| Натан Гэмбл | |
| Nathan Gamble | |
| «Барут» автодромындағы «Батырдың жүрегі» фильмінің түсіріліміндегі Гэмбл, Кливленд, 2010 жыл | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Натан Ли Гэмбл |
| Туған күні | 12 қаңтар 1998 (28 жас) |
| Туған жері | Такома, Вашингтон, АҚШ |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр |
| Белсенді жылдары | 2006 жылдан бері |
| IMDb | |
| nathan-gamble.com | |
Натан Ли Гэмбл (ағылш. Nathan Lee Gamble; 12 қаңтар 1998, Такома, Вашингтон) — америкалық актёр, режиссёр, сценарийші.
Киноиндустрияда өз мансабын 2006 жылы бастады. Оның дебют фильмі «Вавилон» көркем фильмі болды және осы фильмдегі рөлі үшін 2007 жылы Жас Әртіс Марапатының номинанты атанды.
Өмірбаяны
Гэмбл 1998 жылғы 12 қаңтарда, Вашингтон штатының Такома қаласында дүниеге келді.
Оның ата-анасы балалар үйірмесінің театырында режиссёр болып жұмыс жасайды. Ата-анасы: Кристи Гэмбл (ағылш. Christy Gamble) және Грэг Гэмбл (ағылш. Greg Gamble). Оның бір үлкен тәтесі — Даниэль Сумида (ағылш. Danielle Sumida) және бір кіші қарындасы — Лора Гэмбл (ағылш. Laura Gamble) бар.
Мансабы
Ол киноиндустрияда өз мансабын 2006 жылы бастады Оның ең алғашқы фильмі 2006 жылы Вавилон көркем фильмі болды. Осы көркем фильмінен кейін оған әртүрлі танымал режиссёрлардан киноға түсуге шақыртулар келе бастады. Осы кез оның кино саласындағы мансабы шарықтап тұрған кез еді. Себебі, ол танымал режиссёрлардың фильмдерінде танымал актёрлар мен актрисалармен түсті. Қазіргі күнге дейін ол 43 әртүрлі фильмдерге, сериалдарға, қысқа фильмдарға, телешоуларға түсті.
Ол өзінің ең алғаш басты рөлін 2011 жылы Дельфин оқиғасы фильмінде ойнады. Ол фильмде жағажайда жараланған Уинтер атты дельфинді тауып алған Сойер атты баланы ойнады. Бұл көркем туындының жалғасы 2014 жылы жарық көрді. Екінші бөлімінде Уинтер есімді дельфиннің қасына тағы бір ұрғашы дельфин қажет болған. Өйткені, заң бойынша дельфиндерді акуариумде жалғыз ұстауға болмайды.
Сондай-ақ ол 2011 жылғы Батырдың жүрегі деген фильмінде әкесі Ауғанстандағы соғыста күтпеген жерден қайтыс болған баланы ойнайды. 2014 жылы жарық көрген Дельфин оқиғасы 2 фильмінен кейін Натан киноиндустриясындағы өз белсенділігін бәсеңдетті. Ол осы жылдан кейін үлкен экранда өте сирек көрініп жүр.
Фильмдер тізімі
| Жыл | Қазақша атауы | Түпнұсқа атауы | Рөлі | Түрі |
|---|---|---|---|---|
| 2006 | Вавилон | Babel | Майк Джонс | фильм |
| 2006–2008 | Босқындар | Runaway | Томми Рейдер | сериал |
| 2007 | CSI: Қылмыс орны | CSI: Crime Scene Investigation | Кобе Фарентино | сериал |
| 2007 | Ізсіз | Without a Trace | Кобе Фарентино | сериал |
| 2007 | Диггерлер | Diggers | Бала | қысқа фильм |
| 2007 | Түнек | The Mist | Билли Дрэйтон | фильм |
| 2007 | Deeply Irresponsible | телефильм | ||
| 2008 | Елестермен сөйлесуші | Ghost Whisperer | Эллиот Хейли | сериал |
| 2008 | Құрғақ жаңбыр | Dry rain | Джоуи | қысқа фильм |
| 2008 | Қара сері | The Dark Knight | кіші Джеймс Гордон | фильм |
| 2008 | Дәрігер Хаус | House M.D. | Эван | сериал |
| 2008 | Марли және Мен | Marley & Me | Патрик Гроган (10 жас) | фильм |
| 2009 | Хэнк | Hank | Генри Прайор | сериал |
| 2009 | Қақпа 3D | The Hole | Лукас Томпсон | фильм |
| 2010 | Ауысқан | Displaced | Даниэль | қысқа фильм |
| 2010 | Жеке тәжірибе | Private Practice | Коди | сериал |
| 2010 | Сәттілік Чарли | Good Luck Charlie | Остин | сериал |
| 2011 | Батырдың жүрегі | 25 Hill | Трей Колдвелл | фильм |
| 2011 | Теңіз полициясы: Лос-Анджелес | NCIS: Los Angeles | Шон Колдер | сериал |
| 2011 | Fetch | Линни | қысқа фильм | |
| 2011 | Дельфин оқиғасы | Dolphin Tale | Сойер Нельсон | фильм |
| 2012 | The Audition | Риз | қысқа фильм | |
| 2012 | Қымбатты Дракула | Dear Dracula | Сэм (дыбыстау) | фильм |
| 2012 | Менің барлық президенттерім | All my presidents | Франклин | қысқа фильм |
| 2012 | The Frontier | Сэмюэл Хейл | фильм | |
| 2013 | Голдбергтер | The Goldbergs | Гарри Бол | сериал |
| 2013 | Мэрон | Maron | Бен | сериал |
| 2013 | Аспаннан тыс | Beyond the Heavens | Оливер Генри | фильм |
| 2014 | Дельфин оқиғасы 2 | Dolphin Tale 2 | Сойер Нельсон | фильм |
| 2014 | Mike's Kooky Summer | Режиссерлік жұмыс | қысқа фильм | |
| 2015 | CSI: Киберкеңістік | CSI: Cyber | Аарон Ситтер | сериал |
| 2016 | Мэри+Джейн | Mary+Jane | Мэйсон | сериал |
| 2018 | Swiped | Даниил | фильм | |
| 2019 | The choice | Ұл | қысқа фильм |
Марапаттары мен номинациялары
| Жыл | Жұмыс | Марапат | Нәтиже |
|---|---|---|---|
| 2007 | Вавилон | Көркем фильмдегі ең үздік орындау үшін «Жас Әртіс» марапаты (он жасқа дейінгі жас актер) | Номинация |
| Түнек | Ең үздік екінші пландағы актер үшін «Fright Meter» сыйлығы | Номинация | |
| 2008 | Көркем фильмдегі ең үздік орындау үшін «Жас Әртіс» марапаты (он жасқа дейінгі жас актер) | Номинация | |
| 2009 | Марли және Мен | Көркем фильмдегі ең үздік екінші пландағы жас актер үшін «Жас Әртіс» марапаты | Номинация |
| Дәрігер Хаус | Телехикаядағы ең үздік қонақ рөлдегі жас актер үшін «Жас Әртіс» марапаты | Номинация | |
| 2012 | Батырдың жүрегі | Кинодағы ең шабыттандыратын орындау үшін «MovieGuide» сыйлығы | Номинация |
| Дельфин оқиғасы | Көркем фильмдегі ең үздік басты рөлдегі жас актер үшін «Жас Әртіс» марапаты | Номинация | |
| 2015 | Дельфин оқиғасы 2 | Көркем фильмдегі ең үздік басты рөлдегі жас актер үшін «Жас Әртіс» марапаты | Номинация |
- 12 қаңтарда туғандар
- 1998 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Такомада туғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- АҚШ актерлері
- XXI ғасыр актерлері
- АҚШ телевизия актерлері
- АҚШ актер балалары