
Фотохимиялық реакциялар - электромагнитті толқындардың, оның ішінде жарықтың әрекетімен болатын химиялық процестер. Табиғатта кеңінен тараған, фотосинтездің, озон қабатының түзілуі мен бұзылуының, фотохимиялық у түтін пайда болуының және ластағыш заттектердің, басқа да бірқатар айналуларының негізі осы фотохимиялық реакциялар болып табылады. Фотохимиялық реакциялардың басқа мысалдары:
- фотопластинканың сәулесезгіш қабатындағы күміс бромидінің ыдырауы,
- фотоизомеризация,
- фотохимиялық индукцияланатын перициклді реакциялар,
- фотореактивация - ДНҚ-ны бұзылулар кезінде қалпына келтіретін механизмдердің бірі (прокариоттарда, қарапайымдыларда, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, омыртқасыздарда және т.б. болады).
Фотоқозу - фотохимиялық реакцияның бірінші кезеңі, бұл кезде тітіркенуші зат жоғары энергиялы күйге жетеді. Фотосенсибилизатор сәулелерді жұтып, энергияны тітіркенуші затқа жеткізеді. Кері үрдісте фотоқозған күй химиялық реагент арқылы деактивтенеді. Фотоқозу фотоизомеризация үрдісінде негізгі рөл атқарады, сонымен қоса, фотохимияда, люминисценцияда, т.б.-ларда қолданылады.
- Экология
- Табиғатты қорғау