Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Үгедей (моңғ. Өгөөдэй, қыт. 窝阔台) (1186 қазан — 1241 желтоқсанның 11-і) — Шыңғыс ханның үшінші ұлы, Моңғол Ұлысының екінші ұлы ханы (1229—1241), әкесінің мұрагер

Үгедей хан

  • Басты бет
  • Үгедей хан

Үгедей (моңғ. Өгөөдэй, қыт. 窝阔台) (1186 қазан — 1241 желтоқсанның 11-і) — Шыңғыс ханның үшінші ұлы, Моңғол Ұлысының екінші ұлы ханы (1229—1241), әкесінің мұрагері. Шыңғыс ханның көршілес елдерін жаулап алу саясатын жалғастырған. Батыс Қытайға және Орталық Азия жорықтарына қатынасқан. Жас кезінен әкесінің жорықтарына қатынасты. 1211—15 жылы Солтүстік Қытайға (Цзань империясы), 1218—22 жылы Орта Азияға (Хорезм) жорық кезінде жеке жасақтың басшысы болды. Орта Азия қалаларын қоршауға алу кезінде Шыңғысханның үлкен 2 ұлы Жошы мен Шағатай арасында үнемі дау туа бергендіктен, әкелері Үгедейді бірінші орынға шығарып, 2-ағасын оған бағынуға міндеттеді. Екі ағасына карағанда мінезінің жұмсақтығымен әрі елмен тез тіл табыса алуымен ерекшеленді. Хорезм жорығы аяқталғаннан кейін көп ұзамай Шыңғыс хан Үгедейді өзінің заңды мұрагері етіп тағайындады. Таққа отырғаннан кейін ол әкесінің жорықтарын ары қарай жалғастырды. 1232—34 жылы Үгедей мен Төле басқарған әскерлер Цзань империясын толық талқандап, Солтүстік Қытайды бағындыруды аяқтады. Қытайлармен соғыс аяқталысымен-ақ Үгедей бағынбай кеткен Хорезмнің соңғы билеушісі Жалел әд-Дин сұлтанды жазалау үшін арнайы жасақ аттандырады. Жалел әд-Дин талқандалып, күрдтердің қолынан қазаға ұшырады. Бүл жорықтың нәтижесінде моңғолдар Күрдістан, Әзірбайжан, Кіші Азияның шығыс бөлігін жаулап алды. 1235 жылы өткен құрылтайда батысқа қарай жорық жасауға арнайы шешім қабылданып, әскердің қолбасшылығына Жошы ұлысының билеушісі Бату хан бекітілді. Нәтижесінде, 1236-41 жылы Шығыс Еуропа толығымен моңғол үстемдігін мойындады. Замандастарының айтуынша, Үгедей білімді әрі ақылды адам болған. Ол билік жүргізген кезеңде ел астанасы Қарақорым қаласын салу аяқталды, халық санағы жүргізілді, пошта қызметі ұйымдастырылды.

Үгедей
Өгэдэй хаан
Үгедей хан
Лауазымы
Моңғол империясының Ұлы ханы
1229-1241
Ізашары Шыңғыс хан
Төле (регент)
Ізбасары Дөрегене-қатын (регент)
Гүйік
Өмірбаяны
Діні тәңіршілдік
Дүниеге келуі шамамен 1186
Қайтыс болуы 11 желтоқсан 1241 (1241-12-11)
Моңғолия
Династия Шыңғыс хан әулеті
Әкесі Шыңғыс хан
Анасы Бөрте
Жұбайы Дөрегене-қатын
Балалары Гүйік
Қодан
Күшү
Қашы
Қадан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Құрманғазы Айтмұрзаев

  • Сәуір 17, 2026

    Исатай Қият

  • Сәуір 02, 2026

    10 желтоқсан

  • Наурыз 29, 2026

    Тамыр (өсімдік органы)

  • Сәуір 06, 2026

    Қарабастау свитасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары