«Abai TV» — мәдени-ағарту бағытындағы қазақстандық телеарна. 2020 жылы мемлекет басшысының тапсырмасымен іске қосылған арна халықты ұлы Абай мұрасымен, еліміздің және бүкіл әлемнің мәдениеті мен өнерінің жетістіктерімен таныстырады.
| Abai TV | |
| |
| Ел |
|
|---|---|
| Хабар тарату уақыты | 17 сағат |
| Хабар тарату тілдері | |
| Басқару орталығы | Астана, Мәскеу көшесі, 33а |
| Бейне форматы | 16:9 |
| Арнаның тақырыптамалары | мәдени-ағарту |
| Хабар таратуын бастады | 30 маусым 2020 жыл |
| Иесі | |
| Директоры | Азамат Кеңесұлы |
| Туыстас арналар | |
| Слоган | Ақыл-ойдың айнасы |
| Сайт | abaitv.kz |
Отандық медиа кеңістікте ұлттық мәдениет пен өнерді тоғыстырған арна тәулігіне 17 сағат (07:00-ден – 00:00-ге дейін) 80% қазақ тілінде, 20% орыс тілінде хабар таратады.
Бағдарламалар
- Сарасөз
- Сана
- Мәдениет жаңалықтары
- Сырлы әуен
- Күміс көмей
- Абайдың жолы
- Шаңырақ
- Дәуір даналары
- Мұра
- Мазмұндама
- Pro Art
- Құдіретті қылқалам
- Киелі сахна
- Жәдігер
- Шебер
- Беймәлім алаш
- Вечные ценности
- Тұлға
- Үркер
- Бірегей
- Дала өркениеті
- Шебер
- Соңғы муза
- Түркі әлемі
- Ұлт қазынасы
- Тағдырлы туынды
- Оркестровая партитура
- Имена
- Мәдениет жауһарлары
- Әндіground
- Ғимарат
- Қилы заман
- Ашық академия
- Кейіпкер
- Інжу-маржан
- Беймәлім дерек
- Ән-ғұмыр
- Қазақтар
- Арт эксперимент
- Музыка Великой степи
- Ауылдастар
- Ұмытпаймыз
- Технократтар талқысы
- Парасат майданы
- Бір туынды
- Магия звука
- В ритме танца
- Арт профессии
- Вечные ценности
Басшылары
- Азамат Кеңесұлы (2020-2023)
- Еркін Мұхамеджанов (2023-2025)
- Азамат Кеңесұлы (2025 жылдан бастап)
