Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (7 қараша 1976 жылы, Жамбыл облысы, Талас ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев

  • Басты бет
  • Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев (7 қараша 1976 жылы, Жамбыл облысы, Талас ауданында туған) — қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Мейрамбек Бесбаев
Толық аты

Мейрамбек Әбіләшімұлы Бесбаев

Туған күні

7 қараша 1976 (1976-11-07) (49 жас)

Туған жері

Жамбыл облысы, Талас ауданы

Мемлекет

 Қазақстан

Мамандығы

әнші, актер

Аспабы

Домбыра

Жанры

лирика

Ұжымы

МузАРТ

Қызметтес болған

Тоқтар Серіков Қайрат Нұртас Төреғали Төреәлі Алтынбек Қоразбаев Мөлдір Әуелбекова

Марапаттары
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Мазмұны

Өмірбаяны

Мейрамбек Бесбаев Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. Отбасында өзінен бөлек екі қарындасы бар – Айнұр, Гүлнұр. Анасының есімі - Жібек Жолдасова. Жұбайы - Мархабат. Қазіргі таңда қыз бен ұл тәрбиелеуде.

Тараз қаласындағы «Глинка» атындағы музыкалық мектептің Қобыз сыныбын оқып бітірген. 1989 жылы Алматы қаласындағы К.Байсейітова атындағы музыкалық мектебіне ауысады.

1994-98 жж. Т.Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетінен білім алады. Алғаш кәсіби жолын «Сүйінбай» атындағы филармонияда әнші (солист) қызметін атқаруымен бастайды.

1997 ж. қазіргі Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген. Жастайынан ән салып, халыққа танымал болды. Оның репертуарында Кенен Әзірбаевтың, Алтынбек Қоразбаевтің ("Бозторғай", "Кеш жарық", "Шаш-баулым", т.б.), Нұрғиса Тілендиевтің "Өз елім", т.б. қазақ композиторларының әндері бар. Қазір "Қазақконцерттің" әншісі, сондай-ақ, танымал МузАРТ тобының мүшесі. Гастрольдік сапармен шет елдерде, Қазақстанның барлық қалаларында болып өнер көрсеткен.

2002-2007 жж. Қазақконцертте әнші (солист) болып жұмыс істеген.

2010 жылы Баян Есентаеваның продюсерлігімен әрі барлық өнер адамдарының қатысуымен түсірілген «Ғашық жүрек» атты кинода өз-өзін сомдайды.

Дискография

  • Ән-Термелер
  • Аяулыма

Фильмография

  • 1991 — «Қоштасқым келмейді» (Нұрсейіт)
  • 2010 — «Ғашық жүрек» (Мейрамбек Бесбаев)
  • 2011 — «Ғашық жүрек 2» (Мейрамбек Бесбаев)

Марапаттары

  • ҚР Үкіметінің Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты;
  • 2010 жылы "Мәдениет қайраткері" медалімен марапатталды;
  • 2012 жылғы Президент жарлығы бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды;
  • 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медалімен марапатталды;
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    XXI ғасыр

  • Сәуір 03, 2026

    Тау Жүйесі

  • Сәуір 02, 2026

    Мау Зыдоң

  • Наурыз 22, 2026

    Тәңір тауы

  • Сәуір 05, 2026

    Органикалық химия

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары