Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Мохоровичич бетімен – жер қыртысы мен мантиясы аралығындағы шекара; планета қабықтарын бөлетін бет. 1909 ж. сейсмикалық толқындардың таралу ерекшеліктері бойынш

Мохоровичич беті

  • Басты бет
  • Мохоровичич беті

Мохоровичич бетімен – жер қыртысы мен мантиясы аралығындағы шекара; планета қабықтарын бөлетін бет. 1909 ж. сейсмикалық толқындардың таралу ерекшеліктері бойынша бөлген югославиялық сейсмолог ‘‘А.Мохоровичичтің’’ (1857 – 1936) құрметіне аталған. Мохоровичич беті арқылы өту кезінде бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 6,9 – 7,4 км/с-тен 8,0 – 8,2 км/с-ке дейін, ал зат тығыздығы 2,8 – 2,9 г/см3-ден 3,2 – 3,3 г/см3-ге дейін секірмелі түрде артады. Кейбір аудандарда Мохоровичич беті анық білінбей, физикалық параметрі тік бағытта бірнеше километр аралығында біртіндеп өзгереді. Геофизикалық деректер Мохоровичич беті астында құрамы ‘‘ультранегізді’’ (перидотиттер типі) немесе ‘‘негізді’’ (эклогиттер) тығыз тау жыныстары орналасқанын көрсетеді. Мохоровичич беті астындағы тау жыныстары туралы нақты мәліметтер көзі ретінде құрамында алмас бар кимберлиттен тұратын жарылыс түтікшелерінде кездесетін ксенолиттерді пайдалануға болады. Саха (Якутия) Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасында атқылама тау жыныстарынан табылған ксенолиттер, мантияның құрамы перидотит пен эклогиттен тұруы мүмкін екенін көрсетеді. Сонымен Мохоровичич беті химиялық құрамы әр түрлі ортаны немесе біртекті ортаның әр түрлі фазаларын бөлетін шек болып саналады. Мұхиттарда 10 – 12 км тереңдікте негізді және ультранегізді тау жыныстарын бөледі, ал белсенді тау жаралу алқаптарында 55 – 65 км тереңдікте орналасып, габброның эклогитке өтуіне сәйкес келеді. Мохоровичич беті табиғатын анықтау, тау жаралу мен жер қыртысының жалпы даму болжамдарын негіздеуде маңызды рөл атқарады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Р (кирил)

  • Сәуір 07, 2026

    Көкшетау уезі

  • Сәуір 05, 2026

    Тропиктік жыл

  • Сәуір 03, 2026

    Термодинамикалық тепе-теңдік

  • Сәуір 04, 2026

    Канар аралдары

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары