Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қарашы бек немесе қараушы бек – XIV-XVIII ғасырлардағы кейбір түркі халықтары арасында ең жоғары феодалдық атақтардың бірі.

Қарашы бек

  • Басты бет
  • Қарашы бек

Қарашы бек немесе қараушы бек – XIV-XVIII ғасырлардағы кейбір түркі халықтары арасында ең жоғары феодалдық атақтардың бірі.

Қарашы бек шені XIII ғасырдың басында Моңғол империясында пайда болды. Кейінірек Жошы ұлысы, Қырым хандығы, Сібір хандығы, Қазан хандығы және Қасым хандықтарында елдегі ең маңызды лауазымдардың бірі болды. «Қарашы» атағын хандар өз ұлысы бар, ең беделді, ықпалды және күшті рубасылары мен ұлысбасыларына, әдетте хан отбасының туыстарына берген.

Тарихы

Қарашы бек лауазымының пайда болуы туралы мәліметтер «Моңғолдың құпия шежіресі» деп аталатын тарихи деректерде сақталған. Ондағы бір әңгімеде Шыңғыс ханның он сарай лауазымын құруы туралы айтылған. Солардың бірі садақ пен жебе алып жүруге міндетті төрт адам туралы, және бұлар алғашқы қарашы-бектерге (қарача) айналған садақшылар немесе хорчилер болды делінген. Кейінгі Шыңғыс ұрпақтары өздерінің аңызға айналған атасының әрекеттерін үлгі тұтып, бұл лауазымға өз айналасынан ең адал төрт адамды тағайындады. Уақыт өте келе бұл Шырын, Арғын, Барын, Қыпшақ, Маңғыт, Найман, Қият және Сиджут сияқты үлкен рулар арасында мұрагерлік жолмен берілетін мемлекеттік шен болып кетті.

Қарашыбектер ең маңызды мемлекеттік істерге жауапты болды, оның ішінде қаржылық және әкімшілік қызметтер, жер дауы, сот төрелігі, сыртқы саясат, әскери істер және басқа да мәселелерді бақылау. Олардың мемлекеттік жарғыларға қол қою құқығы болды. Әдетте елдің ұлысбектерінен төрт қарашыбек сайланған (Өзбек және Жәнібек хандар тұсында – Қият, Коңырат, Қыпшақ, Найман немесе Сиджиут). Қарашыбектердің арасынан беклербегі (қазіргі премьер-министрге тең қарашыбектердің басшысы) және уәзір (ханның жеке кеңесшісі) сайланатын.

Бектер мен хан арасындағы билік тепе-теңдігіне байланысты қарашыбектердің елді басқарудағы рөлі мен маңызы әртүрлі болды. XIV ғасырдың ортасында бектердің жағдайы күшейіп, хандардың билігі әлсіреген сайын, Алтын Ордадағы қарашыбектердің ықпалы артты. Қарашыбектердің лауазымдары біртіндеп сайланатын емес, мұрагерлік жолмен берілетін деңгейге ие болды. Алтын Орданың кейбір беклербектерінің күшейгені соншалық, елді жеке дара басқарып, өздері хандарды тағайындап, тақтан тайдыратын (мысалы Мамай, Едіге). XV және XVI ғасырлардағы Қазан, Қырым және Сібір хандықтарында қарашыбектер арасында Шырын руының өкілдері жетекші рөл атқарды; беклербектер әдетте солардың арасынан тағайындалатын болды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Болыс (лауазым)

  • Сәуір 12, 2026

    Жұлдыз (айрық)

  • Наурыз 24, 2026

    Органикалық қосылыстар

  • Сәуір 08, 2026

    Шағырлы (өзен)

  • Наурыз 21, 2026

    Тынық мұхит

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары