Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қазақстанның автомобиль нөмірлері немесе Қазақстанның нөмір белгілері — Қазақстан Республикасының территориясындағы жеңіл және жүк көліктерін, автобустарды, мот

Қазақстанның автомобиль нөмірлері

  • Басты бет
  • Қазақстанның автомобиль нөмірлері

Қазақстанның автомобиль нөмірлері немесе Қазақстанның нөмір белгілері — Қазақстан Республикасының территориясындағы жеңіл және жүк көліктерін, автобустарды, мотоциклдерді, тіркемелер мен арнайы техниканы мемлекеттік тіркеуден өткізгенде берілетін нөмір белгілері.

Мазмұны

Қысқаша тарихы

Алғаш рет Қазақстан аумағында автомобиль нөмірлері кеңес дәуірінде беріле бастады. Тәуелсіздіктен кейін тұңғыш өз нөмірлері 1993 ж. бастап шықты. Қазір қолданыста жүрген соңғы үлгідегі нөмірлер 2012 жылдан бері беріліп келеді.

1993 жылғы жүйе

Бұл жүйедегі нөмір форматының ерекшелігі – өзге посткеңестік мемлекеттердің тіркеу нөмірлерінің арасындағы ешқандай мемлекеттік рәмізі болмаған бірегей болуы.

Аймақ кодтары латын әріптерімен белгіленді. Бастапқыда кодтар 18 облыс және 1 қалаға (Алматы) берілді. Кейін 90-жылдардың аяғында елорда ауысқан кезде Астана қаласына бөлек жаңа Z коды берілді. Сонымен қатар елдің әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер нәтижесінде Жезқазған, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Торғай облыстарының таратылуына байланысты бұл облыстарға беріліп келген аймақтық коды (сәйкесінше K, O, U, V, W) бар нөмірлерді шығару тоқтатылды.

Типтер

Осы форматтағы нөмірлерде төмендегідей санаттарға арналған нөмір типтері қолданылды: жеке тұлғалар, мекемелер, полиция, тіркемелер, арнайы техника, мотонөмірлер, бейрезиденттер, дипломатиялық нөмірлер, жоғары билік органдары, жоғары лауазымды тұлғалар

Жеке тұлғаларға арналған нөмірлер

Бұл типтегі нөмірлер бір немесе екі қатарлы (тип 1 және тип 2) нұсқада шығарылды. Нөмір форматы - жалаусыз. Алдымен бір латын әрпімен белгіленген аймақ коды, сосын үш цифр, одан кейін үш латын әрпімен белгіленген серия.

Заңды тұлғаларға арналған нөмірлер

Полиция нөмірлері

Тіркеме нөмірлері

Мотоцикл нөмірлері

Шетелдік бейрезиденттерге берілетін нөмірлер

Дипломатиялық нөмірлер

2012 жылғы жүйе

Бір жылдан астам уақыт талқылаудан соң, 2012 жылы 11 желтоқсанда жаңа форматтағы нөмірлер автокөлік иелеріне беріле бастады. Олардың ерекшелігі - халықаралық стандарттарға сай болу үшін енгізілген мелекетті айшықтайтын туы мен ел кодының болуы және де аймақтардың сандық кодпен белгіленуі.

Типтер

Жеке тұлғаларға арналған нөмірлер

Заңды тұлғаларға арналған нөмірлер

Полиция нөмірлері

Тіркеме нөмірлері

Мотоцикл нөмірлері

Шетелдік бейрезиденттерге берілетін нөмірлер

Дипломатиялық нөмірлер

Аймақ кодтары

Аймақ 1993 ж. жүйе 2012 ж. жүйе
Астана Z 01
Алматы A 02
Ақмола облысы C 03
Ақтөбе облысы D 04
Алматы облысы B 05
Атырау облысы E 06
Батыс Қазақстан облысы L 07
Жамбыл облысы H 08
Қарағанды облысы M 09
Қостанай облысы P 10
Қызылорда облысы N 11
Маңғыстау облысы R 12
Түркістан облысы X 13
Павлодар облысы S 14
Солтүстік Қазақстан облысы T 15
Шығыс Қазақстан облысы F 16
Шымкент X 17
Абай облысы (Семей облысы) U (F) 18 (16)
Жетісу облысы (Талдықорған облысы) V (B) 19 (05)
Ұлытау облысы (Жезқазған облысы) K (M) 20 (09)
Көкшетау облысы O (C, T) 03, 15
Торғай облысы W (P, C) 10
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Қырғызстан

  • Сәуір 07, 2026

    Абдаллах хан

  • Сәуір 08, 2026

    Тай тілі

  • Сәуір 07, 2026

    Шешен Республикасы

  • Сәуір 09, 2026

    Тораңғылсай (өзен)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары