Қарайым тілі — түркі тілдері жанұясының қыпшақ тобына жататын тіл.
| Қарайым тілі | |
![]() Жоғарыдан төмен: кирил мен латын (Қырым диалекті); латын (Тракай диалекті); еврей мен латын (дәстүрлі) жазуларындағы қарайым тілі. | |
| Өз атауы: | къарай тили |
|---|---|
| Елдер: | Литва, Польша, Украина |
| Аймақтар: | Қырым, Галиция, Тракай |
| Ресми күйі: |
|
| Классификация | |
| Санаты: | |
| Жазуы: | кирил, латын, еврей |
| Тіл коды | |
| МЕСТ 7.75–97: | каи 270 |
| ISO 639-1: | — |
| ISO 639-2: | — |
| ISO 639-3: | kdr |
| Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика | |
Қарайым тілі Украинаның Қырым т.б. облыстары мен Литваның Тракай ауданы және Польшаға таралған. 1959 жылғы халық санағы бойынша КСРО-дағы 5900 қарайымның 16,5 %-ы ана тілін қарайым тілі деп есептеген.
Әдеби тілі жоқ, бұрын (1840 жылдан бастап) кітап, журнал басқанда көне еврей, латын, орыс алфавиттерін қолданған. Қарайым тілі үш диалектіге бөлінеді: Тракай-Литвадағы қарапайымдардың ч мен айтатын диалекті, («ач»-аш) ; галич-Батыс Украинадағы қарайымдардың ц мен айтатын диалекті, («ац»-аш); Қырым диалекті татарлардың тілінің әсерімен біраз өзгеріске ұшыраған. Ерекшеліктері: галич диалектінде басқа диалектілердегі «ө», «ү» дыбыстарының орнына «е»,»и» қолданады; «гел» («көл»), «тиш» («түс»); жіктеу есімдіктері барыс септікте «мана»,»майа» («маған»), «сана», «сайа» («саған») түрінде қолданылады. Синтаксисінде славян тілдерінің әсері күшті. Сөздік қорында бір жағынан көне сөздер сақталып қалса («өксиз» («жетім»), «өбге» («ата-баба»), т.б.), екінші жағынан орыс, поляк, литван, украин, белорус, грек, итальян тілдерінің әсері бар.
