Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

"Шолпан" (1922), "Таң" (1924) журналдарының ізбасары саналады. Алғашқы саны 1928 жылы жарық көрген. Әр жылдары "Жаңа әдебиет" (1928 - 32), "Жыл құсы", "Әдебиет

Жұлдыз журналы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
 Басқа мағыналар үшін Жұлдыз (айрық) деген бетті қараңыз.

"Жұлдыз" — Қазақстанның республикалық әдеби журналы.

"Шолпан" (1922), "Таң" (1924) журналдарының ізбасары саналады. Алғашқы саны 1928 жылы жарық көрген. Әр жылдары "Жаңа әдебиет" (1928 - 32), "Жыл құсы", "Әдебиет майданы" (1932 - 39), "Майдан" (1941 - 45), "Әдебиет және искусство" (1939 - 41; 1945 - 57) атауымен шығып тұрған. 1957 жылдан "Ж" деген атпен шығады. Жұрналдың қалыптасуына қазақ әдебиетінің классиктері Б.Майлин, I.Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов көп еңбек сіңірді. Алғашқы редакторы - С. Сейфуллин. Журналға Ғ. Мүсірепов, 3.Қабдолов, Ә. Нұрпейісов, С. Мәуленов, Ш. Мұртаза, Б.Тілегенов, М. Мағауин әр жылдары бас редактор болған. Журналдың "проза", "поэзия", "Ислам тағылымы", "Әдеби мұра", "зерде", "әдебиеттану", тағы басқа бөлімдерінде қазақ ақын-жазушыларының жаңа шығармалары, өнер туындылары, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне, өнері мен әдебиетіне қатысты мақалалар жарияланады. Қазақстан суретшілерінің шеберханасынан алынған суреттер жеке беттерде беріледі.

Құрылтайшысы: "Қазақ газеттері" жабық акционерлік қоғамы.

Тарихы

«Майдан» (қазіргі «Жұлдыз») - Қазақстан жазушылар одағының әдеби және саяси-бүқаралық журналы.

  • 1941-1945 жылы аралығында шығып тұрған.

Журнал Қ.Сатыбалдиевтің «Абай жастық туралы» (1945, № 2) деген мақаласында ақын өлеңдерінің жастар тәрбиесіндегі атқаратын қызметін талдап, Абайдың ерлікке, адалдыққа үндейтін, ел мүддесін қорғауға шақыратын тұжырымдарын алға тартады. Ал Н. Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Сауранбаевтың «Абайдың әлеуметтік көзқарасы» (осында) атты мақаласында ақынның қоғамдық құрылысқа қатысы, ел ішін жайлаған әлеуметтік теңсіздікке қарсы өткір сыны жан-жақты талқыланады. Ақынның әділеттілік, адамгершілік жолындағы Ұлықыққа, зорлық-зомбылыққа, рулық-тайпалық қоғамға негізделген қанауға қарсы күресін ашып көрсетеді.

Журнал осы санында оқырмандарды ақынның бұрын жарияланбаған «Домбыраға қол соқпа...», «Ойға түстім, толғандым...»дегене екі өлеңімен таныстырды.

Бас редакторлары

  • Алғашқы редакторы — С.Сейфуллин.
  • Ө.Тұрманжанов (1935—1937),
  • М.Тиесов, Ғ.Мұстафин (1940—1948),
  • Т.Ахтанов (1953—1954, 1971—1972),
  • 3.Қабдолов (1954—1957),
  • Ж.Молдағалиев (1958—1962),
  • Ә.Нүрпейісов (1962—1964),
  • С.Мәуленов (1964—1971),
  • Ш.Мұртаза (1972—1975),
  • Б.Тілегенов (1975—1988),
  • М.Мағауин (1988—2006),
  • Т.Медетбек (2006—2008),
  • Ұ.Есдәулет (2008-20018)
  • Ғ.Жайлыбай.
Жоғары