Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Зерттеушілердің айтуы бойынша "Көнеде чел сөзі "жел" мағынасын берсе, аяққы ек қосымшасы сол мекендегі соғатын желдің құбылысын білдіреді". Жергілікті тұрғындар

Шілік (өзен)

  • Басты бет
  • Шілік (өзен)

Шілік, Шелек – Іле алабындағы өзен.

Шілік өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 245 км
Су алабының
ауданы
4980 км²
Су алабы Іле алабы
Су ағысы
Бастауы Күнгей Алатауы
 • Координаттары 42°57′38″ с. е. 77°12′54″ ш. б. / 42.96056° с. е. 77.21500° ш. б. / 42.96056; 77.21500 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Қапшағай су қоймасы
 • Координаттары 43°46′40″ с. е. 78°06′22″ ш. б. / 43.77778° с. е. 78.10611° ш. б. / 43.77778; 78.10611 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°46′40″ с. е. 78°06′22″ ш. б. / 43.77778° с. е. 78.10611° ш. б. / 43.77778; 78.10611 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Алматы облысының Талғар, Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандары
 Басқа мағыналар үшін Шілік деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Сөз төркіні

Зерттеушілердің айтуы бойынша "Көнеде чел сөзі "жел" мағынасын берсе, аяққы ек қосымшасы сол мекендегі соғатын желдің құбылысын білдіреді". Жергілікті тұрғындар: "Бұл атаудың бастапқы тұлғасы шілік содан шелек болып өзгеріп кеткен" деседі. Алайда, бұл тектес елдімекен атаулары Ақмола облысының Ерейментау ауданында Шелексай түрінде кездессе, Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Чилик атауы бары белгілі.

Географиялық орны

Алматы облысының Талғар, Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 245 км, су жиналатын алабы 4980 км2.

Бастауы

Күнгей Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Шелек ауылынан 20 км солтүстікте Қапшағай су қоймасына құяды. Жоғары бөлігінде тар шатқал жасап ағады, төменде жайылып, жағасы жайпауыттанады.

Гидрологиясы

Жауын-шашын, мұздық, жер асты суларымен толығады. Өзеннің 70-тей саласы бар. Басты салалары – Талды, Жіңішке, Сарыбұлақ, Асы. Суының минералдылығы тасу кезінде (сәуір – қыркүйек айларында) 100 – 150 мг/л-ден сабасына түскенде 250 – 300 мг/л-ге дейін өзгереді. Көп жылдық орташа су ағымы Малыбай ауылының тұсында 32,2 м3/с. Суының басым бөлігі егін, бау-бақша суаруға пайдаланылады, жоғарғы алабы – жайылым, шабындық. Бойында бірнеше шағын СЭС-тер және Бартоғай бөгені салынған. Одан су Үлкен Алматы каналына жіберіледі. Ш.Уәлиханов Шілік аңғарында 1856 жылы болып, өзен алабының табиғаты, тұрғындарының кәсібі туралы дерек жинаған, археологиялық зерттеу жүргізген. Ол мұнда ежелгі суару жүйесінің болғандығы туралы болжам жасаған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Мемлекеттік несие

  • Сәуір 08, 2026

    Қарқаралы округі

  • Сәуір 05, 2026

    Гидрографиялық желі

  • Сәуір 02, 2026

    Солтүстік полюс

  • Сәуір 03, 2026

    Орал уезі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары