Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ангрен (өзб. Angren, Ангрен) — Өзбекстанның Ташкент облысындағы қала. Халық саны — 126 мың адам (2005 жыл).

Ангрен (қала)

  • Басты бет
  • Ангрен (қала)

Ангрен (өзб. Angren, Ангрен) — Өзбекстанның Ташкент облысындағы қала. Халық саны — 126 мың адам (2005 жыл).

Қала
Ангрен
өзб. Angren, Ангрен

1999 жылғы суреті
Әкімшілігі
Ел

 ӨзбекстанӨзбекстан

Облыс

Ташкент

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°01′00″ с. е. 70°08′00″ ш. б. / 41.01667° с. е. 70.13333° ш. б. / 41.01667; 70.13333 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°01′00″ с. е. 70°08′00″ ш. б. / 41.01667° с. е. 70.13333° ш. б. / 41.01667; 70.13333 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1940 жылы

Бұрынғы атаулары

Ангреншахтстрой

Қала статусы

1946 жылы

Орталығының биiктігі

961 ± 1 м

Тұрғындары
Тұрғыны

191 300 адам (2021)

Тығыздығы

1 300 адам/км²

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+998 7066

Пошта индексі

110200

Автомобиль коды

10

Ангрен картада
Ангрен
Ангрен
Ангрен шекарасы
Map
Ортаққордағы санаты: Ангрен

Мазмұны

Географиялық орны

Ангрен қаласы Ахангаран өзенінің бойында Шатқал және Шығыс-Курамин үстірттерінің аралығында Ташкенттің оңтүстік-шығысынан 78 км қашықтықта орналасқан. Қала Ахангаран жазығының сол жағалауында орын тепкен. Ол бірнеше бытыраңқы бөліктерден тұрады. Ангрен қаласы арқылы Ташкент-Қоқан автомагистральі кесіп өтеді.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық

Ангрен — үлкен қала. Ол халық саны бойынша өз елінде (Өзбекстан) 14-ші және өз аймағында (Ташкент облысы) 2-ші орында. Оның жаһандық рейтингі шамамен 3545-ші орында.

Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Красногорск (42 км), Шайдон (43 км, Тәжікстан), Адрасман (43 км, Тәжікстан), Ахангаран (44 км), Паркент (49 км), Алмалық (50 км), Жаңабазар (61 км), Истиклол (65 км, Тәжікстан), Нұрафшан (65 км), Бурчмулла (65 км), Піскент (67 км), Ғазалкент (67 км), Шыршық (70 км), Қыбрай (70 км), Ескендір (70 км), Шарбақ (70 км), Бесарық (75 км), Салар (77 км), Ташкент (81 км).

Тарихы

1940 жылдың 29 қыркүйегінде Джигирстан қыстағында Ангреншахстрой аталатын жұмысшылар поселкесі пайда болады. Осы кезден бастап Шығыстағы ең ірі көмір бассейнінің жұмысы басталады. 1946 жылдың 13 маусымындағы Жоғарғы Кеңестің шешімі бойынша Ангреншахстрой жұмысшылар поселкесінің атауы Ангрен болып өзгертіліп, оған қала дәрежесі беріледі. Оның аумағында Ташкент-Ангрен темір жол желісінің стансасы орналасқан. Қала арқылы Ферғана алқабын республиканың басқа елді мекендерімен байланыстыратын Ташкент-Қоқан тас жолы өтеді.

Экономикасы және инфрақұрылымы

Ангрен — Өзбекстанның көмір өндірісінің орталығы. Қалада қоңыр көмір өндіріледі («Ангренкөмір АҚ»), «Шахта № 9»). Құрылыс материалдарын шығаратын бірнеше кәсіпорын, оның ішінде цемент-асфальт-бетон зауыты, темір-бетон өндірісі, керамика зауыты, каолин зауыты, үй құрылысы комбинаты бар.

Ангрен мемлекеттік техникалық колледжі, тау-кен геологиялық колледжі, Ангрен педагогикалық колледжі, Медицина мектебі, Тұрмыстық қызмет көрсету колледжі, құрылыс колледждері жұмыс жасайды. Қалада өлке тарихына қатысты көптеген материалдар жинақталған тарихи-өлкетану мұражайы бар.

Галерея

  •  
    Ангрен қаласына кіріс жолы
  •  
    Ангрен қаласыдан Қоқанға шығатын жол
  •  
    Ангрен өзені (2014 жыл сүреті)
  •  
    Мұражай
  •  
    қоғамдық денсаулық сақтау техникалық мектебі
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 27, 2026

    Диқан Әбілев

  • Сәуір 03, 2026

    С. Торайғыров

  • Наурыз 11, 2026

    Мұхтар Омарханұлы Әуезов

  • Сәуір 03, 2026

    Дүниежүзілік көрме

  • Сәуір 26, 2026

    Исхақ пайғамбар

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары