Дуглас Джеймс Бёргам (ағылш. Douglas James Burgum; 1 тамыз 1956 жыл, Солтүстік Дакота) — америкалық кәсіпкер және саясаткер, 2025 жылғы ақпаннан бергі АҚШ Ішкі істер министрі. Республикалық партияда мүшелікке ие ол 2016 жылдан 2024 жылға дейін Солтүстік Дакотаның губернаторы еді.
| Даг Бёргам ағылш. Doug Burgum | ||||
Ресми портреті, 2025 | ||||
| Лауазымы | ||||
|---|---|---|---|---|
| ||||
| 1 ақпан 2025 жылдан бастап | ||||
| Президент | Дональд Трамп | |||
| Ізашары | Деб Холанн | |||
| ||||
| 15 желтоқсан 2016 — 15 желтоқсан 2024 | ||||
| Ізашары | Джек Далримпл | |||
| Ізбасары | Келли Армстронг | |||
| Өмірбаяны | ||||
| Партиясы | Республикашыл | |||
| Білімі | Солтүстік Дакота штатының университеті Стэнфорд университеті | |||
| Ғылыми дәрежесі | Өнер бакалавры Бизнес әкімшілігі магистрі | |||
| Дүниеге келуі | 1 тамыз 1956 (69 жас) Артур, Касс округі, Солтүстік Дакота, АҚШ | |||
| Туған кездегі есімі | Дуглас Джеймс Бёргам (ағылш. Douglas James Burgum) | |||
| Жұбайы |
| |||
| Балалары | 3 | |||
| Сайты | doi.gov | |||
| Қолтаңбасы | ||||
| Даг Бёргам Ортаққорда | ||||
| өңдеу | ||||
Ерте жылдары
Даг Бёргам Артур, Солтүстік Дакота кішігірім қаласында тәрбиеленді. Ол Солтүстік Дакота штатының университетінде және Стэнфорд университетінде оқыды. Стэнфордтағы оқуы кезінде ол кейін Microsoft CEO-сы болған Стив Балмермен танысты.
Бизнес мансабы
1983 жылы Бёргам Great Plains Software атты кішігірім технологиялар стартап компаниясына инвестиция жасады. 1984 жылы ол оның президенті болды. Бёргам 2001 жылы бұл компанияны $1.1 миллиардқа Microsoft-қа сатты. Microsoft-та жұмыс істегенде ол Microsoft Business Solutions-қа басшылық етті. Ол, оған қоса, Atlassian мен SuccessFactors кеңестерінің директоры болды. Бёргам Kilbourne Group атты жылжымалы мүлік дамыту компаниясын құрды.
Солтүстік Дакота губернаторы
2016 жылы Бёргам республикашыл ретінде Солтүстік Дакота губернаторы лауазымына сайланбақ болды..
Губернатор ретінде Бёргам Солтүстік Дакотаны 2030 жылға қарай көміртек бейтарап етуді мақсат қылды. 2018 жылы Бёргам Vision Zero жобасының негізін салды. Содан бері штаттағы жол-көлік оқиғасымен байланысты өлімдер саны күрт азайды.
2024 жылғы 22 қаңтарда Бёргам үшінші губернаторлық мерзімге бармайтынын айтты. 2024 жылғы желтоқсанда оның өкілеттігі аяқталды.
2024 жылғы президенттікке кампаниясы
Бёргам 2023 жылғы 7 маусымда өзін АҚШ президенттігіне ұсынды. Ол осылайша АҚШ президенттігіне барған тұңғыш солтүстік дакоталық болды. Кейбір дереккөз хабарлауынша, Бёргам — АҚШ тарихындағы сайлауалды жарнамаға ең көп ақша жұмсаған президенттікке кандидат. Үшінші және төртінші пікірталасқа түсе алмаған және сауалнамаларда төмен баға алған ол 2023 жылғы 4 желтоқсанда үміткерлігін тоқтатты. Бұдан кейін Бёргам Дональд Трамптың сайлауалды кампаниясына көмектесетін болды. Трамп кейін Бёргамды әкімшілігіндегі маңызды адам деп те атады.
2024 жылғы мамырда Бёргам Трамптың сайлаудағы болжамды серіктестері тізіміне түсті. 2024 жылғы шілдеде Бёргам мен АҚШ Сенаторы Джей Ди Вэнс бұл лауазымға келе алатын жалғыз екі болжамды үміткер болды, алайда ақыр-аяғы Трамп Вэнсты таңдады.
АҚШ Ішкі істер министрі
2024 жылғы 14 қарашада жаңадан сайланған президент Дональд Трамп Бёргамды АҚШ Ішкі істер министрі лауазымына ұсынды. Трамп, оған қоса, Бёргамды Ұлттық энергия кеңесінің төрағасы лауазымына ұсынды, бұл лауазымдағы Бёргам қайта реттеу мен жеке инвестициялармен айналыспақ болды. Бұл лауазым Бёргамды Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мүшесі де қылатын еді.
Өз өмірі
Бёргам тұңғыш әйелі Карен Стокерге 1991 жылы үйленді. Жұп 2003 жылы ажырасты. Олардың үш баласы бар. 2016 жылы Бёргам Кэтрин Хелгаасқа үйленді. 2016 жылғы қарашада ол жалпы дауыстың 75% астам пайыз жинап, губернатор сайланды.
