Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Біржан сал ауданы (бұрынғы Еңбекшілдер ауданы) — Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Степняк қаласы.

Біржан сал ауданы

  • Басты бет
  • Біржан сал ауданы
 Басқа мағыналар үшін Біржан сал деген бетті қараңыз.

Біржан сал ауданы (бұрынғы Еңбекшілдер ауданы) — Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Степняк қаласы.

Қазақстан ауданы
Біржан сал ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Степняк

Ауылдық округтер саны

14

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

34

Қала саны

1

Әкімі

Бауыржан Қазыбекұлы Қасенов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, №23

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°49′50″ с. е. 70°53′48″ ш. б. / 52.83056° с. е. 70.89667° ш. б. / 52.83056; 70.89667 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°49′50″ с. е. 70°53′48″ ш. б. / 52.83056° с. е. 70.89667° ш. б. / 52.83056; 70.89667 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

11,4 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

13 229 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (63,5%), орыстар (25,07%), немістер (2,41%), татарлар (1,82%), украиндар (1,73%), беларустар (1,61%), марийлер (0,84%), басқалары (3,02%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

020700-020710

Автомобиль коды

03

Біржан сал ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Біржан сал ауданы

Облыс картасындағы Біржан сал ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері

Аудан солтүстігінде СҚО-ның Тайынша, Ақжар, Уәлиханов аудандарымен, шығысында Ерейментау ауданымен, батысында Бұланды, Бурабай аудандарымен, оңтүстігінде Ақкөл ауданымен және Степногорск қаласына қарасты аумақпен шектеседі.

Біржан сал ауданының жері Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан Сілеті жазығының орталығы бөлігінде, орманды-дала және дала белдемдерінде орналасқан. Жерінің беті негізінен ұсақ шоқылары бар (абсолют биіктігі 250 метрге дейін) жазық болып келеді. Шоқылардың ең ірісі – ауданның оңтүстік-шығысындағы Арқалық тауы. Кен байлықтарынан: темір, түсті металл кентастары, оның ішінде: алтын, құрылыс материалдары (әктас, құм және кірпіш сазы) кездеседі.

Тарихы

Аудан 1928 жылы 17 қаңтарда Қызылжар округі құрамында құрылды. Орталығы Казгородок ауылы (қазіргі Үлгі ауылы) болды.

1928 жылдың 10 мамырынан 1930 жылдың 17 желтоқсанына дейін Петропавл округінің құрамында болды.

1932-1936 жылдары аудан Қарағанды ​​облысының құрамында болды

1936 жылғы 29 шілдеден 1939 жылғы 14 қазанға дейін - Солтүстік Қазақстан облысына бағынған.

1939 жылғы 14 қазаннан 1944 жылғы 15 наурызға дейін - Ақмола облысының құрамында болды.

1944 жылғы 15 наурыздан бастап Көкшетау облысының құрамына енді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен 1955 жылы 3 маусымда аудан орталығы Степняк қаласына көшіріліп, Степняк қаласы облыстық бағыныстағы қалалар санатынан аудандық бағыныстағы қалалар санатына жатқызылды.

Ауданның қарқынды дамуы тың игерумен тұс келді. 1960 жылдың желтоқсанынан 1965 жылдың қазанына дейін 5 жыл бойы Еңбекшілдер ауданы теріскейдегі барлық аудан-облыстармен қатар Тың өлкесінің құрамында болды. Өлке орталығы 1961 жылы Целиноград болып өзгертілген  Ақмола қаласы болды. 1963 жылдың 2 қаңтарынан 1964 жылдың 30 желтоқсанына дейін Еңбекшілдер ауылдық ауданы деп аталды. Тың өлкесінің 1965 жылы таратылуымен, 1964 жылдың 30 желтоқсанынан Көкшетау облысының әкімшілік бағынысында болды.

1997 жылы мамырда Еңбекшілдер ауданы Солтүстік Қазақстан облысына қосылады. Уәлиханов ауданының кейбір елді мекендерінің қосылуымен аудан аумағы ұлғаяды. Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына ауысуына байланысты 1999 жылы 8 сәуірде Еңбекшілдер ауданы Ақмола облысының құрамына енді.

2017 жылғы 13 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Еңбекшілдер ауданы қазақтың ақыны, сазгер Біржан сал Қожағұлұлының құрметіне Біржан сал ауданы болып өзгертілді.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Ауданның климаты тым континенттік, қысы суық және ұзақ, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –16 – 17°С, шілдеде 19 – 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шығысында 250 – 300 мм, батысында 300 – 350 мм. Жер бетінің сулары жазда жеке қарасуларға бөлініп қалады, сирек кездесетін өзендер мен көптеген ащылы-тұщылы көлдерден тұрады. Өзендерінің біршама ірілері: Жөкей мен Қотыркөл көлдерін қосатын Саға, Мамай және Атансор көліне құятын Тәттімбет пен Атан. Ірі көлдері: Жөкей, Шошқалы, Итемген, Кіндікті, Сасыққопа (тұщы сулы), Тасшалқар, Қарасор, Қотыркөл, Мамай, Атансор, Майлысор, Жамбайсор, Көксор. Аудан жерінде негізінен саздақ қара топырақ, кейбір жерлерінде сортаң қара топырақ қалыптасқан. Дала белдемінде селеу, жауқияқ, жусан аралас өскен бетеге, т.б. шөптесін өсімдіктер орманды жерлерінде қайың, терек, тал, ал батыс жағында қылқан жапырақты ағаш өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қосаяқ, суыр, тараққұйрық, дала тышқандары, бұлан, елік; құстардан қаз, аққу, үйрек, шағала, көл жағалай қызғыш, тауқұдірет, дуадақ, бүркіт, кезқұйрық, сауысқан т.б. кездеседі.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жердің жалпы аумағы 1,1 млн. га. Оның ішінде жыртылған жері 141,2 мың га, 1,7 мың га шабындық, 121,3 мың га жайылым, 150,3 мың га тың жер бар. Заозёрный – Ерейментау темір жол және Степняк – Щучинск – Макинск автомобиль жолдары бар.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 15683 ▲39388 ▲39442 ▼35926 ▼29294 ▼25599 ▼17930 ▼13613

Тұрғындар саны: 14 360 адам (2019).

  • Ұлттық құрамы: қазақтар (63,99%), орыстар (24,74%), украиндар (1,89%), немістер (2,29%), беларустар (1,69%), татарлар (1,80%), поляктар (0,20%), башқұрттар (0,23%), ингуштар (0,43%), басқалары (2,74%).

Әкімшілік бөлінісі

35 елді мекен 5 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 9 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақсу ауылдық әкімдігі 386 ▼139 36 198 ▼76 38,4 188 ▼63 33,5
Аңғал батыр ауылдық округі 933 ▼566 60,7 474 ▼295 62,2 459 ▼271 59
Баймырза ауылдық округі 698 ▼417 59,7 350 ▼214 61,1 348 ▼203 58,3
Бірсуат ауылдық округі 868 ▼644 74,2 434 ▼333 76,7 434 ▼311 71,7
Донской ауылдық округі 1431 ▼1166 81,5 757 ▼577 76,2 674 ▼589 87,4
Еңбекшілдер ауылдық округі 1153 ▼728 63,1 594 ▼374 63 559 ▼354 63,3
Заозёрный ауылдық әкімдігі 436 ▼267 61,2 220 ▼131 59,5 216 ▼136 63
Заурал ауылдық округі 988 ▼724 73,3 485 ▼347 71,5 503 ▼377 75
Кеңащы ауылдық әкімдігі 386 ▼302 78,2 205 ▼165 80,5 181 ▼137 75,7
Краснофлот ауылдық әкімдігі 389 ▼210 54 183 ▼115 62,8 206 ▼95 46,1
Макинка ауылдық округі 3141 ▼2163 68,9 1558 ▼1103 70,8 1583 ▼1060 67
Мамай ауылдық әкімдігі 342 ▼248 72,5 185 ▼138 74,6 157 ▼110 70,1
Степняк қалалық әкімдігі 4413 ▼4304 97,5 2114 ▼2054 97,2 2299 ▼2250 97,9
Уәлиханов ауылдық округі 491 ▼359 73,1 257 ▼189 73,5 234 ▼170 72,6
Үлгі ауылдық округі 1875 ▼1376 73,4 920 ▼695 75,5 955 ▼681 71,3
ЖАЛПЫ САНЫ 17930 ▼13613 75,9 8934 ▼6806 76,2 8996 ▼6807 75,7

Ірі елді мекендері

Елді мекен Халқы
(2021)
Степняк ▼ 4212
Макинка ▼ 1233
Үлгі ▼ 837
Андықожа батыр ▼ 728
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 09, 2026

    Уәлиханов қонысы

  • Наурыз 12, 2026

    Наурыз мейрамы

  • Наурыз 29, 2026

    Абай жолы (роман)

  • Сәуір 07, 2026

    Руаль Амундсен

  • Сәуір 05, 2026

    Қонаев (қала)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары