Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жәдік әулеті – Жәдік сұлтаннан тараған әулет. Ол қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы. В.В. Вельяминов – Зернов 1864 жылы ө

Жәдік әулеті

  • Басты бет
  • Жәдік әулеті

Жәдік әулеті – Жәдік сұлтаннан тараған әулет. Ол қазақ хандығының негізін салушылардың бірі – Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы. В.В. Вельяминов – Зернов 1864 жылы өзінің “Исследование о Касимовских царях и царевичах” атты еңбегінде Жауық (Джаук) есімін Жәдік (Джадик) деп оқу керектігін, өйткені Жәдік пен басқа да деректерде келтірілетін Йадық есімінің бір адам екенін жазған. Жәдік Өсек сұлтанның туған бауыры еді. Жәдік пен оның ұрпақтары жөніндегі негізгі деректерді Қадырғали Жалайыр (17 ғасырда) келтіреді. Ол былай деп жазады: “Қасым хан өмір сүрген кезде Жәдік хан да өмір сүрді, оны Жыланды төбеде болған шайқаста Шығым мырзаның ұлдарының біреуі өлтірді. Оның бейіті Үргеніштегі Бақырған атада. Жәдік ханның әйелдері мен ұлдары көп болды, ұлдарының ішіндегі ең белгілілері – Тоғым хан, Бөкей сұлтан, Шығай хан, Мәлік сұлтан. Соңғыларының анасы Абайхан бегім болды. Тоғым ханның ұлдары Тоғыз сары деп аталады. Тоғым хан Мәліктің ұлы Бәшібек сұлтанмен, барлық Тоғыз Сары бірге Жаға атаның шегінде қаза тапты. Жәдік әулетінде 37 белгілі сұлтан болды”. В.В. Бартольдтың айтуынша Тоғым ханмен бірге болған бұл 37 сұлтан Моғолстан ханы Рашидпен 1537 – 38 жылдары болған шайқаста қаза тапқан. Бартольдтың деректерін белгілі ирантанушы О.Ф. Акимушкин де растайды.

Қазақтың атақты билеушілері:

  • Тәуекел хан,
  • Есім хан,
  • Тәуке хан,
  • Абылай хан,

тағы басқалар Жәдік әулетінен шыққан. Олар Жәдіктің кейін қазақ ханы ретінде таққа отырған ұлы – Шығайдың ұрпақтары болатын. Жәдіктің Қыдырғали бек атаған 4 ұлынан басқа Йанги (Жаңа) Баһадүр-сұлтан атты ұлы да белгілі. Ол жөнінде Хафиз Таныштың “Шараф-наме-ий” еңбегінде баяндалады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 13, 2026

    Аралбай батыр

  • Сәуір 09, 2026

    Гурьев округі

  • Сәуір 04, 2026

    Қан тамырлары

  • Наурыз 11, 2026

    Шыңғыс хан

  • Сәуір 03, 2026

    Чех тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары