Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сарқан ауданы — Жетісу облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылы құрылған. Алғашында аудан орталығы “Лепсинск” (Шұбарағаш) де

Сарқан ауданы

  • Басты бет
  • Сарқан ауданы

Сарқан ауданы — Жетісу облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. 1928 жылы құрылған. Алғашында аудан орталығы “Лепсинск” (Шұбарағаш) деп аталды. 1935 жылы аудан орталығы Сарқанға көшірілді.

Қазақстан ауданы
Сарқан ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Жетісу облысы

Аудан орталығы

Сарқан

Ауылдық округтер саны

12

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

35

Қала саны

1

Әкімі

Ғалымжан Қанатұлы Маманбаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Сарқан қаласы, Тәуелсіздік көшесі, №111

Тарихы мен географиясы
Координаттары

45°29′24″ с. е. 79°55′48″ ш. б. / 45.49000° с. е. 79.93000° ш. б. / 45.49000; 79.93000 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°29′24″ с. е. 79°55′48″ ш. б. / 45.49000° с. е. 79.93000° ш. б. / 45.49000; 79.93000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

24,4 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

39 898 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (80,64%), орыстар (17,39%), шешендер (0,61%), татарлар (0,57%), немістер (0,34%), басқалары (0,45%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

041500-041527

Автомобиль коды

19

Сарқан ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Сарқан ауданы

Мазмұны

Жер бедері

Солтүстігінде Абай облысының Аягөз ауданымен, шығысында Алакөл ауданымен, батысында Қаратал, Ақсу аудандарымен және Қарағанды облысының Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Қытаймен шектеседі.

Ауданның оңтүстік-шығыс, шығыс бөлігі таулы келген, солтүстігі, солтүстік-батысы мен батысы аласа қырат, төбелерден тұрады. Басқа бөлігі жазық. Оңтүстік-шығысы Қытаймен шектеседі. Жер қойнауынан бентонит кені (Үлдерсай), құрылыс материалдары, натрий сульфаты бар Қарашаған кен орны барланған.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік. Қаңтар айындағы ауаның орташа температурасы –7 — 10°С, шілде айынікі 22°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау етегінде 450 — 550 мм, таулы өңірде 700 — 800 мм. Лепсі, Басқан, Теректі, Сарқан, Ақсу өзендері ағып өтеді. Ауданның жазық өңірінде Алтай, Жасылкөл көлдері бар. Жазық келген солтүстік, солтүстік-батыс бөлігінің топырағы сұр, сортаңды сұр, құмды, құмайтты сұр, орталық өңірінде қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Тау бөктері мен аңғарларда қызғылт-қоңыр, қара топырақ басым. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер: Жоңғар бәрбісі, көктем жаргүлі, қаражемісті итжүзім, марал түбірі, Виттрок рауғашы, қызғылт радиолла, ақшыл сиягүл, Шренк қызғалдағы өседі. Шөлді, шөлейтті өңірде қасқыр, түлкі, борсық, қоян, ақбөкен, елік, жабайы шошқа, ондатр, таулы бөлігінде қоңыр аю, тау ешкісі, арқар, марал, суыр, т.б. кездеседі. Құстардан: дуадақ, аққу, үйрек, қырғауыл, ұлар, кекілік, бұлдырық бар. Тұщы суларында сазан, шармай, алабұға, аққайран, патшабалық (форель), таутан балықтары кездеседі. Балқаш, Алтай көлдерінде бекіре, ақсерке, табан балық, жайын, көксерке бар. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген аңдардан: қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы, сусар, қара күзен, барыс, шағылқұм мысығы; құстардан — қызғылт бірқазан, көкқұтан, бүркіт, қоқиқаз, аққу, шүрегей, тырна, дуадақ, тарғақ, жұртшы, лашын, үкі, т.б. кездеседі.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 40071 ▲42582 ▲55538 ▼54155 ▼52703 ▼47808 ▼41016 ▼40259

Аудан халқының саны 36 962 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар (80,76%), орыстар (17,11%), татарлар (0,68%), немістер (0,37%), шешендер (0,60%), басқалары (0,49%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 36 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Алмалы ауылдық округі 4044 ▼3864 95,5 2021 ▼1983 98,1 2023 ▼1881 93
Аманбөктер ауылдық округі 570 ▼451 79,1 294 ▼234 79,6 276 ▼217 78,6
Амангелді ауылдық округі 1965 ▼1570 79,9 1032 ▼835 80,9 933 ▼735 78,8
Бақалы ауылдық округі 1631 ▼1617 99,1 829 ▼827 99,8 802 ▼790 98,5
Екіаша ауылдық округі 2979 ▼2426 81,4 1493 ▼1246 83,5 1486 ▼1180 79,4
Көктерек ауылдық округі 791 ▼582 73,6 401 ▼303 75,6 390 ▼279 71,5
Қарабөгет ауылдық округі 1408 ▲1491 105,9 732 ▲771 105,3 676 ▲720 106,5
Қарашыған ауылдық округі 1279 ▼924 72,2 639 ▼488 76,4 640 ▼436 68,1
Қойлық ауылдық округі 3257 ▼2641 81,1 1596 ▼1332 83,5 1661 ▼1309 78,8
Лепсі ауылдық округі 3721 ▼2694 72,4 1894 ▼1362 71,9 1827 ▼1332 72,9
Сарқан қалалық әкімдігі 14847 ▲18504 124,6 7201 ▲9075 126 7646 ▲9429 123,3
Черкасск ауылдық округі 3783 ▼2968 78,5 1938 ▼1532 79,1 1845 ▼1436 77,8
Шатырбай ауылдық округі 741 ▼527 71,1 393 ▼283 72 348 ▼244 70,1
ЖАЛПЫ САНЫ 41016 ▼40259 98,2 20463 ▼20271 99,1 20553 ▼19988 97,3

Шаруашылығы

Ауданда 1997 жылға дейін биязы жүнді қой, етті-сүтті мал, жылқы, астық, қант қызылшасы, көкөніс өсіруге және омарта ш-на маманданған 7 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1997 жылдан кейін олар жекешелендірілді. Нәтижесінде ауданда 14 ӨК, 10 АҚ, 64 серіктестік, 37 ЖШС, 1000-ға жуық шаруа қожалығы құрылды (2003). Аудан аумағындағы ірі кәсіпорындар: “Қанатжан”, “Талдықорған электр жүйесін тасымалдау компаниясы”, “Сарқант аудандық электр жүйелері” АҚ-тары және “Су арналары” мемл. қазыналық кәсіпорын, “Сарқант аудандық суландыру жүйелері кәсіпорны”, “Алатау” баспа бірлестігі АҚ, ауданы телекоммуникациялар кәсіпорны, “Қаратал орманы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, т.б. Ауданда 537,8 мың га жер а. ш-на жарамды, оның ішінде 69,0 мың га егістік, 174,1 мың га шабындық бар (2003). 65,3 мың қой мен ешкі, 22,0 мың ірі қара мал, 8,5 мың жылқы, 6,4 мың шошқа, 0,1 мың түйе және 67,8 мың құс тіркелген (2003).

Инфрақұрылымы

Жалпы білім беретін 31 мектеп, кәсіптік-техникалық мектеп, гуманитарлық колледж, балабақша, шығармашылық үй, 2 кітапхана, 2 мұражай, 4 мәдениет үйлері жұмыс істейді. Емдеу-сауықтыру орындарынан 3 аурухана (оның ішінде орт. ауданы аурухана), 9 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 21 фельдш.-акушерлік пункт, 2 сан.-эпидемиол. ст. халыққа қызмет етеді (2003). Аудан аумағынан Алматы — Өскемен автомобиль магистралі және Түркістан — Сібір темір жолы өтеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Сарбас руы

  • Сәуір 02, 2026

    Луи Пастер

  • Сәуір 06, 2026

    Сырдария губерниясы

  • Сәуір 02, 2026

    Леп белгісі

  • Сәуір 07, 2026

    Тоқа Темір

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары