| Қына | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 328 м |
| Өлшемі | 2,4 × 1,2 км |
| Ауданы | 2,3 км² |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 6,9 км |
| Орналасуы | |
| 52°03′45″ с. е. 71°59′12″ ш. б. / 52.06250° с. е. 71.98667° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°03′45″ с. е. 71°59′12″ ш. б. / 52.06250° с. е. 71.98667° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақмола облысы |
| Аудан | Ақкөл ауданы |
Қына — Есіл алабындағы көл.
Географиялық орны
Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қына ауылының батысында, теңіз деңгейінен 328 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
Аумағы 2,3 км2, ұзындығы 2,4 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұзындығы 6,9 км. Жағалауы жайпақ, онда қамыс, құрақ өскен. Негізінен жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Қараша айының ортасында суы қатып, сәуір айының орта шенінде ериді. Алабы егістікке игерілген.
Санаттар:
- Алфавит бойынша көлдер
- Ақкөл ауданы көлдері
- Есіл су алабы көлдері

