Ақжар — Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы ауыл, Тарбағатай ауданының және Ақжар ауылдық округінің орталығы.
| Ауыл | |
| Ақжар | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Аудан орталығы |
| Облысы | |
| Ауданы | Тарбағатай |
| Ауылдық округі | |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 47°34′41″ с. е. 83°41′24″ ш. б. / 47.57806° с. е. 83.69000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°34′41″ с. е. 83°41′24″ ш. б. / 47.57806° с. е. 83.69000° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1922 |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 5 737 адам (2023) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 16 |
Ақжар шекарасы | |
Географиялық орны
Өскемен қаласының оңтүстік-батысында 410 км, Зайсан қазаншұңқырының батыс беткейінде, Қандысу өзенінің бойында орналасқан. Жақын теміржол станциясы – Жаңғызтөбе (302 км).
Тарихы
Ақжардың іргесі 1922 жылы қаланған. 1928-97 жылдары Тарбағатай ауданының, “Ақжар” қой кеңшарының орталығы болды.
Инфрақұрылымы
Орта мектептер, ауруханалар, санитарлық-эпидемиялық станция, дәріханалар, спорт мектебі т.б. мекемелер бар. Тұрғындары облыс орталығымен және басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 8182 | ▼6396 | ▼5818 | 91 | 3189 | ▼2955 | 92,7 | 3207 | ▼2863 | 89,3 |


