| Брешиа провинциясы | |
Provincia di Brescia ![]() | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Әкімшілік орталығы | Брешиа |
| Альберто Кавалли | |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 1859 жыл |
| Жер аумағы | 4 784 км² |
| Уақыт белдеуі | UTC+1 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 1,264,105 адам (2016) |
| Тығыздығы | 260 адам/км² |
| Телефон коды | 030, 0364, 0365, 035 |
|
| |
Брешиа (сондай-ақ Брешия, итал. Provincia di BresciaProvincia di Brescia, ломб. Pruvincia de Bressa) — Италияның Ломбардия аймағындағы провинция.
Географиясы
Брешиа провинциясы солтүстігінде және солтүстік-батысында Сондрио, батысында Бергамо, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында Кремона, оңтүстігінде Мантуя және де шығысында Верона мен Тренто провинцияларымен шектеседі.
Провинцияда үш үлкен көл орналасқан: Гарда (итал. lago di Gardalago di Garda), Изео (lago d 'Iseo) және Идро (lago d' Idro). Провинцияның солтүстігінде Адамелло-Презанелла тау жотасының бөлігі орналасқан. Сондай-ақ Брешиа провинциясында Камоника, Тромпия және Саббия аңғарлары орналасқан.
Маңызды қалалары: Брешиа, Геди, Манербио, Ордзинуови, Сало́, Гардоне-Валь-Тромпия, Тосколано-Мадерно, Гарньяно, Лимоне, Сирмионе.

Көлік
Шет аймақ арқылы A4 Турин — Триест және A21 Турин — брешиа автожолы, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар SS39, SS42 және SS45bis жолдары өтеді. Монтикьяри қаласында Брешиа — Монтикьяри әуежайы орналасқан. Провинция арқылы Милан — Венеция және Брешиа — Изео — Эдоло темір жолдары өтеді. Негізгі теміржол торабы — Брешиа бекеті. 1950-ші жылдарға дейін Брешиада қалалық және қалааралық трамвай желісі жұмыс істеді, алайда кейінірек желі істен шықты. 2004 жылы Брешиа метрополитенінің құрылысы басталып, оның алғашқы желісі (17 бекет) 2013 жылы ашылды.
- Ломбардия провинциялары
- Брешиа (провинция)