| Қостанай жылқысы |
|---|
| Ғылыми топтастыруы |
| |

Қостанай жылқысы – жылқы тұқымы.
Тарихы
Қазақстанның Қостанай, Майкөл және Ресейдің Троицк жылқы зауыттарында күрделі будандастыру (қазақ жылқысының биесін қалмақ, дон, стрелец, орлов-растопчин, ағылшын-араб, таза қанды салт мініс жылқыларының айғырларымен зауыттық будандастыру) нәтижесінде шығарылды. Жеке тұқым ретінде 1951 жылы тіркелді. Қостанай жылқысы негізгі, мініс, дала жылқысы деп үш тұқымдық топқа бөлінеді.
Биологиялық сипаты
- Бітімі дала жылқысына тән, шымыр, сүйегі ірі, бұлшық еттері жақсы дамыған, аяғы сіңірлі, тұяғы берік.
- Айғырларының шоқтығына дейінгі биіктігі 159 – 160 см, тұрқының ұзындығы 161 – 163 см, кеуде орамы 185 – 187 см, жіліншік орамы 20 см; биелерінде тиісінше 155,4; 156,2; 185,2; 19,5 см. Мініске де, жегіске де төзімді.
- Жүйріктігі 1600 м-де 1 мин 40,4 с; 2400 м-де 2 мин 38,4 с.
- Түсі, көбінесе жирен кейде торы, құла, қара болып келеді.
Қазақ жылқысының биесімен Қостанай жылқысының айғырынан туған құлын ірі әрі мініске, жегуге көнбіс. Құлынын енесінен 6 – 7 айлығында бөлектеп, 1,5 жасынан бастап мініске үйретуге, 2 – 4 жасында бәйгеге қосуға болады.
Таралу аймағы
Қостанай жылқысы Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында таралған. Қостанай облысында Қазақ тұлпары жылқы зауыты ұйымдастырылған.
- Жылқы тұқымдары