Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Табиғат Философиясының Математикалық Қағидалары (лат. Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica, ағылш. Mathematical Principles of Natural Philosophy), көбіне

Табиғат философиясының математикалық қағидалары

  • Басты бет
  • Табиғат философиясының математикалық қағидалары

Табиғат Философиясының Математикалық Қағидалары (лат. Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica, ағылш. Mathematical Principles of Natural Philosophy), көбінесе "Қағидалар" [Principia] деп қысқартылып аталады) — ағылшын ғалымы Исаак Ньютонның үш томдық кітабы, латын тілінде жазылған, 1687 жылы 5 шілдеде жарияланған. Бірінші басылымының жеке көшірмесін аннотациялап, түзеткеннен кейін, Ньютон 1713 және 1726 жылдары тағы екі басылым шығарды. "Қағидалар" кітабында классикалық механиканың негізін қалайтын Ньютонның қозғалыс заңдары, Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңы, сондай-ақ Иоганн Кеплердің планеталардың қозғалыс заңдарын келтіріп шығаруы (оны Кеплер алғаш рет эмпирикалық жолмен қол жеткізген) тұжырымдалады.

Сэр Исаак Ньютон
"Қағидалар" кітабының 1 басылымы (1687)

Қағидалар ғылым тарихындағы аса маңызды еңбектердің бірі саналады. Француз математик-физигі Алексис Клеро 1747 жылы оны былай деп бағалаған болатын: "Атақты Табиғат философиясының математикалық қағидалары" кітабы физикадағы үлкен төңкеріс дәуіріне өкілдік етеді. Кітапты жазған атақты автор Сэр Ньютон ұстанған әдіс ... математика сәулесімен ғылымды жарқыратты, оған дейін ол ылғи жорамал мен гипотезалар қараңғылығында тентіреген болатын".

Таяудағы зерттеулер бойынша, Ньютон теорияларын қабылдау бірден болмағанымен, 1687 жылы "Қағидалар" жарияланған соң ғылымдағы серпіліс пайда болғанын "ешкім жоққа шығара алмады"; "ғылым бұрын-соңды болмаған деңгейде жоғары белеске көтерілді, бүкіл өмірге және қоғамға түбегейлі өзгеріс әкелді; кітап ғылымға үлгі болды."

Ньютон өзінің физикалық теорияларын тұжырымдау кезінде қазір "Математикалық анализ" (calculus) саласына жататын математикалық әдістерді дамытты және қолданды. Бірақ біз білетін Математикалық анализдеу негізінен "Қағидалар" кітабында аз кездеседі; Ньютон геометриялық формадағы математикалық анализдеудің көптеген дәлелдерін ұсынды, бұл дәлелдер шексіз кішірейген геометриялық шамалар арақатынасына негізделген. "Қағидалардың" қорытындысында (Генерал Шолиумды қараңыз) Ньютон өзінің әйгілі "Hypotheses non fingo" ("Мен еш гипотеза жасамаймын") деген сөзін қолданды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 02, 2026

    Латын тілі

  • Наурыз 11, 2026

    Арғын

  • Наурыз 21, 2026

    Баяндауыш

  • Наурыз 12, 2026

    Рақымжан Қошқарбаев

  • Сәуір 04, 2026

    Веймар Республикасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары