| Қызылағаш | |
|---|---|
![]() Қызылағаш өзенінің орта ағысы | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 117 км |
| Су алабының ауданы | 2430 км² |
| Су алабы | Қаратал өзені |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Қаратау таулары |
| • Орналасқан жері | Жетісу Алатауының батыс сілемі |
| • Координаттары | 45°11′26″ с. е. 79°03′34″ ш. б. / 45.19056° с. е. 79.05944° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Үшкөл 1 көлі |
| • Орналасқан жері | Молалы темір жол стансасының солтүстік-батысындағы 25 км жер |
| • Координаттары | 45°39′40″ с. е. 78°05′44″ ш. б. / 45.66111° с. е. 78.09556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°39′40″ с. е. 78°05′44″ ш. б. / 45.66111° с. е. 78.09556° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Жетісу облысы Ақсу ауданы |
Қызылағаш – Қаратал алабындағы өзен.
Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу ауданының жерімен ағады.
Гидрологиясы
Ұзындығы 117 км, су жиналатын алабы 2430 км², жалпы ұзындығы 190 км болатын 140 саласы бар және алабында шағын 8 көл орналасқан. Ірі салалары: Мұзбұлақ, Біртоған, Қапал, Ақтұма, Шыңбұлақ. Сондай-ақ Қызылағаш бөгенінен төменде Егінсу, Ақешкі және Құрөзек тарамдарына ажыратылады.
Бастауы
Бастауын Жетісу Алатауының батыс сілемі Қаратау тауларынан алып, Молалы темір жол стансасының солтүстік-батысында 25 км жерде Үшкөл 1 көліне құяды.
Жер бедері
Жоғарғы арнасы тар, тау шатқалымен ағады, Күреңбел (Қорымбел) қонысы аумағында арнасы біршама кеңейеді, жағалауы жарқабақты келген. Орта ағысы жонды-белесті, сайлы-жыралы өңірмен өтеді. Мұндағы жағалауы жарлауытты. Қызылағаш бөгенінен төменде арнасы кеңейеді, алабы жазық жермен өтеді. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Қызылағаш ауылы тұсында 2,16 м³/с. Суы егістікке пайдаланылады, жайылмасы шабындық және жоғарғы алабы мал жайылымына пайдаланылады.
- Алфавит бойынша өзендер
- Ақсу ауданы өзендері
- Қаратал су алабы
