Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ауыл
Шелек
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Алматы

Ауданы

Еңбекшіқазақ

Ауылдық округі

Шелек

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°35′57″ с. е. 78°15′24″ ш. б. / 43.59917° с. е. 78.25667° ш. б. / 43.59917; 78.25667 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°35′57″ с. е. 78°15′24″ ш. б. / 43.59917° с. е. 78.25667° ш. б. / 43.59917; 78.25667 (G) (O) (Я)

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

29032 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

05

Шелек картадаБайқоңырБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көлі
Шелек картада
Шелек
Шелек
Шелек картада
Шелек
Шелек

ШелекАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Шелек ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 76 км-дей жерде, Шілік өзенінің сол жағалауына таяу орналасқан.

Халқы

Саны (1999, 2009, 2021)
1999200920212021 2009-ға пайызбенЕрлер 2009Ерлер 20212021 2009-ға пайызбенӘйелдер 2009Әйелдер 20212021 2009-ға пайызбен
227032668829032108,813135145831111355314449106,6

Шелек ауылы "Шелек" батырдың атымен аталады. Сонымен қатар, Шелектің желі соқса, жұрт Шелек батырдың мінезіндей жел ұйытқып жатыр деген. Шелек ауылы тек Алматы облысында ғана емес, бүкіл Қазақстандағы ең үлкен ауыл болып табылады. КСРО кезінде Шелек ең көпұлтты ауыл болып табылатын. Онда қазақтар, ұйғырлар, орыстар, гректер, түріктер, корейлер, болгарлар, грузиндер және т.б. мекен еткен.

Қазір бұл жердің негізгі тұрғындары – қазақ, орыс, ұйғырлар. Сол себепті мұндағы мектептер үш – орыс, қазақ, ұйғыр тілдерінде оқытады. Кеңестік замандарда Шелек қамыс өңдеу зауытының арқасында атағы шыққан. Уақыт өте келе халықтың өсуімен жаңа да өндірістер қосылды, соның ішінде Шелек өзінің қызанақтары мен темекісімен белгілі болды және оларды сатудан алынған қаражаттар өндірушіліерін Қазақстандағы ең «тоқ» халық етті. Заманауи Шелекте 769 шаруашылық, 25 ЖШС, 90 дүкен, 63 тұрмыстық кәсіпорындары, 43 асхана және көптеген кафе, барлар, биллиард, казинолар және ресторандар бар. Ауылда 2 аурухана, балалар үйі, мәдениет үйі және ролик–клуб жəне сауда орталықтары бар. 2005-ші жылы ауылда жемістер мен көкөністерді өңдейтін және сүт зауыттары ашылды.

2017 жылдың қысында "Алма" атты сауда орталығы ашылса, 2017 жылдың көктемінде "Арзан" супермаркеті, 2017 жылдың жаз мезгілінде "Сұлтан" гипермаркеті ашылды.

Тарихы

1997 жылға дейін Шелек ауданының және темекі өсіретін кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Шелекте және округке қарасты Майское, Торғайбаза ауылдарында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда мәдени-ағарту мекемелерімен қатар құрылыс кәсіпорындары, асфальт, сыра зауыттары, тігін фабрикасы, т.б. жұмыс істейді. Шелек арқылы халықаралық маңызы бар Алматы — Жаркент — Қорғас автомобиль жолы өтеді.

html error wiki