Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Целиноград ауданы (1961 жылға дейін Ақмола ауданы) — Ақмола облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Аудан орталығы — Ақмол ауылы.

Целиноград ауданы

  • Басты бет
  • Целиноград ауданы

Целиноград ауданы (1961 жылға дейін Ақмола ауданы) — Ақмола облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Аудан орталығы — Ақмол ауылы.

Қазақстан ауданы
Целиноград ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Ақмол

Ауылдық округтер саны

21

Ауыл саны

49

Әкімі

Дарын Сабырғали

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ақмол ауылы, Наурыз көшесі, №34

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°23′35″ с. е. 72°03′55″ ш. б. / 51.39306° с. е. 72.06528° ш. б. / 51.39306; 72.06528 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°23′35″ с. е. 72°03′55″ ш. б. / 51.39306° с. е. 72.06528° ш. б. / 51.39306; 72.06528 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

7,8 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

81 803 адам (2023)

Тығыздығы

10,5 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (81,37%), орыстар (10,32%), немістер (1,68%), украиндар (1,61%), татарлар (1,2%), беларустар (0,84%), поляктар (0,41%), басқалары (2,57%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

010016-010029

Автомобиль коды

03

Целиноград ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Целиноград ауданы

Облыс картасындағы Целиноград ауданы

Мазмұны

Тарихы

Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда Ақмола уезінің Ақмола және жартылай Ереймен, Есіл болыстарының жерінен Ақмола атауымен Ақмола округінің құрамында құрылған. Әкімшілік орталығы Ақмола қаласы болған. 1940 жылы 30 маусымда аудан орталығы бір-бірінен 2,5 шақырым қашықтықтағы Новоишимка және Семёновка ауылдарына, ал 1949 жылы Кирово ауылына (қазір Астананың Сарыарқа ауданындағы Көктал кенті) көшірілген. 1961 жылы аудан атауы Целиноград ауданы болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 243 Жарлығымен аудан орталығы кейін Ақмол болып өзгертілген Малиновка ауылына ауыстырылды.

Географиялық орны

Аудан солтүстігінде Шортанды ауданымен, шығысында Ерейментау, Аршалы, батысында Астрахан, Қорғалжын аудандарымен, оңтүстігінде Қарағанды облысының Нұра ауданымен шектеседі. Астана қаласы ауданды екі бөлікке бөледі.

Жер бедері

Жер бедері негізінен жазық. Батысы — борпылдақ жыныстан түзілген сәл белесті жазық, шығысы — ұсақ шоқылы белесті-төбелі жазық. Кен байлықтарынан силикаттық бұйымдар жасайтын құм, кірпіш шикізаты, отқа төзімді саз, минералдық бояу, құм, қиыршықтас, т.б. кездеседі.

Климаты

Климаты континенттік. Қысы суық, ызғарлы. Қаңтардың жылдық орташа температурасы –17 — 18°С, қардың орташа қалыңдығы 20 см. Жазы ыстық, құрғақ. Шілденің орташа температурасы 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 — 300 мм.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Негізінен қара және қызғылт қоңыр топырақты. Аудан аумағының көп жері тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты жыртылған. Өсімдіктен бөрте жусан, ақ төскейшөп, бидайық, далалық сәлбен, шалғындық атқонақ пен түлкіқұйрық, селеу, бетеге, көде, өзен бойында қайың, көктерек, қарағай, терек, шегіршін, тал, шілік, т.б. бұталар өседі. Құстардан: дала бүркіті, ұзақ, сауысқан, дала бозторғайы, сары және ақ шақшақай, көкек, шалғын және дала құладыны, барылдауық үйрек, шүрегей, қамыс сұлыкеші, т.б. мекендейді, сүт қо-ректілерден: дала суыры, кіші сарышұнақ, қосаяқ, дала тоқалтісі, қасқыр, борсық, түлкі, қоян, ондатра, күзен кездеседі.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 33726 ▲45855 ▲54250 ▼53322 ▲54367 ▼42068 ▲58451 ▲78806

Тұрғындар саны 76891 адам (2019). Халқы көп ұлтты: қазақтар (79,32%), орыстар (11,42%), немістер (1,93%), украиндар (1,80%), беларустар (1,00%), татарлар (1,31%), поляктар (0,48%), басқалары (2,75,00%) Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,0 адамнан келеді.

Әкімшілік бөлінісі

Аудан аумағындағы 49 елді мекен 5 ауылдық әкімдік пен 16 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақжар ауылдық округі 1436 ▼1172 81,6 711 ▼583 82 725 ▼589 81,2
Ақмол ауылдық округі 6143 ▲13851 225,5 2960 ▲6839 231 3183 ▲7012 220,3
Арайлы ауылдық округі 4049 ▼3909 96,5 2012 ▼1996 99,2 2037 ▼1913 93,9
Жаңаесіл ауылдық округі 3431 ▼3145 91,7 1688 ▼1568 92,9 1743 ▼1577 90,5
Жарлыкөл ауылдық округі 2776 ▼2626 94,6 1387 ▼1316 94,9 1389 ▼1310 94,3
Қабанбай батыр ауылдық округі 5937 ▲8939 150,6 2973 ▲4446 149,5 2964 ▲4493 151,6
Қажымұқан ауылдық әкімдігі 683 ▲960 140,6 339 ▲485 143,1 344 ▲475 138,1
Қаражар ауылдық әкімдігі 579 ▲805 139 291 ▲415 142,6 288 ▲390 135,4
Қараөткел ауылдық округі 4655 ▲10125 217,5 2369 ▲5134 216,7 2286 ▲4991 218,3
Қоянды ауылдық әкімдігі 2954 ▲9545 323,1 1537 ▲4762 309,8 1417 ▲4783 337,5
Қызылсуат ауылдық округі 1598 ▼1289 80,7 790 ▼700 88,6 808 ▼589 72,9
Мәншүк Мәметова ауылдық әкімдігі 817 ▼709 86,8 404 ▼356 88,1 413 ▼353 85,5
Нұресіл ауылдық округі 2598 ▼2458 94,6 1306 ▼1230 94,2 1292 ▼1228 95
Оразақ ауылдық округі 1825 ▲2201 120,6 918 ▲1133 123,4 907 ▲1068 117,8
Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округі 2516 ▼2069 82,2 1268 ▼1052 83 1248 ▼1017 81,5
Родина ауылдық округі 1721 ▼1650 95,9 821 ▼811 98,8 900 ▼839 93,2
Софиевка ауылдық округі 2106 ▲2565 121,8 1074 ▲1287 119,8 1032 ▲1278 123,8
Талапкер ауылдық әкімдігі 3111 ▲7969 256,2 1625 ▲4027 247,8 1486 ▲3942 265,3
Тасты ауылдық округі 1895 ▼1375 72,6 947 ▼692 73,1 948 ▼683 72
Шалқар ауылдық округі 1260 ▼833 66,1 609 ▼426 70 651 ▼407 62,5
Ыбырай Алтынсарин ауылдық әкімдігі 529 ▲611 115,5 275 ▲308 112 254 ▲303 119,3
ЖАЛПЫ САНЫ 52619 ▲78806 148,1 26707 ▲39730 148,8 26744 ▲39409 147,4

Өнеркәсiп

 
Целиноград ауданы Мәншүк Мәметова ауылындағы өндіріс, 2025 жыл

Ауданның өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы 2006 жылы 2650,8 млн. теңгенің өнімін шығарды. Өнеркәсіп орындарынан “Цефар” АҚ-ның (1992 жылдан) фарфор зауыты (Фарфоровое а.) жұмыс істейді. Ол 2005 жылы 8,4 мың т фарфордан жасалған асхана және ас үй ыдыстарын шығарды. Бұдан басқа “АРЭК” АҚ мен “АРЭК — энергосбыт” ЖШС-і халыққа қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеумен 55 шағын кәсіпорын, 273 шаруа қожалығы, 11,4 мың жеке шаруашылықтар шұғылданады (2005). Олардың ішінде 2 ААҚ, 17 ЖШС, 1 ӨК, 1 АҚ, 1 мемл. кәсіпорын, 1 ұжымдық серіктестік, т.б. бар. Осылардың қарамағында 7 шұжық цехы, 3 шағын диірмен, 3 макарон цехы, 2 сүт өңдейтін блок, 1 май сығатын цех, 3 наубайхана, т.б. жұмыс істейді. Аудан аумағында ауыл шаруашылығына жарамды жер аумағы 834,5 мың га, оның ішінде жыртылған жер 411,6 мың га, шабындығы 33,1 мың га, жайылымы 325,4 мың га, орманы 400 га. 247,8 мың га егістік жердің 229,8 мың гасына дәнді дақылдар егілген; малазықтық дақылдар 16,6 мың га жерге егілді (2006). 2007 жылдың басында ауданда 33,0 мың мүйізді ірі қара, 24,3 мың қой мен ешкі, 7,9 мың жылқы, 7,6 мың шошқа, 515,5 мың құс болды. Олардан 10,0 мың т ет (тірі салмағы), 41,9 мың т сүт, 55,3 млн. жұмыртқа өндірілді. Ауданда 2006 ж. басында 1 балабақша, 26 орта, 14 орталау, 10 бастауыш мектеп, кәсіптік-техн. мектеп, 1 жоғары оқу орнының бөлімшесі, 1 музыка, 1 спорт мектебі, 62 клуб, 68 кітапхана, 15 отбасылық-дәрігерлік емхана, 31 фельдш.-акушерлік пункт болды. Автомобиль жолы жақсы дамыған, олар Астана, Көкшетау, т.б. елді мекендермен байланыстырады. Аудан аумағы арқылы Астана — Қараталды (Қарталы), Қарағанды — Петропавловск, Астана — Павлодар темір жол өтеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Биологиялық тотығу

  • Сәуір 07, 2026

    Дакота (Миннесота)

  • Сәуір 07, 2026

    Ғалия медресесі

  • Сәуір 06, 2026

    Жібек жолы

  • Сәуір 05, 2026

    Алтай ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары