Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ғани Әлімұлы Қалиев (19 шілде 1938, Белбасар, Жамбыл облысы — 12 наурыз 2024) — қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1981), профессор (1986), Қаз

Ғани Қалиев

  • Басты бет
  • Ғани Қалиев

Ғани Әлімұлы Қалиев (19 шілде 1938, Белбасар, Жамбыл облысы — 12 наурыз 2024) — қазақстандық ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1981), профессор (1986), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1994).

Ғани Қалиев
Толық есімі

Ғани Әлімұлы Қалиев

Туған күні

19 шілде 1938 (1938-07-19)

Туған жері

Белбасар, Шу ауданы, Жамбыл облысы

Қайтыс болған күні

12 наурыз 2024 (2024-03-12) (85 жас)

Азаматтығы

 КСРО →
 Қазақстан

Қызметі

экономист

Марапаттары мен сыйлықтары

Өмірбаяны

  • Дулат тайпасы Сиқым руынан шыққан.
  • Қырғыз мемлекеттік университетін (1962) бітірген.
  • 1963–64 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтында (қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы.
  • 1968–84 жылдары Қазақтың ауыл шаруашылық экономикасы және оны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, сектор, бөлім меңгерушісі, институт директорының орынбасары, директоры (1988–96).
  • 1984–88 жылдары Қазақ қой өсіру технология ғылыми-зерттеу институтының директоры.
  • 1991–96 жылдары Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының президенті болды.
  • 1999 жылдан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан социал-демократия «Ауыл» партиясының төрағасы. Оның басшылығымен Агроөнеркәсіптік кешеннің Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесі құрылды.

Ғылыми еңбектері

Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары агро теория және саясат мәселелеріне арналған. Оның басшылығымен және тікелей қатысуымен Қазақ қой шаруашылық технология ғылыми-зерттеу институтында малдың жаңа тұқымдарын, типтері мен линияларын алудың әдістері жетілдіріліп, шаруашылықтарда сұрыптау және асыл тұқымды мал өсіру жұмыстарын жақсарту мәселелері терең зерттелді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Суэц каналы

  • Сәуір 08, 2026

    Солтүстік бұғазы

  • Сәуір 09, 2026

    Әр-Рағд сүресі

  • Сәуір 06, 2026

    Ленинград ауданы

  • Сәуір 04, 2026

    Ботакөз (фильм)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары