Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ферлан Менди (фр. Ferland Mendy; 8 маусым 1995 жыл, Мёлан-ан-Ивелин, Франция) — франциялық футболшы, Франция Ұлттық футбол құрамасы мен "Реал Мадрид" клубының қ

Ферлан Менди

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ферлан Менди Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

8 маусым 1995 (1995-06-08)(31 жас)

Азаматтығы

Франция Франция

Бойы

180

Салмағы

73

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Реал Мадрид

Номері

23

Клуб карьерасы
2015—2017 Франция Гавр 47 (2)
2013—2015 Франция Гавр II 56 (1)
2017—2019 Франция Олимпик Лион 57 (2)
2019— Испания Реал Мадрид 128 (4)
Ұлттық құрамы
2018—  Франция 10 (0)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Ферлан Менди (фр. Ferland Mendy; 8 маусым 1995 жыл, Мёлан-ан-Ивелин, Франция) — франциялық футболшы, Франция Ұлттық футбол құрамасы мен "Реал Мадрид" клубының қорғаушысы.

Карьерасы

Клубтық

Ферланның анасы сенегалдық. Балалық шағында "Пари Сен-Жермен", "Гавр" клубтарының мектебінен өтті. 2015 жылы "Гавр" сапында Франция чемпионатында ойнай бастады. 24 сәуірде 2 лигадағы тұңғыш ойынын "Сошоға" қарсы өткізді.

2017 жылы 29 маусымда "Олимпик Лионға" ауысты, трансфер құны 5 млн еуроны құрады. 26 тамызда "Нант" клубына қарсы ойында жаңа командасы сапындағы тұңғыш ойынын өткізді. 23 қыркүйекте "Дижонмен" ойында екі нәтижелі пас берді. Бұл ойын 3:3 есебімен тең аяқталды. Бірақ ұзамай жиі тәртіп бұзды да, негізгі құрамдағы орнынан айрылып қалды. Жалпы 2017/18 жылғы маусымда 28 кездесуде алаңға шығып, 8 нәтижелі пас берді.

2018/19 жылғы маусымда негізгі құрамға берік орнықты да, Еуропаның бірнеше белді клубтары Мендиді қатарына қосып алғылары келетінін мәлімдеді.

2019 жылы 12 маусымда "Реал Мадрид" футболшысы атанды.

Құрама

2018 жылы қараша айында Уругвайға қарсы матчта тұңғыш рет Франция сапында алаңға шықты.

Жетістіктері

Командалық

  • Испания чемпионы: 2019/20, 2021/22, 2023/24
  • Испания кубогы: 2022/23
  • Испания суперкубогы: 2020, 2022, 2024
  • УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2021/22, 2023/24
  • УЕФА суперкубогы: 2022, 2024
  • УЕФА Ұлттар лигасы: 2020/21

Сілтемелер

Жоғары