Талас — Қырғызстандағы облыстық маңызы бар қала, Талас облысы және ауданының әкімшілік орталығы.
| Қала | |
| Талас | |
| қыр. Талас | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | облыс орталығы |
| Облыс | |
| Аудан | |
| Мэр | Шакиев Нурдин |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 42°31′00″ с. е. 72°14′00″ ш. б. / 42.51667° с. е. 72.23333° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°31′00″ с. е. 72°14′00″ ш. б. / 42.51667° с. е. 72.23333° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1877 |
| Бұрынғы атаулары | Дмитриевка |
| Қала статусы | 1944 |
| Биіктігі | 1280 м |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 32 886 адам (2009) |
| Агломерация | 50 000 |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар - 88,9 % |
| Конфессиялар | сунни мұсылмандар, православ-христиандар |
| Сандық идентификаторлары | |
| Телефон коды | 996 3422 |
| Автомобиль коды | T, 07 |
| ta.kg | |
Талас шекарасы | |
Географиясы
Талас аңғарының солтүстік-шығыс бөлігінде, теңіз деңгейінен 1280 м биіктікте, Талас өзенінің алқабында, Қырғызстан астанасы Бішкек қаласынан 360 км батысқа қарай, Жамбыл (Қазақстан) темір жол станциясынан 90 км шығысқа қарай және Бішкек — Ош тас жолынан 90 км батысқа қарай орналасқан.
Климаты
Климаты континенттік, қуаң. Ең жоғары орташа айлық температура шілдеде байқалады және +30...+35 °С құрайды, ең төменгі орташа айлық температура қаңтарда және -15...-25 °С құрайды. Жылдық жауын-шашын нормасы шамамен 300-400 мм.
Халқы
Халық саны — 35 200 адам (2015).
Халықтың ұлттық құрамы: қырғыздар — 29 288 адам (88,9 %), орыстар — 2127 адам (6,6 %), өзбектер — 435 адам (1,3 %), украиндар — 239 адам (0,7 %), немістер — 214 адам (0,6 %), түріктер — 158 адам (0,5 %), қазақтар — 155 адам (0,5 %).
Тарихы
Қала 1877 жылы орыс қоныс аударушыларымен Талас аңғарының орталық бөлігінде, Талас өзенінің сол жағалауында, Шығыс Түрік Қағанаты кезіндегі ежелгі қоныстың орнында, теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте құрылды. Бұрын Дмитриевка деп аталды. 1944 жылы қала статусын алды.
Сілтемелер
- Талас туралы ақпарат
- Қырғызстан қалалары ассоциациясы сайтында Мұрағатталған 6 ақпанның 2015 жылы.
| Бұл — Қырғызстан географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |

