Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Шона Смаханұлы (5 қазан 1924 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық савхозы – 1988 жыл, Алматы) — қазақ ақыны, сықақшы. Ысты руынан шыққан.

Шона Смаханұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шона Смаханұлы
Сурет
Туған күні

5 қазан 1924 (1924-10-05)

Туған жері

Ойық, Талас ауданы, Жамбыл облысы

Қайтыс болған күні

1988 (1988)

Қайтыс болған жері

Алматы, Алматы облысы

Азаматтығы

 КСРО
( Қазақ КСР)

Ұлты

Қазақ

Қызметі

ақын, сықақшы, редактор, жазушы, мұғалім

Марапаттары мен сыйлықтары

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен және медальдармен марапатталған

Шона Смаханұлы (5 қазан 1924 жыл, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық савхозы – 1988 жыл, Алматы) — қазақ ақыны, сықақшы. Ысты руынан шыққан.

Өмірбаяны

  • 1956 жылы Абай атындағы педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетін сырттай оқып бітірді.
  • 1942 – 1943 жылы әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты.
  • 1943 – 1957 жылы педагогикалық қызмет атқарды.
  • 1957 – 1958 жылы "Мектеп" баспасында редактор
  • 1958 – 1963 жылы "Қазақстан мұғалімі" газетінде бөлім меңгерушісі
  • 1964 – 1968 жылы "Ара" журналында фельетонист болды.
  • 1973 жылдан "Жазушы" баспасы поэзия редакциясының редакторы.

Шығармалары

Шона Смаханұлы әдеби шығармашылықпен 1950 жылдан шұғылдана бастады.

  • "Тотияйын" атты тұңғыш сатиралық өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді.
  • "Шимайбек пен Шыңқетпе" (1960)
  • "Қу түлкінің сыбағасы" (1961)
  • "Көріп жүр ғой көздері" (1965)
  • "Ұры тіс" (1967)
  • "Ұр, тоқпағым, ұр" (1970)
  • "Айға ұшамын" (1971)
  • "Жүз шымшыма, қырық қышыма" (1973)
  • "Кездік" (1976) т. б. кітаптары шықты.
  • "Купорос" атты жинағы орыс тілінде 1968 жылы Москвада басылды.
  • "Қоңыраулы шеңгел" атты шығармаларының жинағы 1974 жылы жарық көрді.
Жоғары