Уаза (фр. Oise, пикард. Oése) — Францияның солтүстігіндегі департамент, Пикардия аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 60. Әкімшілік орталығы — Бове. Халық саны 766,4 мың адам (департаменттер арасында 25-ші орын, 1999 ж.).
Географиясы
Жер аумағы 5887 км². Департамент арқылы Уаза өзені ағып өтеді. Атауы осы өзеннен шықса керек.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
Департамент 4 округ, 41 кантон және 693 коммунаны қосады.
Тарихы
Уаза — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Иль-де-Франс провинциясының аймағында пайда болған.
Тағы қараңыз
- Уаза департаментінің коммуналары
Сілтемелер
- Oise Tourist Board 25 мамырдың 2004 жылы.
- Conseil Général website 27 қыркүйектің 2009 жылы. (In French)
- Prefecture website 11 қарашаның 2004 жылы. (in French)
| Бұл — Франция географиясы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
| ||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Санат:
- Уаза