Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Зеренді ауданы – Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1935 жылы құрылған. 1997 жылы Көкшетау ауданымен біріктірілді. Жер аумағы 7,8 мың км². Ауда

Зеренді ауданы

  • Басты бет
  • Зеренді ауданы

Зеренді ауданы – Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1935 жылы құрылған. 1997 жылы Көкшетау ауданымен біріктірілді. Жер аумағы 7,8 мың км². Аудан орталығы – Зеренді ауылы.

Қазақстан ауданы
Зеренді ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Зеренді

Ауылдық округтер саны

21

Кенттік әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

79

Әкімі

Әсет Құрманғожин

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, №71

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°55′ с. е. 69°22′ ш. б. / 52.917° с. е. 69.367° ш. б. / 52.917; 69.367 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°55′ с. е. 69°22′ ш. б. / 52.917° с. е. 69.367° ш. б. / 52.917; 69.367 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1935

Жер аумағы

7,8 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

35 078 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (67,08%), орыстар (23,82%), немістер (2,79%), украиндар (2,23%), татарлар (1,14%), беларустар (0,85%), поляктар (0,58%), басқалары (1,51%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

021200-021231

Автомобиль коды

03

Зеренді ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Зеренді ауданы

Облыс картасындағы Зеренді ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері

Солтүстігі мен батысында СҚО-ның Тайынша және Айыртау аудандарымен, шығысында Бурабай, оңтүстігінде Сандықтау аудандарымен шектеседі.

Зеренді ауданы Көкшетау қыратының солтүстігін алып жатыр. Жер бедері аласа таулы, ұсақ шоқылы, ойлы-белесті жазық. Ірі таулары: Зеренді (587 м), Жыланды (609 м), Қараүңгір, Қаратау, Қошқарбай, Шымылдықты, Байөтер (551 м), Елікті (502 м), Нарөлген (489 м), т.б. Кен байлықтарынан алтын, қызғылт гранит, доломит, құрылысқа жарамды тас, құм, каолин, емдік саз, т.б. кездеседі.

Климаты

Климаты тым континенттік: қысы ұзақ (қар 140 – 160 күн жатады) суық, қары аз (20 см), жазы жылы әрі құрғақ. Ауаның орташа темпепатурасы қаңтарда –18°С, шілдеде 19°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 350 – 400 мм. Ауданның оңтүстіктен солтүстігіне қарай Шағалалы өзен мен оның оң саласы Қылшықты өзен ағып өтеді. Оңтүстігінен Есілдің оң салалары – Жабай, Аршалы, Қошқарбай бастау алады. Аудан аумағында көлдер көп. Ірілері: Зеренді, Қарағайлыкөл, Айдабол, Бірқыз, Шымылдықты, Құмдыкөл (тұщы), Қараүңгір, Жамантұз, Жолдыбай, Ақметжансор.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Аудан жерінде шіріндісі мол қара және күңгірт қоңыр топырақ кең тараған, сортаңдар да кездеседі. Тың игеру жылдары ауданның көп жері жыртылған. Ауданның солтүстік бөлігін қайың, терек шоқтары өскен ормандар алып жатыр. Қыраттың биік жерлері мен шоқыларда қарағай, Зеренді өңірінде қылқан жапырақты орман, Кіші Түкті өңірінде қайыңды, теректі ормандар өседі. Орманда қарақат, таңқурай, мойыл, итмұрын, бүлдірген бар. Ашық жерлерде қараған, тобылғы, т.б. бұталар, бітік шалғындық, астық тұқымдас түрлі шөптер, қызғылт селеу, сәбізшөп, бетеге, жусан, тастақты жерлерінде қына өседі. Орманда қасқыр, бұлан, елік, қоян, түлкі, қарсақ, суыр, тиін, даласында кемірушілер кездеседі. Дала, су құстарының 200-ден аса түрі мекендейді. Ауданда Куйбышев, Самарбай, Зеренді, Кіші Түкті, т.б. орман шаруашылықтары мен олардың бөлімшелері орналасқан. Ірі елді мекендері: Айдабол, Алексеевка, Бірлестік, Зеренді, Шағалалы, Еленовка, Викторовка, Куропаткино, Симферопольское, Ақкөл.

Шаруашылығы

Зеренді ауданы экономикасының басты салалары егін және мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығын пайдаланылатын жері 642,4 мың га (2008), оның ішінде егістігі 233,7 мың га, тыңайған жері 112 мың га, шабындығы 3,1 мың га, жайылымы 278,2 мың га. Орман 85,9 мың га жерді қамтиды. Аудан жері арқылы Алматы – Петропавл, Қостанай – Барнауыл темір жол, Алматы – Петропавл, Атбасар – Көкшетау, Саумалкөл – Шортанды, т.б. автомобиль жолдары өтеді.

Тұрғыны

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 22957 ▲27069 ▲29296 ▼29223 ▲30519 ▲50206 ▼40591 ▼35625

Тұрғындар саны: 38682 адам (2019)

  • Ұлттық құрамы: қазақтар (67,05%), орыстар (23,71%), немістер (2,75%), украиндар (2,34%), татарлар (1,17%), басқалары (2,97%)

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 79 елді мекен 1 кенттік, 1 ауылдық әкімдік пен 20 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Айдабол ауылдық әкімдігі 1222 ▼1041 85,2 587 ▼511 87,1 635 ▼530 83,5
Ақкөл ауылдық округі 2497 ▼2154 86,3 1234 ▼1095 88,7 1263 ▼1059 83,8
Алексеев кенттік әкімдігі 2164 ▼2017 93,2 1051 ▼1002 95,3 1113 ▼1015 91,2
Бәйтерек ауылдық округі 1438 ▼1035 72 717 ▼525 73,2 721 ▼510 70,7
Бұлақ ауылдық округі 2297 ▼2003 87,2 1132 ▼1027 90,7 1165 ▼976 83,8
Викторов ауылдық округі 2084 ▼1607 77,1 1029 ▼819 79,6 1055 ▼788 74,7
Зеренді ауылдық округі 7695 ▼7667 99,6 3697 ▲3723 100,7 3998 ▼3944 98,6
Исаковка ауылдық округі 955 ▼635 66,5 493 ▼345 70 462 ▼290 62,8
Күсеп ауылдық округі 2608 ▼2166 83,1 1314 ▼1127 85,8 1294 ▼1039 80,3
Қанай би ауылдық округі 953 ▼703 73,8 484 ▼360 74,4 469 ▼343 73,1
Қонысбай ауылдық округі 2033 ▲2292 112,7 1015 ▲1374 135,4 1018 ▼918 90,2
Қызылегіс ауылдық округі 809 ▼514 63,5 399 ▼269 67,4 410 ▼245 59,8
Қызылсая ауылдық округі 833 ▼496 59,5 423 ▼251 59,3 410 ▼245 59,8
Мәлік Ғабдуллин ауылдық округі 1213 ▼1157 95,4 606 ▼575 94,9 607 ▼582 95,9
Ортақ ауылдық округі 919 ▼772 84 471 ▼411 87,3 448 ▼361 80,6
Приречен ауылдық округі 1063 ▼973 91,5 530 ▼483 91,1 533 ▼490 91,9
Садовый ауылдық округі 1401 ▲1517 108,3 705 ▲748 106,1 696 ▲769 110,5
Сарыөзек ауылдық округі 895 ▼643 71,8 461 ▼338 73,3 434 ▼305 70,3
Сейфуллин ауылдық округі 1473 ▼1113 75,6 747 ▼591 79,1 726 ▼522 71,9
Симферополь ауылдық округі 1438 ▼1182 82,2 727 ▼624 85,8 711 ▼558 78,5
Троицк ауылдық округі 1402 ▼1005 71,7 716 ▼507 70,8 686 ▼498 72,6
Шағалалы ауылдық округi 3199 ▼2933 91,7 1565 ▼1477 94,4 1634 ▼1456 89,1
ЖАЛПЫ САНЫ 40591 ▼35625 87,8 20103 ▼18182 90,4 20488 ▼17443 85,1

Сыртқы сілтеме

Зеренді ауданы(қолжетпейтін сілтеме)

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Жем (азық)

  • Сәуір 06, 2026

    Жаңаарқа ауданы

  • Сәуір 06, 2026

    Бақытжан Жиенғалиев

  • Сәуір 07, 2026

    Әл-Исра сүресі

  • Наурыз 11, 2026

    Қазақтар

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары