Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Этил спирті, этанол, С2Н5ОН немесе CH3CH2OH – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік иісі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу те

Этил спирті

  • Басты бет
  • Этил спирті

Этил спирті, этанол, С2Н5ОН немесе CH3CH2OH – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік иісі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу температурасы –144,15°C, қайнау температурасы 78,39°C.

Этил спирті
style=max-height:120px; 
style=max-height:120px; 
Жалпы мәліметтері
Басқа атаулары

Этанол; Спирт

Химиялық формуласы

С2H6O

Рац. формуласы

СH3CH2OH

Физикалық қасиеттері
Күйі

Сұйық

Мольдік массасы

46,069 г/моль г/моль

Тығыздығы

0,78945 г/см3 (бөлім температурасында) г/см³

Жылу қасиеттері
Балқу t

−114,3 °C °C

Қайнау t

+78,39 °C °C

Үштік нүктесі

−114,3 °C; 0,43 мПа

Критикалық нүктесі

+241 °C; 6,137 МПа

Құрылымы
Дипольдік моменті

(газ) 1,69 Д Д

Классификациясы
CAS нөмірі

64-17-5

PubChem

702

EINECS нөмірі

200-578-6

SMILES
 
CCO (3D-моделі)
InChI
 
InChI=1S/C2H6O/c1-2-3/h3H,2H2,1H3 LFQSCWFLJHTTHZ-UHFFFAOYSA-N
RTECS

KQ6300000

ChEBI

16236

БҰҰ нөмірі

1170

ChemSpider

682

Егер басқаша көрсетілмесе, деректер стандартты жағдайлар (25 °C, 100 кПа) үшін беріледі.
Бұл үлгіні: көру • талқылау • өңдеу

Этил сумен, спирттермен, эфирлермен, бензинмен, т.б. органикалық еріткіштермен кез келген қатынаста жақсы араласады. Депрессанттарға жатады.

Мазмұны

Алу амалдары

Өнеркәсіпте этилді алу үшін этиленді күкірт қышқылы арқылы немесе тікелей гидраттайды. Этил спирті екі түрлі тәсілмен алынады: ферментативтік немесе биохимиялық; химиялық немесе синтетикалық. Бірінші тәсілде ашытқы ферменттерінің әсерінен қанттың ашуынан алынады, екінші тәсілде этиленге катализатор көмегімен суды қосу арқылы алынады.

Ашыту

зимаза ферментінің әсерімен а.ш. шикізаттарын (картоп, дәнді дақылдар, т.б.) ашытады және ағашты, т.б. өсімдіктерді гидролиздейді. Осы этил спиртінің алу амалы адамзатқа баяғыдан бері бар.

Қолданылуы

Этил әр түрлі өндіріс салаларында (лак-бояу, фармацевтика, тұрмыстық химия, т.б.) еріткіш ретінде; хлороформ, диэтил эфирі, этилацетат, диэтиламин, сірке қышқылы, т.б. органикалық өнімдерді алу үшін бастапқы шикізат ретінде;

Жанармай

Мотор отыны, антифриз, т.б. түрінде кеңінен қолданылады.

Тамақ өнеркәсібі

Өндірілетін этилдың көп бөлігі спирттік сусындар жасау үшін пайдаланылады. Этил спиртінен әртүрлі сусындар дайындалады, бірақ осы сусындар адам үшін зиян болып саналады.

Медицина

Этил спирті медицинада жақсы қолданады.Антисептик сияқты қолданылады, жараларды дезинфекциялау үшін, метанол мен этиленгликоль спирттерімен уланғандағы антидот.

Жәй өмірде

Жәй өмірде этил спирті кірді кетіру үшін қолданылады.

Этанолдың қауіпі

Этил спирті немес этанол адам организміне зиян, егер адам этил спиртін көп ішсе, адамда гипноздық және улы эффект пайда болуы мүмкін. Егер адам этил спиртін көп уақыт ішсе, онда осы аурулар пайда болуы мүмкін: бауыр циррозы, гастрит, панкреатит, асқазан жарасы, әртүрлі қатерлі ісіктер, анемия, гипертензия, инсульт. Тағы да клиникалық депрессия және алкоголизм пайда болуы мүмкін.

Қасиеттері

Этил спирті ауадан ылғалды өзіне жақсы сіңіреді, жақсы еріткіш, сумен, эфирмен, глицеринмен, бензинмен, т.б. көптеген органикалық еріткіштермен жақсы араласады. Тағыда этил спирті оңай және өте жақсы жанады.

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Ethanol
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 13, 2026

    Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаев

  • Наурыз 11, 2026

    Қимақ қағанаты

  • Наурыз 12, 2026

    Жәнібек хан

  • Сәуір 03, 2026

    АҚШ доллары

  • Наурыз 29, 2026

    Қаратпа сөз

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары