| V Джордж George V | ||||
V Георг | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 6 мамыр 1910 — 20 қаңтар 1936 | ||||
| Тәж кигізу жорасы | 22 маусым 1911 | |||
| Ізашары | VII Эдуард | |||
| Ізбасары | VIII Эдуард | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Діні | Протестантизм | |||
| Дүниеге келуі | 3 маусым 1865 Лондон, Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығы | |||
| Қайтыс болуы | 20 қаңтар 1936 (70 жас) Сандрингем, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығы | |||
| Жерленді | Виндзор сарайы | |||
| Балалары | 1. Эдуард (1894—1972) 2. VI Джордж (1895—1952) 3. Мария (1897—1965) 4. Генри (1900—1972) 5. Георг (1902—1942) 6. Джон (1905—1919) | |||
| Қолтаңбасы | ![]() | |||
| V Джордж Ортаққорда | ||||
| өңдеу | ||||
V Джордж (ағылш. George V; 3 маусым 1865 — 20 қаңтар 1936) — 1910 жылдың 6 маусымынан 1936 жылдың 20 қаңтарына дейін билік құрған Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығы және Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалықтарының патшасы. Уэльстік ханзада (кейін VII Эдуард) мен ханшайымның екінші ұлдары.
Өмірбаяны
Алғашқы жылдар және білімі
1865 жылы 3 шілдеді Лондондағы Мальборо-хауста туған; шоқындырылғаннан кейін Джордж Фридрих Эрнст Альберт есімі берілді. Әкесі — VII Эдуард, анасы — Александра Даниялық. Ол Ресей императоры III Александрдың жұбайы, сондай-ақ Ресейдің соңғы императоры II Николайдың анасы — Мәрия Федоровнаның туған әпкесі. V Джеорджтің келбеті II Николайға қатты ұқсаған, себебі олар аналық ұрпақ бойынша немере ағалар, яғни Георгтың анасы Александра және Николайдың анасы Дагмар Дания патшасы – IX Кристианның қыздары болған.
Джордж әскери-теңіздік білім алды. 1877 жылдың қыркүйегінде 12 жасар Джордж бауырымен бірге HMS Britannia оқу кемесіне кадет болып қабылданады. Үш жыл аралығында 1879 жылдан бастап HMS Bacchante корветінде мичман қызметін атқарады.
Герцог Йоркский

14 қаңтар 1892 жылы тұмау эпидемиясының барысында ағасы — Алберт Уиктор қайтыс болады. Ағасының өлімі Джорджті таққа мұрагерлер сатысында екінші орынға көтерді. 1892 жылдың мамырында Виктория патшайым немересіне Йорктік герцог титулын тағайындайды.
Уэльстік ханзада
1901 жылдың қаңтарында Виктория патшайымның өлімінен кейін тақ мұрагері ретінде Джордж Англиядағы Корнуолл және Шотландиядағы Ротсей герцогтіктерін алды, ал 1901 жылдың 9 қарашасында өткен әкесі — VII Эдуардтың тәж кигізу жорасынан кейін Уэльстік ханзада атағына ие болды.
Патша және император

6 мамыр 1910 жылы Джорджтің әкесі VII Эдуард патша қайтыс болады. Джордж патша болып жарияланып 1911 жылдың 22 маусымында Вестминстерлік аббаттықта тәж киеді.
Англияда жаңа патша екі күрделі саяси мәселе кезікті. Оның біріншісі лордтар палатасы қауым палатасымен ұсынылған бюджеттен бас тартты; бұған жауап ретінде олар лордар палатасының билігін айтарлықтай шектейтін парламент жайлы билльді ұсынды. Премьер-министр Герберт Асквиттің талабы бойынша патша парламент жайлы билльдің күшіне ие болуына әрекет етуі қажет болды. Екіншісі — Ирландиядағы гомруль (өзін-өзі басқару құқығы) қабылдау мәселесі. Бұл жағдай бойынша тіпті көтерілістің шығуы мүмкін еді, сондықтан патша 1914 жылы барлық партия өкілдерін шақыртты, алайда ешбір шешім қабылданбады. Ағылшын-ирланд келісімі тек 1921 жылы ғана қабылданды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде V Джордж барлық жеке және әулеттік германдық титулдардан бас тартып, патшалық үйдің атауын Саксен-Кобург-Готтан Виндзор әулеті деп өзгертті.

Патшаның билік ету кезінде Вестминстерлік статут қабылданған, бұл статут доминиондардың құқықтық жағайдын және Ұлыбританиямен қарым-қатынасын орнатты: ол Британ Достастығын құрды, ал Джордж бүкіл доминиондардың патшасы атанды.
Өмірінің соңғы жылдары V Джордж созылмалы өкпе ауыруымен ауырған еді, сондықтан да оның денсаулығы бірнеше рет ауыр жағдайда болған. V Джордж Сандринхемде 1936 жылдың 20 қаңтарында қайтыс болады. Тек 50 жылдан кейін оның лейб-медигі барон Бертран Доусон ауыр бронхиттан кейінгі кома үстіндегі патшаны өз қолымен морфин мен кокаин егу арқылы эвтаназия жасаған
Титулдары, атақтары, гербтері
Әскери атақтары
- британдық фельдмаршал (6 мамыр 1910 жыл),
- британдық флот адмиралы (6 мамыр 1910 жыл),
- пруссиялық генерал-фельдмаршал (16 мамыр 1911 жыл),
- құрметті даниялық адмирал (25 мамыр 1910 жыл),
- орыс адмиралы (1910),
- герман адмиралы (27 қаңтар 1901 жыл),
- швед адмиралы,
- испан генерал-капитаны,
- құрметті сиам генералы,
- Жапония маршалы (28 қазан 1918 жыл).
Гербтері
V Джорджтің әр титулына байланысты ауыстырылған гербтері. Патшаның гербі патшалық елтаңбаның түрлендірілген нұсқасы болып табылады.
![]() | ![]() | ![]() | ![]() |
|---|---|---|---|
Шежіресі
V Джордж 1837 – 1901 жылдары билік еткен Ұлыбритания патшайымы – Виктория патшайымның немересі, яғни Викторияның үлкен ұлы – Альберт Эдуардтың (кейін таққа отарғаннан кейін VII Эдуардтың) екінші баласы. V Джордж қазіргі Ұлыбритания патшайымы — II Елизабета атасы болып табылады.
Альберт Саксен-Кобург-Готтық
Виктория (Ұлыбритания патшайымы)
IX Кристиан
Луиза Гессен-Кассельстік
VII Эдуард
Александра Даниялық
Әдебиет
- Harold Nicolson. King George the Fifth: His Life and Reign. — London: Constable and Co., 1984. — 568 p. — ISBN 0-094-65720-3.
- Kenneth Rose. King George V. — 3. — London: Weidenfeld and Nicolson, 1984. — 514 p. — ISBN 0-297-78245-2.
- Остапенко Г. С. Виктория патшайымның мұрагерлері және XX ғ. алғашқы британ монархтары: VII Эдуард және V Георг. — Новая и новейшая история, 1999. — № 6. (Тексерілді 19 ақпанның 2011)
| Ізашары: VII Эдуард | Ұлыбритания патшасы, Индия императоры 1910—1936 | Ізбасары: VIII Эдуард |
| ||||||||||||||
- 3 маусымда туғандар
- 1865 жылы туғандар
- 20 қаңтарда қайтыс болғандар
- 1936 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Виндзорлар
- Ұлыбритания монархтары
