастар арасында, өсті. 1970 жылдардың аяғында олар Пехлеви режиміне наразылық білдірді.

Иран төңкерісі

Толық мақалалары: Иран Ислам төңкерісі, Энергетикалық дағдарыс (1979), және Ирандағы америкалықтардың кепілге алынуы
Ұлы Аятолла Рухолла Хомейнидің елге оралуы, 1 ақпан 1979

Пехлеви мен Хомейни арасында идеологиялық және саяси қайшылықтар сақталып жатқандықтан, демонстрациялар 1977 жылғы қазанда басталып, азаматтық қарсылыққа, соның ішінде зайырлылық пен исламшылдыққа ұласты. 1978 жылғы тамызда Rex кинотеатрындағы өртіндегі жүздеген адамның өлімі және қыркүйектің қара жұмасы революциялық қозғалысты шапшаңдатты, жалпыұлттық ереуілдер мен шерулер елді сал етті.Бір жыл бойы созылған ереуілдерден кейін 1979 жылғы қаңтарда Пехлеви елден Америка Құрама Штаттарына қашуға мәжбүр болды да, ақпанда елге Хомейни оралды. Оның ел астанасы Тегеранға қонған кезінде оны қарсы алуға миллиондаған адам жиналды.

1979 жылғы наурызда өткен референдумнан кейін сайлаушылардың 98%-ы ислам республикасына ауысуды мақұлдады да, үкімет жаңа Конституцияны әзірлеуге кірісті, ал Аятолла Хомейни 1979 жылғы желтоқсанда Иран Жоғарғы көсемі болып сайланды. Ол Time журналы бойынша «Жыл адамы» атанды. 1979 жылы халықаралық ықпалы үшін оны «Батыс танымал мәдениетіндегі шииттік исламның басты тұлғасы, өкілі» деп те сипаттады. Хомейнидің елді Пехлевиге адал шенеуніктерден айыру туралы бұйрығынан кейін көптеген бұрынғы министрлер мен шенеуніктер өлім жазасына кесілді. Революциядан кейін Иран сунниттердің ықпалымен күресу және мұсылман әлемінде Иранның үстемдігін орнату үшін дүние жүзіндегі шиит содырларына қолдау көрсете бастады. 1980 жылы Исламдануға сәйкес келмейтін барлық университеттерді жабу қаупімен елде Мәдени революция басталды. Барлық университеттер 1980 жылы жабылды да, 1983 жылы қайта ашылды.

1979 жылғы қарашада АҚШ Пехлевиді экстрадициялаудан бас тартқаннан кейін ирандық студенттер оның елшілігін басып алып, 53 америкалықты кепілге алды.Джимми Картердің әкімшілігі оларды босату және құтқару туралы келіссөздер жүргізуге тырысты. Картер қызметтегі соңғы күні Алжир келісімдеріне сәйкес соңғы кепілге алынғандар босатылды. АҚШ пен Иран бір-бірінің дипломатиялық қарым-қатынастарын 1980 жылғы сәуірде үзді де, содан бері ресми дипломатиялық қарым-қатынас болмады.

Иран–Ирак соғысы (1980–1988)

Иран-Ирак соғысында көз жұмған сарбаздардың жерлену рәсімі, Иран
Толық мақаласы: Иран-Ирак соғысы

1980 жылғы қыркүйекте Ирак Хузестанға басып кіріп, Иран-Ирак соғысын бастады. Ирак Иранның төңкерістен кейінгі бейберекетсіздігін пайдаланып қалуға үміттенгенімен, Ирак әскері тек үш айдың ішінде ілгерілеушілікке қол жеткізді және 1980 жылғы желтоқсанда Саддам Хусейннің күштері тоқтап қалды. 1982 жылдың ортасына қарай ирандық күштер қарқын ала бастады, ирактықтарды Иракқа сәтті түрде қайтарып, 1982 жылғы маусымға дейін барлық жоғалған аумақтарды қайтарып алды. Иран Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 514-қарарын қабылдамады және Басра сияқты қалаларды басып алуды бастады. Иранның Ирактағы шабуылдары бес жылға созылды да, Ирак қарсы шабуыл бастады.

Соғыс 1988 жылға дейін жалғасты, Ирак өз елінің ішіндегі ирандық күштерді жеңіп, Иран әскерлерін шекарадан кері ығыстырды. Хомейни Біріккен Ұлттар Ұйымының аралығымен бітімге келді: екеуі де соғысқа дейінгі шекараларына шегінді. Бұл XX ғасырдағы ең ұзақ дәстүрлі соғыс және Вьетнам соғысынан кейінгі ең ұзақ екінші соғыс болды. Ирандықтардың жалпы шығыны 123,000–160,000 шайқаста көз жұмған, 61,000 із-түзсіз жоғалған және 11,000–16,000 бейбіт тұрғын қайтыс болды. Саддам Хусейн құлағанынан бері екі ел арасындағы қарым-қатынастар айтарлықтай жылыды.

1990 жылдардан бергі тарихы

Рухолла Хомейни кесенесінде тағы Акбар Рафсанджани сияқты шенеуніктер де жерленген
Жоғарғы көсем Әли Хаменеидің Парламент депутаттарымен кездесуі

1989 жылы Акбар Рафсанджани революция идеологиясын бұзбай, экономиканы қайта құрудың бизнесті қолдау саясатына шоғырланды. Ол ел ішінде еркін нарықты қолдап, мемлекеттік өндірістерді жекешелендіруді және халықаралық деңгейде қалыпты жағдайды қолдады. 1997 жылы Рафсанджанидың ізбасары реформист Мұхаммед Хатами болды да, оның үкіметі сөз бостандығын, Азия және Еуропа Одағымен сындарлы дипломатиялық қарым-қатынасты және еркін нарық пен шетелдік инвестицияны қолдайтын экономикалық саясатты жақтады.

2005 жылғы президент сайлауы билікке консервативті популист кандидат Махмұд Ахмадинежадты әкелді. Ол өзінің қатал саяси ұстанымымен, ядролық қарулануы және Израильге, Сауд Арабиясына, Ұлыбританияға, АҚШ-қа және басқа мемлекеттерге қарсылығы үшін белгілі болды. Ол өзінің президенттігіне қатысты сұрақтарға жауап беру үшін парламент шақырған бірінші президент болды. 2013 жылы президент болып орталықшыл және реформатор Хасан Рухани сайланды. Ішкі саясатта ол жеке бас бостандығын, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қолдады, әйелдердің құқықтарын жақсартты. Ол келісім хат алмасу арқылы Иранның дипломатиялық қарым-қатынастарын жақсартты.

2020 жылы Ирандағы екінші ең күшті тұлға болғанИТКК генералы Қасым Сүлеймани АҚШ тарапынан өлтірілді де, бұл екі ел арасындағы шиеленісті күшейтті. Иран Ирак авиабазаларына қарсы жауап қайтарды, америкалықтарға үлкен баллистикалық зымыранмен шабуыл жасады; 110 адам ми жарақатын алды. Реформист Хасан Руханиден кейін 2021 жылғы президенттік сайлауға ызғарлы делінетін Ибраһим Раиси өзін президенттікке қайта ұсынды да, жеңіске жетті. 2024 жылғы сәуірде Израильдің Иран консулдығына әуе шабуылы нәтижесінде ИТКК қолбасшысы қаза тапты. Иран ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, қанатты және баллистикалық зымырандармен жауап қайтарды; 9 Израильге тиді. Батыс және Иордания әскерилері Израильге Иранның кейбір ұшқышсыз ұшақтарын түсіруге көмектесті. Бұл тарихтағы ең үлкен ұшқышсыз соққы, Иран тарихындағы ең үлкен зымырандық шабуыл, оның Израильге жасаған алғашқы тікелей шабуылы және 1991 жылдан бері Израильге мемлекеттік күштің тікелей шабуылы болды. Бұл Израильдің Газа секторына басып кіруі барысындағы шиеленістің күшеюі кезінде орын алды.

2024 жылғы мамырда Раиси тікұшақ апатынан қаза тапты да, бірінші вице-президент Мұхаммед Мохбер президент міндетін атқарушысы болды, және 28 маусымда Иранда президент сайлауы өтеді.

Үкіметі және саясаты

1979 жылы қабылданған конституция бойынша Иран — ислам республикасы. 2019 жылы Иран әлемдегі санаулы теократиялық елдердің бірі болып табылады.

Жоғарғы көсемі

Толық мақаласы: Иран Жоғарғы көсемі
Моджтаба Хаменеи
Жоғарғы көсем
Масуд Пезешкиан
Президент

Жоғарғы көсем (Рахбар; кейде Революция басшысы деп те аталады) — Иран мемлекет басшысы, саясатты қадағалауға жауапты. Рахбармен салыстырғанда президенттің өкілеттігі шектеулі. Қазіргі Рахбар — Моджтаба Хаменеи. Негізгі министрлер Рахбардың келісімімен таңдалады және олар сыртқы саясатта соңғы сөзді айтады. Рахбар қорғаныс, барлау және сыртқы істер министрлерін, сондай-ақ президент кандидаттарын ұсынғаннан кейін басқа да жоғарғы министрліктерді тағайындауға тікелей қатысады.

Рахбар аймақтық саясатты тікелей бақылайды, Сыртқы істер министрлігінің міндеті хаттамалық және салтанатты шаралармен шектеледі. Араб елдеріндегі елшілерді, мысалы, Рахбарға тікелей бағынатын Құдс күштері таңдайды. Рахбар заңдарға өзгертулер енгізуге бұйрық бере алады.

Рахбар, оған қоса, — қарулы күштердің бас қолбасшысы, әскери барлау мен қауіпсіздік операцияларын бақылайды және соғыс, не бейбітшілік жариялауға жалғыз билікке ие. Сот билігінің, мемлекеттік радио және телевизиялық желілердің басшылары, полиция және әскери қолбасшылар және Конституция сақшылары кеңесіндегі 12 мүшесінің алтауын Рахбар тағайындайды.

Сарапшылар кеңесі Рахбарды сайлауға жауапты және оны біліктілігі мен халық алдындағы беделіне қарай қызметінен босатуға құқылы. Осы уақытқа дейін Сарапшылар кеңесі Рахбардың ешбір шешіміне қарсылық білдірген жоқ және оны қызметінен босатуға әрекет жасамады. Рахбар тарапынан тағайындалған сот жүйесінің бұрынғы басшысы Садық Лариджани Сарапшылар кеңесінің Рахбарды қадағалауы заңсыз деп мәлімдеді. Көптеген адамдар Сарапшылар кеңесі ешқандай нақты күші жоқ салтанатты органға айналды деп санайды.

2022 жылғы The Economist Democracy Index рейтингінде Иран 154-орынға ие болды.Хуан Линц 2000 жылы «Иран режимі тоталитаризмнің идеологиялық бағытын авторитаризмнің шектеулі плюрализмімен біріктіреді» деп жазды.

Президенті

Толық мақаласы: Иран президенті
Кабинет министрлері кездесетін орын және Президенттің басты кеңсесі, Президенттік резиденция

Жоғарғы көсемнен кейін Конституция президентті ең жоғары мемлекеттік билік органы ретінде анықтайды. Президент жалпыға бірдей дауыс беру арқылы төрт жылға сайланады, бірақ ант бергенге дейін Көсемнің ресми мақұлдауын алуы қажет. Көсемнің президентті қызметінен босату құқығы бар. Президент тек бір мерзімге қайта сайлана алады.

Президент конституцияның орындалуына және соңғы сөзді айтатын Рахбарға тікелей қатысты мәселелерді қоспағанда, Рахбар белгілеген жарлықтар мен жалпы саясатты жүзеге асырудағы атқарушы билікті жүзеге асыруға жауапты.

Президент министрлерді Парламенттің мақұлдауымен және Рахбарды тағайындайды, олар кез келген министрді қызметінен босатады немесе қалпына келтіреді. Президент Министрлер Кеңесін қадағалайды, үкімет шешімдерін үйлестіреді және заң шығарушы органның қарауына ұсынылатын мемлекеттік саясатты таңдайды. Президенттің жанында сегіз вице-президент, сондай-ақ 22 министрден тұратын кабинет жұмыс істейді.

Сақшылар кеңесі

Толық мақаласы: Конституция сақшыларының кеңесі

Президенттікке және парламенттікке кандидаттар өздерінің адалдығын қамтамасыз ету үшін сайлауға түсер алдында 12 мүшеден тұратын Қамқоршылық кеңесімен (барлық мүшелерін Көшбасшы тағайындайды) немесе Көшбасшы бекітуі керек. Көшбасшы тексеруді сирек жүргізеді, бірақ оны жасауға құқығы бар, бұл жағдайда Қамқоршылық кеңестің қосымша мақұлдауы қажет емес. Көшбасшы Қамқоршылық кеңесінің шешімдерін кері қайтара алады.

Конституция кеңеске үш мандат береді: парламент қабылдаған заңнамаға вето қою, сайлауды қадағалау және жергілікті, парламенттік, президенттік немесе Сарапшылар кеңесінің сайлауына қатысуға ниет білдірген кандидаттарды мақұлдау, не дисквалификациялау. Кеңес екі негізге сүйеніп заңның күшін жоя алады: шариғатқа (ислам заңнамасы) қайшы болса, не конституцияға қайшы болса.

Ұлттық қауіпсіздігінің жоғарғы кеңесі

Толық мақаласы: Иран ұлттық қауіпсіздігінің жоғарғы кеңесі

Ұлттық қауіпсіздіктің жоғарғы кеңесі (ҰҚЖК) сыртқы саяси шешімдер процесінің жоғарғы жағында. Кеңес ұлттық мүдделерді, революцияны, аумақтық тұтастықты және ұлттық егемендікті қорғау және қолдау үшін 1989 жылғы конституциялық референдум кезінде құрылды.Конституцияның 176-бабында оған төрағалық ету президентке жүктелген.

Жоғарғы Кеңестің хатшысын Көсем тағайындайды және Кеңестің шешімдері Көсем бекіткеннен кейін күшіне енеді. Ұлттық қауіпсіздік кеңесі ядролық саясатты тұжырымдайды және оны Көсем бекітсе, күшіне ендіре алады.

Заң шығарушы билігі

Толық мақаласы: Исламдық ақылдастық кеңес
Иран парламенті деп те аталатын Исламдық ақылдастық кеңес (Меджлис), оның 290 депутаты бар.

Заң шығарушы билікті бірпалаталы парламенті — Меджлис (парсы: مجلس شورای اسلام— «Исламдық ақылдастық кеңес») қамтиды. Жоғарғы палатасы 1979 жылғы төңкерістен кейін таратылды. Меджлис төрт жылдық мерзімге жалпыхалықтық дауыс беру арқылы сайланған 290 мүшеден тұрады. Парламент заң жобаларын әзірлеуге, халықаралық шарттарды ратификациялауға және бюджетті дайындауға жауап береді. Меджлис депутаттығына үміткерлердің барлығын Сақшылар кеңесі бекітеді.

Заң

Иран өзінің құқықтық жүйесі ретінде еуропалық азаматтық құқық элементтері бар шариғат құқығының бір түрін пайдаланады. Жоғарғы көсем Жоғарғы Соттың басшысын және бас прокурорды тағайындайды. Соттардың бірнеше түрі бар, соның ішінде азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын қоғамдық соттар және ұлттық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар сияқты белгілі бір құқық бұзушылықтарды қарайтын революциялық соттар. Революциялық соттардың шешімдері түпкілікті болып табылады және оларға шағым жасау мүмкін емес.

Негізгі қалалары

Толық мақаласы: Иран қалаларының тізімі

Иран халқының 67,5% -ы қалаларда тұрады. 2030 жылға қарай, бұл мәні, шамасы, 80% жетеді. Ең үлкен қала — 8,7 миллион халқы Тегеранда бар (14 млн агломерациялық). Тегеранда елдің өндірістік қуатының жартысынан астамы шоғырланған, соның ішінде — автомобильдік, электрондық, қару-жарақ, химия және тамақ өндірісі. Екінші үлкен қалалар — Мешһед, қасиетті қала шииттер. Ең ішкі мигранттар Тегеран, Исфаһан, Ахвазе қалаларының айналасында қоныстануға, және Қом. Аталған популяциялар 2006/07 (1385 AP) санағынан алынған.

Халқы бар қалалар:

  • — 5 000 000 – 10 000 000 адам.
  • — 2 000 000 – 4 999 999 адам.
  • — 1 000 000 – 1 999 999 адам.
  • — 800 000 – 999 999 адам.
  • — 500 000 – 749 999 адам.
  • — 300 000 – 499 999 адам.
Иран (Иран)
Тегеран
Мешһед
Исфаһан
Кередж
Тебриз
Шираз
Ахваз
Қом
Керманшах
Урмия
Решт
Захедан
Керман
Эрак
Хамадан
Йезд
Ардебиль
Бендер-Аббас
Исламшехр
Казвин
Зенджан
Хорремабад
Сенендедж
Иран халқының саны 300 мың адам. және тағы басқалар (2011 жылғы жағдай бойынша)

Әкімшілік бөлінісі

Толық мақаласы: Иранның әкімшілік бөлінісі

Иранның негізгі әкімшілік бірлігі — остандар (парсы: استانostān; көпше түрі — استانﻫﺎ — ostānhā), олар шаһрестандарға бөлінеді (парсы: شهرستان), ал олар өз кезегінде бахшиге (парсы: بخش) бөлінеді.

Останның ең үлкен қаласы жиі оның астанасы (парсы: مرکزmarkaz) болып жатады. Әркімде остан губернатор басқарады (остандаром — استاندار). Иран 31 останға бөлінеді:

  1. Tегеран
  2. Құм
  3. Маркази
  4. Қазвин
  5. Гилан
  6. Ардабил
  7. Занчан
  8. Шығыс Әзербайжан
  9. Батыс Әзербайжан
  10. Күрдістан
  11. Һамадан
  12. Керманшаһ
  13. Илам
  14. Лұрстан
  15. Хузистан
  16. Эльбурс
  1. Чахармақал және Бахтиари
  2. Кугилуя және Буйир-Аһмад
  3. Бушеһр
  4. Парс
  5. Құрмұзған
  6. Сейістан және Белуджстан
  7. Керман
  8. Язд
  9. Исфаһан
  10. Симнан
  11. Мазандаран
  12. Гүлстан
  13. Солтүстік Хорасан
  14. Ризауи Хорасан
  15. Оңтүстік Хорасан
Жоғары