| Үлкен Құндызды өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 115 км |
| Су алабының ауданы | 3150 км² |
| Су алабы | Нұра алабы |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Қоянды тауының оңтүстігінен және Батпақты ауылының батысы |
| • Координаттары | 50°25′39″ с. е. 72°30′21″ ш. б. / 50.42750° с. е. 72.50583° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Нұра өзені |
| • Орналасқан жері | 50.258101, 71.504828 |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Қарағанды облысы Осакаров және Нұра аудандары |
Үлкен Құндызды – Нұра алабындағы өзен.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Осакаров және Нұра аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 115 км, су жиналатын алабы 3150 км2.
Бастауы
Қоянды тауының оңтүстігінен және Батпақты ауылының батысынан басталып, Құндызды өзенінің сағасынан 8 км жоғары жерде Бала Құндызды өзенімен қосылып Нұраға құятын Құндызды өзенін құрайды.
Гидрологиясы
Аңғары кең, жағасы көп жерінде жарқабақты. Жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Көктемде деңгейі көтеріліп, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Орташа көп жылдық су ағымы Сұңқар ауылы тұсында 0,55 м³/с. Қарашада қатып, сәуірде мұзы түседі. Басты салалары: Елтоқ, Топан, Сабырқожа. Бұлардан басқа, ұзындығы 10 км-ден аспайтын, жалпы ұзындығы 49 км болатын 25 ұсақ саласы бар. Өзенде алабұға, мөңке, тасбас, оңғақ, шортан т.б. балықтар кездеседі.
- Алфавит бойынша өзендер
- Нұра ауданы өзендері
- Осакаров ауданы өзендері
- Нұра су алабы