| Жылдар |
|---|
| 2022 · 2023 · 2024 · 2025 — 2026 — 2027 · 2028 · 2029 · 2030 |
| Онжылдықтар |
| 2000 жж. · 2010 жж. — 2020 жж. — 2030 жж. · 2040 жж. |
| Ғасырлар |
XX ғасыр — XXI ғасыр — XXII ғасыр |
| III мыңжылдық | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
XIX ғасыр — XX ғасыр — XXI ғасыр — XXII ғасыр — XXIII ғасыр | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Грегориан күнтізбесі | 2026 MMXXVI |
| Юлиан күнтізбесі | 2025 — 2026 (14 қаңтардан бастап) |
| Рим қаласының құрылуынан бастап | 2778 — 2779 (4 мамырдан бастап) |
| Византия күнтізбесі | 7534 — 7535 (14 қыркүйектен бастап) |
| Еврей күнтізбесі | 5786 — 5787 ה'תשפ"ו — ה'תשפ"ז |
| Ислам күнтізбесі | 1447 — 1448 |
| Армения күнтізбесі | 1475 ԹՎ ՌՆՀԵ
|
| Қытай күнтізбесі | 4722 — 4723 乙巳 — 丙午 көк жылан — қызыл жылқы |
| Ефиопия күнтізбесі | 2018 — 2019 |
| Инду күнтізбесі | |
| - Викрам самват | 2082 — 2083 |
| - Шака самват | 1948 — 1949 |
| - Кали-юга | 5127 — 5128 |
| Иран күнтізбесі | 1404 — 1405 |
2026 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның төртінші күні, яғни бейсенбіде басталады. Кібісе жыл емес.
Бұл біздің заманымыздың 2026 жылы, III мыңжылдықтың 26-жылы, XXI ғасырдың 26-жылы, 21 ғасырдың 3-онжылдығының 6-жылы, 2020 жылдардың 7-жылы болып табылады.
Оқиғалар
Қаңтар
- 1 қаңтар
- Болгария еуро валютасын қабылдап, еуроаймақтың жаңа мүше-мемлекеті атанды.
- Кипр Еуропалық кеңестің президенті атанды.
- Швейцария, Кран-Монтана барындағы өрт нәтижесінде 40 адам қайтыс болды, 116 адам жарақаттанды.
- 3 қаңтар
- АҚШ солтүстік Венесуэланың түрлі жерлеріне әуе соққыларын жасап, президенті Николас Мадуроны қамауға алды да, АҚШ-қа әкетті.
- Экваторлық Гвинея астанасын Малабодан Сьюдад-де-ла-Пас қаласына көшірді.
- 7 қаңтар – «Оңтүстік Найза» операциясы аясындағы АҚШ-тың мұнай блокадасы барысында Америка Құрама Штаттары көлеңкелі флотқа тиесілі екі танкерді, оның ішінде Ресей туы астында жүрген бір танкерді тәркіледі.
- 9 қаңтар – Оңтүстік Йемендегі қақтығыстар (2025–2026): Аумақтық шығындардан, оның ішінде астанасы Аденнен айырылғаннан кейін, Оңтүстік Өтпелі Кеңес өзінің таратылғанын жариялады.
- 13 қаңтар – Ирандағы наразылықтар (2025–2026): Иран режиміне қарсы бүкіл ел бойынша наразылықтар жалғасуда, үкіметтің қатаң қысымы аясында мыңдаған адамның қаза тапқаны және тағы мыңдағанының ұсталғаны хабарланды.
- 18 қаңтар – Сегіз еуропалық ел бірлескен мәлімдеме жасап, АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландияны аннексиялау жөніндегі қоқан-лоқысы «қауіпті» екенін және «трансатлантикалық қатынастарға нұқсан келтіретінін» мәлімдеді.
- 19–23 қаңтар – Давос, Швейцарияда 56-Бүкіләлемдік экономикалық форум орын алды.
- 20 қаңтар – Шабуыл және одан кейінгі бітімнен соң Сирияның өтпелі үкіметі Сирия демократиялық күштері бақылауында болған аумақтың басым бөлігін өз қолына алды.
- 22 қаңтар
- АҚШ ресми түрде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығып кетті.
- Франция Жерорта теңізінде Ресей туы астында жүрген көлеңкелі флотқа тиесілі бір танкерді тәркіледі.
- 23 қаңтар – Румен Радев отставкасынан кейін Илияна Йотова Болгарияның тұңғыш әйел премьер-министрі атанды.
- 27 қаңтар – Қазақстан мен Израиль екіжақты визасыз режим орнату бойынша меморандумға қол қойды.
- 30 қаңтар – бірнеше белгілі тұлғалар бейнеленген және айтылған 3 миллион Эпштейн файлдары жарық көрді.
Ақпан
- 6–22 ақпан – Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында Қысқы Олимпиада ойындары орын алды.
- 8 ақпан – Жапониядағы парламент сайлауы: премьер-министр Санаэ Такаити үлкен жеңіске қол жеткізіп, Өкілдер палатасында суперкөпшілікке ие болады.
- 13–15 ақпан – 62-Мюнхен қауіпсіздік конференциясы орын алды.
- 22 ақпан – 9-Ұлттық съез барысында Ким Чен Ын Корея еңбек партиясының бас хатшысы болып қайта сайланды.
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Қайтыс болғандар
- Тағы қараңыз: Санат:2026 жылы қайтыс болғандар
Болжамды және жоспарланған оқиғалар
- 16 желтоқсан
- Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығы.
- Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы.
2026 жылғы атаулы жылдар
- БҰҰ. 2026 жыл Халықаралық еріктілер жылы (Қазақстан ұсынысымен)
- ЮНЕСКО. Марокконың Рабат қаласы 2026 жылғы Әлемдік кітап астанасы аталды.
- ТМД. Денсаулық қорғау жылы
- ТМД. Мегри (Армения) қаласы ТМД мәдени астанасы.
- ТМД. Алматы (Қазақстан) қаласы ТМД спорт астанасы.
- Қазақстан. Цифрлық технология және жасанды интеллект жылы
Тағы қараңыз
- 2026 жылғы спорт жарыстары
| Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: 2026 |